• Latest
Білікті ұстаз білімнен бұрын тәрбие береді

Білікті ұстаз білімнен бұрын тәрбие береді

13/11/2023
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

05/06/2025
Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

04/06/2025
Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

04/06/2025
Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

03/06/2025
Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

03/06/2025
Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

03/06/2025
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

03/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Friday, June 6, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Білікті ұстаз білімнен бұрын тәрбие береді

13/11/2023
in Қоғам
0
Білікті ұстаз білімнен бұрын тәрбие береді
515
SHARES
1.5k
VIEWS

Ұлжан Жолдасова 2015 жылдан бері Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Оған дейін (1999 жылдан) Қожа Ахмет Ясауи атындағы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеттерінде ұстаздық еткен Ұлжан Махамбетқызы бүгінде дарынды балаларды ғылыми жобалар сайысы мен пәндік олимпиадаларға, түрлі интеллектуалдық жобаларға дайындап, шәкірттердің ғылыми-шығармашылық ізденісін арттыру бағытында жемісті еңбек етіп келеді. Ұлжан Маханбетқызы «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген хәкім Абайдың асыл сөзін ұстаным етіп, оқушыларға ана тілінің қасиетін ұғып, әдебиетті сүюге баулып жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі. Ұлжан Жолдасованың 50-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалары мен бірнеше оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Біз бала жанына үңіле білген тәжірибелі тәлімгермен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Қазіргі мұғалімнің келбеті қандай? Ол шығармашылық қабілеттерді дамытуға жағдай жасайтын, оқушылардың оқуға деген құштарлығын оята алатын, өз білімін толық іске асыратын және өзін дамытып отыратын адам деп айта аласыз ба? Қысқасы, бүгінгі ұстаз қоғамда тұлға деңгейінде қабылдана ма?

– Сіз қолданылып отырған «мұғалім келбеті» деген сөзді «мұғалім болмысы» ұғымымен алмастырып қолданғанды жөн көріп отырмын. Себебі, мұғалім қызметінің мәнін болмыс сөзі дәлірек ашатын секілді. Келбеттің келісті болуы – маңызды шарттың бірі. Алайда, болмысында ұстаздық қасиеті жоқ адамның келісті келбеті мәселені толық шеше алмайды. Сондықтан мұғалім болмысы оның қоғамдағы келбетін танудың басты кілті болуы тиіс деп есептеймін.Оқыту – мәніс (теория – А.Байтұрсынов) пен әдісті үйлестіріп, шығармашылықпен астастыра жүргізетін жұмыс. Білім, тәжірибе мен өнер мұғалім болмысынан аңғарылып тұруы керек. Игерген білімін оқыту өнерінің әдістері арқылы шәкіртінің көңіліне құя білген ұстазды тұлға деп есептесе болады. Алайда, мұның оңай еңсерілмейтін шаруа екендігін ұстаздар қауымы өте жақсы біледі. Білімді ұстаздың әдісі кем болса, кейде әдіске жетік маманның білімінен кемдік көрініп қалады. Оқыту ісіне ұстаздық болмысын адал жұмсаған адамның тұлға деп бағаланары сөзсіз. Қазіргі кезде де тұлға биігіне көтерілген ұстаздар аз емес. Алайда, ұстаздың елге тұтқа болатын тұлға-шәкірт тәрбиелеп шығаруы одан да маңызды деп ойлаймын.

– Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаны белгілі. Ұстаздардың қоғамдағы дәрежесі айқындалып, әлеуметтік жағдайлары жақсарғаны қуантарлық жәйт. Мәселе материалдық жағдаймен шектелмейді ғой. Жалпы, педагог мәртебесі дегенді қалай ұғасыз?

– «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданғанына шын қуандым. Білім үйретумен айналысатын адамға құрмет жоқ елде болашақ болмайды. Себебі, қай дәуірде де ата-бабамыз мұғалімдік істі ең абыройлы қызметтің қатарына жатқызған. Ілім игерген кісіні айтпағанның өзінде сауаты бар кісіні қадірлегенінің өзі көп жайды аңғартады. Мағжан ақынның «…алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын, төр – мұғалімдердікі» деген атақты сөздің жалғасы былайша сабақталады: «Бүгінгі күні де ұстаздарды осы құрметті биіктен түсірмеуге барынша әрекет жасалуда. Себебі, жақсы ұстаз ғана адал шәкірт тәрбиелеп шығара алады». Демек, ұстазға құрмет көрсету – бар жақсылықтың бастауы. Педагог мәртебесі, менің ойымша, елдің мәртебесі. Ұстазға құрметпен қараған кісіні еліне жанашыр адам деп бағалаймын. Жақсы ұстазға төрден орын берген елдің болашағы жарқын болмақ.

