Бүгін аудан әкімдігінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай аудан әкімінің орынбасары Б.Бөкебаев дін өкілдерімен кездесті. Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, бөлім мамандары, зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев қатысты.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев:
– Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Бұл мерекеге биыл 32 жыл толып отыр.
Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі. Тұтастай алсақ, діни ахуал тұрақты -деді.
Кездесу барысында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев сөз сөйлеп, бірлік пен дінаралық татулық жолында дін өкілдерінің еңбегі жоғары екендігін айтып, бүгінгі мерекелерімен құттықтады.
Кездесуде аудандық «Дервиш али» орталық мешітінің бас имамы Б.Акауов пен мешіт имамдары сөз сөйлеп, бүгінгі кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, 18 қазан – Рухани келісім күнінің маңызы туралы айтты. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаев кездесуге келген дін өкілдеріне алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Кездесуге келген дін өкілдері естелік суретке түсті.