• Latest
Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімі соғыс ардагерін құттықтады

Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімі соғыс ардагерін құттықтады

10/06/2025

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

10/06/2025
Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

10/06/2025
Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

10/06/2025
Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

10/06/2025
Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

10/06/2025

Жеңістің 80 жылдығына орай Ордабасы ауданында «Ер есімі — ел есінде» ескерткіші ашылды

10/06/2025
Ордабасыда Отан үшін от кешкен батырлар рухына тағзым мен құрмет көрсетілді

Ордабасыда Отан үшін от кешкен батырлар рухына тағзым мен құрмет көрсетілді

10/06/2025
Сайрам ауданында жедел-тактикалык жаттығу  өткізу туралы

Сайрам ауданында жедел-тактикалык жаттығу өткізу туралы

10/06/2025
Ордабасы ауданында тылда жеңісті жақындатқан «Ана даңқы» иегері марапатталды

Ордабасы ауданында тылда жеңісті жақындатқан «Ана даңқы» иегері марапатталды

09/06/2025
Ордабасы ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым ұрпаққа үлгі» атты іс-шара өтті

Ордабасы ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым ұрпаққа үлгі» атты іс-шара өтті

09/06/2025
Ордабасыда Мейіргерлер күні аталып өтті

Ордабасыда Мейіргерлер күні аталып өтті

09/06/2025
Ордабасы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ мекені» атты шара өтті

Ордабасы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ мекені» атты шара өтті

09/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, June 14, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімі соғыс ардагерін құттықтады

10/06/2025
in Қоғам
0
Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімі соғыс ардагерін құттықтады
492
SHARES
1.4k
VIEWS

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады.  101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады. 1924 жылы дүниеге келген Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында шайқастарға қатысқан. «Құрмет белгісі», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және де басқа да көптеген мерейтойлық мадельдармен марапатталған.  1947 жылы Бөржар ауылында «Сталин» колхозының бригадирі болып, 1973 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеді. Ол «Коммунистік еңбектің екпіндісі», «Оныншы бесжылдықтың соққысы», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» болды. Қазіргі таңда 6 ұл мен 2 қыздан 31 немере мен 34 шөбере көріп отырған бақытты ардагер.  Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілді. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен қаржы қаралған. Өңірден Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанды. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады.

Тарихта адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелген, миллиондаған адамның өмірін қиған зұлмат соғыстардың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Бұл соғыс Кеңес Одағы халықтары үшін ауыр сынақ болды. Сол жылдары әрбір өңір, әрбір отбасы, әрбір адам соғыс майданында да, тылда да жан аямай еңбек етті. Солардың қатарында қазіргі Түркістан облысы тұрғындарының да ел қорғаудағы ерлігі мен тылдағы табанды еңбегі ерекше орын алады. Соғыс басталған кездегі халықтың бірігуі. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт халыққа қарсы соғыс ашты. Бұл соғыс барлық кеңес азаматтарына, соның ішінде Қазақстан халқына да үлкен ауыртпалық әкелді. Қазақ елі жұмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, майданға аттанды. Түркістан облысы тұрғындары да Отанды қорғау жолында ерлік танытты. Түркістан облысынан 140 мыңнан астам азамат соғысқа аттанды. Олардың басым көпшілігі ерлікпен шайқасты, майдан даласында қаза тапқандары да, хабарсыз кеткендері де аз емес. Бұл өңірден шыққан көптеген азаматтар Кеңес Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталды, олардың кейбірі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Майдандағы ерлік. Түркістан өңірінен шыққан талай батыр жауынгерлер майдан шебінде ерлік көрсетті. Солардың бірі – Кеңес Одағының Батыры Садықбек Есенқұлов. Ол соғыс кезінде ерекше батырлығымен танылып, жауға қарсы шайқастарда алдыңғы шепте жүрді. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасовтың шәкірті болған палуан Жақсылық Үшкемпіров та ел ішінен шығып, ел рухын көтеріп жүрген тұлғалар қатарында болды. Түркістандық жауынгерлер Сталинград, Мәскеу, Ленинград, Курск сияқты шешуші шайқастарда ерлікпен шайқасты. Олар өз өмірлерін құрбан ете отырып, болашақ ұрпақтың бейбіт өмір сүруіне жол ашты.

