• Latest
Түркістан облысы Сауран ауданында «Аналар» энциклопедиясына енген ұстаз тұрады

Ұстаздық деген ұлы есімге кір келтірмеу керек

13/11/2023
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

05/06/2025
Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

04/06/2025
Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

04/06/2025
Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

03/06/2025
Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

03/06/2025
Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

03/06/2025
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

03/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 8, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Ұстаздық деген ұлы есімге кір келтірмеу керек

13/11/2023
in Қоғам
0
Түркістан облысы Сауран ауданында «Аналар» энциклопедиясына енген ұстаз тұрады
498
SHARES
1.4k
VIEWS

Қатира Шалаева 1988 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, кейін жоғары біліктілік алған тәжірибелі ұстаз. Оқушылары Республикалық, Ұлттық зияткерлік олимпиадаларының жүлделерін иеленген үздік балалар. Қала деңгейіндегі семинарларда озат тәжірибесімен бөлісіп, үлгілі ашық сабақтарын өткізіп жүрген тәжірибелі мұғалім. «Соңғы жылдары мұғалім беделі түсіп кеткен болатын. Көп жылдар әкімшілік тарапынан ұйымдастырылатын қоғамдық жиындарды өткізуге мұғалімдер тартылатын. Көше кезіп, үй аралау, тұрғындардың есебін алу, сайлау қағаздарын тарату сынды бейнеттен арылмадық. Қалаға келетін лауазымды тұлғаларды күтіп алуға күннің суығында, аптап ыстықтарда да көше бойына балаларды алып шығып шаршап жүретін де мұғалім. Әріптесіміз, «QAZBILIM» білім орталығының жетекшісі, Hұр-Сұлтан қаласында Қ.Мұхамедханов атындағы №71 мектеп директоры, танымал педагог Аятжан Ахметжанның «Қазіргі мұғалім жалтақ, ойын ашық айта алмайды, принципшіл емес. Мұғалімді әкімдіктер қол баласындай жұмсайды. Мұғалім көше кезіп жүрсе, көше сыпырып жүрсе, онда қандай бедел болмақ? Мұғалім білім берумен ғана айналысуы тиіс. Өзін озық педагог ретінде ұдайы жетілдіріп, әр сабағына зор дайындықпен барып, шығармашылық ізденіспен дәрісін өтетін болса, білім саласында ілгерілеу болады» деген болатын.

…Шүкір делік, әрине. Кейінгі кезде жағдайымыз жақсарып келеді. Министр А.Аймағамбетовтің қолға алуымен білім саласында біраз игіліктер болып жатыр. Көп мәселені шешіп келеді. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» туралы арнайы заңы қабылданып мәртебеміз айқындалды. Соған сай, жалақымызды көтерді. Бұрынғыдай бей-берекет қоғамдық жұмысқа тартылып, көше аралау, әкімдіктің іс-шаралары мен саясатын насихаттау т.б. жұмыстардан арылып келеміз», -дейді ол.

–Ал, білім сапасы ше? Кәсіпкер тауар өндіріп тұтынушының сұранысын қанағаттандырады. Ал мұғалімнің өнімі – алдындағы шәкірттері емес пе? Сондықтан мұғалімнің басты көрсеткіші – оның категориясы, атағы мен марапаты да емес, меніңше дайындаған білімді шәкірттері деп ойлаймын. Бұл жөнінде не айтар едіңіз? – деген сауалымызды қойған едік.

–Әлбетте, білім сапасы басты көрсеткіш. Білімді оқушыны дайындау, білім сапасын көтеру мектептің басты міндеті болуы керек. Білім негізі бастауышта қаланады. Сол себепті, бастауыш сыныпта баламен көп жұмыс істейміз. Баланың дені сау болу басты мәселе. Басқаны білмедім, бастауыш сыныпта балаға ата-ана тарапынан да қатты қадағалау қажет. Ата-ананың өзі де «жартылай мұғалім» болып екі жақты қадағалау болса игі еді. Ата-ана мен ұстаз тығыз байланыста жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Қазір мектеп бағдарламасы өте күрделі. Сондықтан да, мұғалімге артып қоймай, екі жақтан балаға көңіл бөлсек, нәтиже болады. Отыз бес жылдық ұстаздық тәжірибемде бір байқағаным: анемия анадан туған балалардың есте сақтау қабілеті, зердесі төмен болады екен. Арамызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз емес. Сондай отбасының балаларында йод тапшылығы, темір тапшылығы, қан аздығы байқалып тұрады. Ол балалар тез шаршап қалады, қабылдау деңгейі де төмен болады. Бұл жағдайды жас ата-аналарға көп ескертемін: балаңыздың дені сау болсын ең бастысы деймін. Дені сау баладан қай жағынан болсын нәтиже күтуге болады. Мұнымды оң қабылдап, келісетіндері, дер кезінде дәрігерге қарататындары да, өзіңе дау айтып, қарсы шығатын ата-аналар да кездеседі», – дейді Қатира Нұрхатқызы бізбен әңгімесінде.

«Көп жылдық ұстаздық тәжірибемде баланың психологиясын, жан-дүниесін бес саусақтай біліп алдық, меңгердім деуге болады. Бір бала мақтау сүйеді, бір бала қаталдықты талап етеді, бірін тек алдарқатып қана жұмыс істей аласың. Баланың жан-дүниесі криссталдай таза, мөлдір. Бала оқыту, тәрбиелеу бір жағынан қиын да күрделі.Әрі қызық, ләззатты еңбек. Мұғалім беделі ұзақ жылдар ыждағатты жұмыспен, еңбекпен көтеріледі. Бір жағы үйдегі тәрбиеге де қатысты. «Оқы» деп тек ұстаз ғана емес, ата-ана тарапынан да «оқы, бізді ұятқа қалдырма» деп айтылып отыруы керек. Бүгінде «ет сенікі, сүйегі менікі» деген қағидамен жүретін ата-ана сирек. Керісінше, пәле іздеп, ұстазды жығып беруге әзір ата-аналар көп-ақ. Мұның да өз кезегінде мұғалім беделіне кері әсері бар».

 

«…Өзім Түркістандағы педагогикалық училищені бітіргенмін. Кеңес кезінде педучилище, пединституттар білікті педагог кадрларды даярлайтын. Училещеден алған білімім әлі күнге азық болып келеді. Педучилищенің берген білімі, (артық айтсам кешіріңіз), бүгінгі университеттердің берген білімінен артық деп айта аламын. Оқыту методикасын да, технологияны да жақсы меңгеріп шыққан екенбіз. Кеңес кезіндегі педучилищелер бастауыш сынып мұғалімдерін өте сапалы дайындап шығарғанын бүгінде тәжірибеден көріп, көзіміз жетіп отыр. Сондай сапалы білім ошағын бітіріп шыққаныма шүкіршілік етемін».

Иә, соңғы кезде Білім министрлігі мұғалімдердің жалақысын көтергесін, мұғалімдік мамандыққа оқуға тапсырушыларға да талапты жоғарылатты. Мұғалім болғысы келетін талапкер, грант емес, ақылы бөлімге түсуі үшін ҰБТ-дан кемі 70 балл жинауы тиіс. Жұмысқа тұруда да талапты күшейтуде. Тест тапсыру арқылы жұмысқа қабылдау жүйесін енгізді. Мектепке жұмысқа орналасуда мейлінше ашықтықты сақтауды үрдіске айналдырсақ деген ниет бар. Бұл, әрине, қуанарлық та құптарлық жайт, жақсы үрдістер.

Ұстаз деген ұлы есім. Біздің бала күнімізде ұстаз деген идеал болушы еді.Ұстаз тұлға еді. Ұстазға қарап бой түзеп, ой түзейтінбіз, сол кісілердей болсақ деп қызығатынбыз. Әрбіріміздің жүрегімізде ұстазға деген зор құрмет жатыр. Өйткені, өмірден өз орнымызды табуда, «дүние кетігіне» кірпіш болып қалануда ұстазымыздың еңбегі зор болды. Ал, бүгінгі ұстаздар туралы осыны айтуға бола ма? Осы сұрақты кейіпкерімізге де қойғанбыз.

«Мектептерде білімді, талапты, жақсы педагогтер жоқ емес. Бар. Бірақ бүгінгі мұғалімнің дені барын балаға беріп «жалықпай ұстаздық етуде» ыждағаттылық жетіспейтіндей. Ерінбей еңбектенетіні де бар ғой арасында, көпке топырақ шашқандай болмайын. Дегенмен, олардың еңбегін бағалау, мотивация жүйелі емес секілді. Бәлкім, қалыптасқан жүйеден де болар. Қарап тұрсаң, жақсы мұғалім де, төмендеу мұғалім де бір жалақыны алады, бірдей марапатталады. Кейбіреулер аса білімді болмаса да өз тірлігіне пысық келеді, жолын тауып категориясын көтеріп алып, жақсы айлық алады. Біз енді, біраз жылда зейнетке кетеміз. Болашақ жастардың қолында. Болашақта білім жүйесі өзгерсе, жетілдірілсе деймін. Жоғары, жақсы айлық баланы жақсы оқытқан ұстазға төленетін болса деймін. Ынталандыру дұрыс болса білім саласында әділ бәсекелестік болар еді. Бәсекелестік болған жерде сапа да болады деп ойлаймын», – дейді Қатира Нұрхатқызы бізбен әңгімесінде.

Previous Post

Ұстаздық пен жазушылықты серік еткен түркістандық азамат

Next Post

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы...

Related Posts

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде орналасқан Түркістан көпсалалы - техникалық колледжінде жастардың, студенттердің қатысуымен  «Мамандығым-болашағым» тақырыбында ашық есік күні өтті....

Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың  төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 6 мәселе қаралып,...

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй қорынан пәтер алу, жердің нысаналы мақсатын...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Бүгін – Дүнижүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Елімізде 5 маусым – эколог мамандардың кәсіби мерекесі санатында атап өтіледі. Қазақстан жаһандық...

Next Post
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы…

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы...

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,497)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page