Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамту бағытында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи-мәдени ескертшіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Аудан орталығы Ленгір қаласындағы «Жеңіс» саябағындағы бір гектарға жуық аумақта орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткіші маңында, Зертас және Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі Ұлы Отан соғысы аллеясында, Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі саябақта тазалық жұмыстары өтті. Шара барысында ескерткіш айналасын күл-қоқыстан тазалап қана қоймай, саябақтағы ағаш түптері қопсытылып, әктелді.
Абаттандыру және көркейту жұмыстары жоспарға сай атқарылды. Тазалық шарасына аудан тұрғындарымен қатар еріктілерден құралған 210 адам қатысты.