– Бүгінгі қоғамда ұстаз беделі төмендеп кетті деген түсінік қалыптасқан. Мұғалім беделі қайткенде көтерілмек?

– Білім министрлігінің мұғалім мәртебесіне қатысты қазіргі саясаты дұрыс бағытта деп ойлаймын. Мұғалімнің жолбасшылық миссиясын жақсы түсінгендіктен, алдымен жалақыны көтеруді қолға алды. Бұл жағдай ұстазды әлеуметтік мұқтаждықтан арылтып, жұмысын ықыласпен атқаруына жол аша бастады. Шәкірттер арасында, әсіресе, мектепті үздік бітірген түлектер арасында мұғалімдік қызметті таңдаушылар саны арта түсті. Әрине, мұның бір қыры жалақы мөлшерінің артуына байланысты екендігі рас. Дегенмен мұғалімдік қызметке ықылас білдірушілер саны көбейген сайын, сапа да көтерілетіні анық. Білімнің сапасы артқан сайын мұғалімнің мәртебесі де арта бермек. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы «Қазақша оқу жайынан» мақаласында: «Бала оқытуын жақсы бiлейiн деген адам əуелi балаларға үйрететiн нəрселерiн өзi жақсы бiлерге керек, екiншi, баланың табиғатын бiлiп, көңiл сарайын танитын адам боларға керек. Оны бiлуге баланың туғаннан бастап, өсiп жеткенше тəнiмен қатар ақылы қалай кiретiн жолын бiлерге керек. Баланың iсiне, түсiне қарап, iшкi халінен хабар аларлық болу керек», – деп жазды. Осы талап бүгін де, кейін де өзекті болып қала бермек. Аталған үдеден шыққан ұстазға құрмет қай уақытта да жоғары.

– Ұстаздың бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?

– «Баланың көңіл сарайын танитын» (А.Байтұрсынұлы) ұстаз шәкіртінің шырағын қалай жақсам екен деген ойда жүреді деп сенемін.

– Білім сапасына көңіліңіз тола ма? Орта білім саласында қандай өзекті проблемалар бар? Жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?

– Мұғалімдік қызметті мемлекеттік маңызы зор іс деп ұғынбайынша, білім сапасы арта қоймайды. Соңғы уақытта мектеп оқулықтары көп сыналып жүр. Сыналатын жөні бар. Оқыту саласына жаңа жүйе арқылы енген тың бағыттар мен әдістер тиянақты сараланбай, тәжірибеде шыңдалмай оқулықтарға еніп кетті. Оның кемшілігі оқыту үдерісі кезінде анық байқалды. Оқулық авторлары өз еңбектерін қосымша ресурс көзі деп қарауды ұсынды. Мектеп оқулығы, менің ойымша, алтын қазық болуы тиіс. Себебі, пән жайындағы негізгі таным мен пайым, пәндік ұғымдар мен терминдер сол жерден алынады. Өкінішке орай, әу баста оқу бағдарламасында кеткен кемшіліктер оқулықтан көрініс тапты. Мәселен, қазақ әдебиеті пәні оқулығында ұсынылған кейбір шығармаларға әдеби талдау жасау мүмкін емес. Шығарманың мазмұны жұпыны. Кейбір шығарманың мазмұны терең болғанымен, берілген сыныптың жас ерекшелігіне сай келмейді. Мұндай кемшілік 5-11-сынып оқулықтарының бәрінде бар десем қателеспеспін. Білім сапасының артуына сапалы оқулықтың ықпалы зор. Оқулық авторының мектептегі оқыту ісіне жетік болуы міндетті. Бала оқытатын ұстаз, ұстаз қолданатын оқулық, оқулықты тұтынатын шәкірт мықты болмайынша, болашақтың жарқын болуы неғайбыл.

– Ұлжан Маханбетқызы, мазмұнды әңгіме сұхбатыңыз үшін рахмет. Шәкірт тәрбиелеуде шығармашылық табыстарға жете беріңіз.

Previous Post

Түркістан: Елдің болашағы – білімді жастарда

Next Post

Баланың тұлғалық қасиеті дамитын тұс - мектеп

Related Posts

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде орналасқан Түркістан көпсалалы - техникалық колледжінде жастардың, студенттердің қатысуымен  «Мамандығым-болашағым» тақырыбында ашық есік күні өтті....

Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың  төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 6 мәселе қаралып,...

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй қорынан пәтер алу, жердің нысаналы мақсатын...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Бүгін – Дүнижүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Елімізде 5 маусым – эколог мамандардың кәсіби мерекесі санатында атап өтіледі. Қазақстан жаһандық...

Next Post
Ұстаздық – ұлы кәсіп

Баланың тұлғалық қасиеті дамитын тұс - мектеп

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,497)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page