«Киелі мекен» апталығы аясында Бәйдібек ауданындағы кесенелердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылуда. Атап айтқанда, Бәйдібек ата және Домалақ ана кесенесі, Аппақ ишан сәулет-көркем мұражайы мен Ақмешіт үңгіріне сенбілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кесенелердің аумағына түрлі ағаш көшеттері отырғызылуда. Игі бастаманың басы-қасында жүрген жастар аудандағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің келбетін ретке келтіру жұмыстарын да атқаруда.
Жалпы аудандағы сенбіліктерге аймақ тұрғындары белсенді түрде қатысуда. Әрбір ауылдағы көшелер тазаланып, қоқыстар арнайы орындарға техникалармен шығарылып жатыр. Сонымен қатар, ретсіз өскен және қураған талдар бұталып, түптері әктелуде.