Бүгін Арыс қаласының тумасы, қаламыздың және Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, көрнекті қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президентінің Құрмет грамотасы мен «Құрмет» орденінің иегері, салиқалы ғұмыры мен бiлімін мемлекетiмiздiң дамуына, өркендеуiне жұмсаған Төлебек Қосмамбетов ағамыз өмірден озды.
Төлебек ағамыздың мезгілсіз қазасына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына кайғырып көңіл айтамыз.
Абзал ағаның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады!