Әлемнің жетекші елдерінің бірі Францияның АЭС арқылы электр энергиясын өндірудегі тәжірибесі және Түркияның АЭС арқылы энергия өндіру ниеті басқа дамушы елдерді де атом электр станцияларын салуға құмбыл қылып отыр. Қазақстан да бұл мәселеге бей-жай қарамай, АЭС салу мүмкіндігін бұрыннан қарастырып келеді. 1997 жылдан бастап АЭС салу қажеттілігі туралы түрлі ойлар айтылып, ескі Маңғыстау АЭС-і орнына жаңа АЭС салу мәселесі бірнеше рет көтерілген.
2020 жылы АЭС құрылысы тағы да күн тәртібіне келді. АЭС салу мәселесі Қазақстан халқының ерекше назарында болып, ел энергетикасының болашақ болжамын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Чернобыль мен Фукусима оқиғалары және Семей аймағындағы ядролық бомба сынақтары қазақстандық қоғамға ауыр жарақат әкелгендіктен, Қазақстан ядролық апаттар мәселесіне ерекше назар аударады. Бұл жағдайлар өңірдегі ядролық энергетикалық технологияларға жұртшылықтың алаңдаушылығы мен сенімсіздігін қалыптастыруда маңызды рөл ойнайды. Сондықтан Қазақстанда АЭС құрылысы туралы шешім қабылдау жан-жақты талқылауды қажет етеді. Алайда, барлық қауіпті ескере отырып, қазіргі уақытта дамыған елдерде болып жатқандай өндіріс секторларын және электр энергиясына деген жалпы қажеттіліктерді қанағаттандыруда ядролық энергетика елдің экономикасына оң әсер ететін энергия көзі ретінде есептеуге болады.
Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электрэнергиясын өндіру көмір және газбенқуаттанатын жылу электр станцияларынақарағанда әлдеқайда арзан. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электрстанцияларында өндірілетін электрэнергиясының құнындағы артықшылық өзіне ерекше назар аудартады. Қазақстан – уранға өте бай ел.
Қабылбек Еспенбетов – Созақ ауданының ардагерлер кеңесі төрағасы