Тылдағы еңбек – жеңістің екінші майданы. Соғыстың екінші майданы – тыл еді. Түркістан облысы тұрғындары егін егіп, мал бағып, киім-кешек пен азық-түлік жөнелтіп, майданға көмек көрсетіп отырды. Әйелдер, қарттар мен балалар күн-түн демей, ауыр еңбек атқарды. Олар бір уыс бидайды да майдандағы жауынгерлерге жеткізуге тырысты. Түркістандық диқандар мен малшылардың қажырлы еңбегі арқасында майдан азықпен, киіммен қамтамасыз етіліп отырды. Мысалы, Мақтаарал, Сайрам, Отырар, Қазығұрт аудандары мақта өсірумен айналысып, майданға қажетті мақта мата, бинт, форма жіберіп отырды. Мақта – соғыс үшін маңызды шикізаттардың бірі болғандықтан, бұл өңірдің еңбегі орасан зор болды. Сонымен қатар, Түркістан өңірінде құрылған эвакуациялық госпитальдарда жараланған жауынгерлер емделіп, қайта майданға аттанып отырды. Ұрпаққа аманат болған ерлік. Ұлы Отан соғысы – тек тарихи дерек емес, ұрпақ санасына сіңірілуі тиіс ерлік пен қаһармандықтың шежіресі. Түркістан облысындағы мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында соғыс ардагерлерінің ерлігін насихаттау жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып келеді. Мектеп оқушылары мен студенттер батырлардың өмірбаянын оқып, олардың ерен еңбегін білу арқылы отансүйгіштікке тәрбиеленуде. Түркістан облысында ҰОС ардагерлерінің есімдері көшелерге, мектептерге берілген. Ескерткіштер орнатылып, оларды еске алу шаралары жыл сайын өткізіліп келеді. Мұның бәрі – ұлттың рухани жадын жаңғыртатын, тарихты ұмыттырмайтын маңызды істер.  Ұлы Отан соғысында Түркістан облысының қосқан үлесі өте зор. Бұл өңірдің ержүрек ұл-қыздары майдан даласында да, тылда да ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Олардың ерлігі мен еңбегі – біз үшін мақтаныш, ұрпақ үшін өнеге. Сондықтан біз соғыс ардагерлерін ұмытпауымыз, олардың батырлығын насихаттап, бейбіт өмірдің қадірін білуіміз керек. Батыр бабалардың рухына тағзым етіп, еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы.

Соғыс — адамзат тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірі. Ұлы Отан соғысы — ХХ ғасырдың ең қасіретті беттерінің бірі болып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әлем халқының жүрегіне жазылмас жара салған оқиға. Осы ауыр заманда елі мен жерін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, майданға аттанған батырларымыздың ерлігі мен жанқиярлығы ешқашан ұмытылмауы тиіс. Олар — еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірін бәйгеге тіккен қаһармандар. Сондықтан соғыс ардагерлерін құрметтеу — әрбір азаматтың қасиетті борышы, ұлттық парызы. Бүгінгі бейбіт өміріміз, көгілдір аспанымыз, тыныш таңымыз — барлығы сол ардагерлердің ерлік істерінің жемісі. Олар от пен оқтың ортасында жүріп, болашақ ұрпақтың бақыты үшін жанын аямады. Майдан шебінде ғана емес, тылда еңбек еткен ата-әжелеріміздің де еңбегі ұшан-теңіз. Олар күн-түн демей жұмыс істеп, жауынгерлерге азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ дайындады. Ендеше, біз осы бейбіт өмірді сыйлаған жандарға құрмет көрсету арқылы өзіміздің адамгершілік қасиетімізді де айқындаймыз. Ардагерлерге деген құрмет — бұл тек жылына бір рет гүл шоғын қоюмен шектелмейді. Ол — күнделікті қарым-қатынаста, көмек көрсетуде, ізет білдіруде, олардың өмір жолына бас иіп, жас ұрпаққа өнеге етуімізде көрінеді. Ардагерлерді құрметтеу — тарихты ұмытпау, өткенге тағзым ету, болашақты бейбіт жолмен құру деген сөз. Қазіргі таңда елімізде ардагерлерге арналған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп, арнайы медициналық қызметтер ұсынылуда. Сонымен қатар мектептер мен колледждерде ардагерлермен кездесулер өткізіліп, олардың өмірі мен ерлігі туралы тағылымдық әңгімелер ұйымдастырылуда. Мұның бәрі жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.

Ардагерлер — тірі тарих. Олардың әрбір сөзі, әрбір естелігі — болашаққа бағдар беретін құнды мұра. Біз олардың ерлігі мен еңбегін ұлықтау арқылы елдік санамызды, ұлттық рухымызды нығайтамыз. Әрбір бала соғыс ардагері деген ұғымды естіп өсуі керек. Сол кезде ғана біз шын мәнінде бейбіт елдің лайықты ұрпағы боламыз. Соғыс ардагерлерін құрметтеу — бұл ұлт ретінде қалыптасудың, тарихқа деген жауапкершіліктің, адамгершілік пен руханияттың көрінісі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі — мәңгі, есімі — өшпес. Сондықтан ардагерлерге деген құрметіміз шексіз, алғысымыз мәңгілік болуға тиіс. Еліміздің болашағы үшін күрескен батырларымыздың алдында басымызды иіп, олардың амандығын тілеп, ұрпақтар сабақтастығын сақтай білейік!

Previous Post

Ордабасыда Отан үшін от кешкен батырлар рухына тағзым мен құрмет көрсетілді

Next Post

Жеңістің 80 жылдығына орай Ордабасы ауданында «Ер есімі — ел есінде» ескерткіші ашылды

Related Posts

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, мәдениет саласының шығармашылық қызметкерлері арнайы аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының, мәдениет бөлімінің басшысының және...

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, ауданымыздағы мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен мәслихат төрағасы ретінде құттықтап, олардың еңбектерін арнайы марапаттадық....

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

“Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне” орай іс-шаралар аудандар мен қалаларда жалғасын тауып жатыр. Бүгін Ордабасы Аудандық...

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Мемлекетімізде мұраты мен тілегі бір қаншама...

Next Post

Жеңістің 80 жылдығына орай Ордабасы ауданында «Ер есімі — ел есінде» ескерткіші ашылды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

10/06/2025
Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

10/06/2025
Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

10/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Жеңістің 80 жылдығына орай Ордабасы ауданында «Ер есімі — ел есінде» ескерткіші ашылды

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,512)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page