Ағымдағы жылы Шауғар секторында М.Мұрсынов көшесі №1А Орналасқан стадионды реконструкциялау, Түркістан қаласында тарихи-мәдени орталықтың шекара маңы аймағын абаттандыру, инженерлік инфрақұрылым салу, жол белгілері т.б, Абылайхан көшесінде ойын алаңшасы салынды, Ғ.Мұратбаев мектебі бойындағы ойын алаңшасының құрылысы жүреді. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков«Шауғар» секторы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Қала көлемінде гидрантты жүйемен суғару жұмыстары 6 кезеңге бөлінген. 1-кезең Ботаникалық бақ аумағы (трапеция) 611 га, 62 шқ іске қосылған; 2-кезең Б.Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы, 620 га, 110 шақырым іске қосылған; 3-кезең Қазыбек би мен Жарылқапов көшесі аралығы, Батыс Қытай Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 га, 25 шақырым жұмыс жүргізілуде; 4-кезең Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс 320 га, 40 шақырым іске қосылған; 5-кезең Б.Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы
2023 жылға жоспар; 6-кезең Тұран аумағы гидрантты жүйемен қамтамасыз ету 2023 жылға жоспар; 7-9 кезеңдер 2024-2025 жылдарға жоспарлануда. Жалпы қала аумағында 68 000 адам жер кезегінде тұрса, 2023-2024 жылдар аралығында 486 га жер (5 000 участік) адамдарға бөлу жоспарлануда. Түркістан қаласының аумағы 22,4 мың гектар аумақта орналасқан. 2022 жылдың 1 тамыз айына халық саны 194 774 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артқан (2021 жылы – 187 998). Оның ішінде, Шауғар секторының аумағы 2,5 мың гектарда 48 660 адам бар.
Жалпы жыл басынан бері секторда 3 кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Атап айтсақ: 46 орындалды (12 инфрақұрылым, 25 жол мәселесі, 4 қоғамдық көлік, 3 электр жарығы және 2 әлеуметтік сала); 9 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде; 14 заңға сәкес түсіндірілді. Еңбек бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан қаласы бойынша 8 165 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Шауғар секторы бойынша 879 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын төленуде, 1116 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілуде.
Шауғар секторында Ұлы отан соғысының 1 ардагеріне 1 млн. теңгеге 80 тыл еңбеккелеріне 30 000 теңге төленді, 845 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілуде (174,6 млн.теңге бағытталды). Одан бөлек, қалада әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Аталған орталық 3 бағытта жұмыс атқаруда: тең қоғам; белсенді ұзақ өмір; әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.
Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 295,4 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланса, 10 айында 204 млрд.теңгеге инвестиция тартылды. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 217,8 мың ш.м. құрайтын 3392 пәтерлі (2683 пәтер несиемен, 709 пәтер кезекпен) 53 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
2022 жылдың 10 айында 200,9 мың шаршы метр құрайтын 3 152 пәтерлі 49 тұрғын үй берілген. Бүгінгі таңға 14 839 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әлсіз топ және көп балалы отбасыларға 709 пәтермен қамтылып, нәтижесінде кезекте тұрғандар саны 14 130 құрайды.
Одан бөлек, жалпы қалада көпқабатты үйлер саны – 123. 46 – Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 54 – Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, 23 – Күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде, Шауғар секторында 17 көпқабатты тұрғын үй болса, 11 күрделі жұмыстары жүргізілген, 6 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.
Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жеке мектеп ұйымдары бар, оқушылар саны – 50 841. Оның ішінде, Шауғар секторында 10 692 баланы құрайтын 9 мектеп орналасқан. Сондай ақ, №58 М.Әбенова мектебі, №4 С.Рахимов жалпы орта мектебі 3 аусымға өту қауіпі бар. 2022 жылы – 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті (М.Әбенова мектебі, Б.Момышұлы №22 және Әйтеке би атындағы ЖОМ).
Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда (2 мектеп РБ есесбінен, 9 мектеп Жайлы мектеп бағдарламасы аясында), оның ішінден Шауғар секторында 600 орынды құрайтын 2 мектеп құрылысы жоспарланған.
Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент (1877-сі қосылмаған) газбен жабдықтау желілеріне қосылды.
Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент (дербес шот ашылғаны – 31 240, техгикалық атқарушы құжат рәсімделуде – 3 266, құжаттар рәсімделуде – 3 554) немесе қала тұрғындардың 91,1% дербес шот ашып пайдалануда. Оның ішінде, Шауғар секторы бойынша 8 911 абонент болса 7 715 абонент газ пайдалануда.
Табиғи газбен қамтылмаған көпқабатты тұрғын үйлер 57 (2 ағаш үй) құраса, Шауғар секторында 17 үй (табиғи газ пайдалануда- 10, үйді газдандыру бойынша жұмыстары жүргізілуде-7).
Тұрғын үйлерді табиғи газға қосу «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша коксиалды түтін шығатын мұржа орнату қажет. Қазіргі таңда 4 үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдау жұмыстары жүргізілуде.