• Latest
Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

10/06/2025

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

10/06/2025
Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

10/06/2025
Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

10/06/2025
Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

10/06/2025

Жеңістің 80 жылдығына орай Ордабасы ауданында «Ер есімі — ел есінде» ескерткіші ашылды

10/06/2025
Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімі соғыс ардагерін құттықтады

Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімі соғыс ардагерін құттықтады

10/06/2025
Ордабасыда Отан үшін от кешкен батырлар рухына тағзым мен құрмет көрсетілді

Ордабасыда Отан үшін от кешкен батырлар рухына тағзым мен құрмет көрсетілді

10/06/2025
Сайрам ауданында жедел-тактикалык жаттығу  өткізу туралы

Сайрам ауданында жедел-тактикалык жаттығу өткізу туралы

10/06/2025
Ордабасы ауданында тылда жеңісті жақындатқан «Ана даңқы» иегері марапатталды

Ордабасы ауданында тылда жеңісті жақындатқан «Ана даңқы» иегері марапатталды

09/06/2025
Ордабасы ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым ұрпаққа үлгі» атты іс-шара өтті

Ордабасы ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым ұрпаққа үлгі» атты іс-шара өтті

09/06/2025
Ордабасыда Мейіргерлер күні аталып өтті

Ордабасыда Мейіргерлер күні аталып өтті

09/06/2025
Ордабасы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ мекені» атты шара өтті

Ордабасы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ мекені» атты шара өтті

09/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, June 14, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

10/06/2025
in Қоғам
0
Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды
492
SHARES
1.4k
VIEWS

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, ауданымыздағы мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен мәслихат төрағасы ретінде құттықтап, олардың еңбектерін арнайы марапаттадық. Мерекелік шара барысында өңіріміздің мәдени өміріне елеулі үлес қосып келе жатқан бірқатар қызметкерлерге алғыс білдірілді. Атап айтқанда, жақында ғана Мемлекет басшысының Жарлығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған ауданымыздың мәдениет қызметкері, белгілі әнші, “Ордабасы” фольклорлық халық ансамблі мен “Арай” халықтық вокалды аспаптар ансамблінің белсенді мүшесі Атамбаев Абай Сапарбекұлын салтанатты түрде құттықтап, шығармашылығына табыс тіледік. Сондай-ақ республикалық деңгейдегі байқауларда үздік нәтиже көрсетіп жүрген ауданымыздың «Дарын» тобының табысты еңбегі де атап өтілді. Бұл топтың өнер жолындағы табандылығы мен кәсіби шеберлігі аудан мәдениетінің мәртебесін арттырып келеді. Аталған марапаттар – ауданымыздың мәдениет саласында еселі еңбек етіп, руханият пен өнердің өркендеуі жолында аянбай тер төгіп жүрген шығармашыл жандардың еңбегіне деген шынайы құрметтің көрінісі. Барлық марапат иелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел мәдениетінің дамуына қосып жүрген үлестеріңіз бағалы, шығармашылық табыстарыңыз толастамасын, шабыттарыңыз әрдайым шарықтай берсін!

«Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы «Мәдениет тарихы – түптеп келгенде адамзат тарихы» деген. Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы, елдің рухани мұрасы, асыл қазынасы. Өйткені өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынғаны жасырын емес. Заманауи мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне беріліп, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы, ел дамуы үшін мәдениеттің де озық деңгейде дамуы қарастырылды. Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Осы орайда, қасиетті Байзақ жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту бағытында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді. Мәдениет — ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым. Себебі әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт – дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды. «Мәдениет» – адамзаттың даму кезеңінде пайда болатын тарихи құбылыс. Оның адам өміріне деген тигізетін ықпалы өте зор. Мәдениеттің әр ғасырға, заманға қажеттілігі мінсіз. Себебі, ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Жалпы «мәдениет» сөзінің анықтамалары өте көп. Және әр адамның бұл сөзді қабылдап, түсінуі де әр қалай. Адам баласының қалыптасу үрдісінде де мәдениет жатыр. Яғни ең алғашқы факторлары. Демек көру, сезу, жазу, сөйлеу сияқты бастапқы әрекеттер. Кейін уақыт өте келе жаңа жетістіктерге де қол жеткендері мәлім. Мысалы: аң аулау, тастан құралдар жасау, алғашқы еңбек бөліністері сияқты. Осындай нәтижелер алғашқы қауым, тайпалардың пайда болуына алып келеді. Бұл – адамзаттың мәдениетке деген бірінші қадамдары деп білеміз.  Осылай бірте-бірте елдің халыққа, халықтың ұлтқа, ұлттың мемлекетке айналуын көреміз. Мәдениетке толы мемлекеттің өзіндік тарихы, салт-дәстүрі, наным-сенімдері болады. Қазақ елі де ежелгі көшпенділердің  мұрасын сақтаған. Қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен тәлім-тәрбиеге бай болып келеді. Біздің әр ырым-жырымыздың өзіндік тәрбиелік мән-мағынасы бар. Қазақ қызына беретін тәрбиесі, кигізетін киімі, асыл жар ретінде өзін-өзі ұстауы бөлек бір ғажап дүние. Ананың балаға беретін тәлімі – баланың ана сүтінен дарыйды. Баланы жастайынан жауапты, ізетті, қысқасы адам болуға үйретеді. Тәртіпті ұрпақ болса, саналы болашақ болады деген түсінік қалыптасқан. Сол себепті мәдениеттің халық, орта, отбасы ішінде маңызы өте зор.

Ал қазіргі кезде «Мәдениет» сөзі өзге ұғымда жүреді деп ойлаймын. Себебі, уақыт өткен сайын, заман талабы өзгермей тұрмайды. Яғни, адамның өмірге деген көзқарасы жаңалай түседі. Айналамыздағы театр, мұражай, оқу мен мәдени орындар аз емес. Осындай ортада адам рухани мәдениетін арттыра алады. Және кітап, газет, журналдар оқу арқасында сөйлеу мәнеріңді дамытып, өмірге деген ой-өрісінің өзгеруі сөзсіз. Қазіргі, таңда адамның сауатты, білімді болуы заманның талабы. Шыны керек біз адам баласын көрген сәтте сырт-келбетіне, жүріс-тұрысына мән береміз. Оны жоққа шығару орынсыз. Ал егер адаммен жеке сөйлесіп, сырлассаң оның сөйлеу мәдениетіне, ойына, білімділігіне зер саламыз. Қазіргі таңда күннен күнге өмір қажеттілігі өсуде. Күнделікті жаңалықтар өмірге деген жаңа талпыныстарды талап етеді. Өйткені, уақыт бір орнында тұрмайды. Ол күнде жүру, өзгеру үстінде. Былайша айтқанда, өзен ағынынан қалып қоймау. Мен өз басым қазіргі адамдарды құмырсқаға теңеймін. Неге десеңіз, жердің түпкір түпкірінен адамдар заманға сай жаңаша толқын жіберіп, даму аясында. Яғни, күнделікті тіршілік. Бірақ менің ойымша, мәдениеттіліктің ең басты қағидасы тәрбиелік, адамдық, мейірімділік деп санаймын. Себебі, адамның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауы, басқа адамдармен қарымқатынасы әулеметтік шындықтың басым көрінісі болып саналады. Рухани байлық пен ізгі ниеттілік ешқашан жамандыққа апармайды, керісінше адам мен адамды жақындастырады. Қазіргі заман қандай дамыған болғанымен, жамандық пен жақсылық қатар жүреді. Өмір заңы ақ пен қарада. Жақсылық қандай көп болса да, жамандық қалыспайды. Адами қасиеттерден арылуымыз аздап қорқыныш үрейін еселейді. О.Сүлейменов атамыз айтқандай; «Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері». Осындай тұжырымдардан кейін адамдық пен мейірімділікке ұмтыламыз. Сол себепті, мәдениеттіліктің адам өміріндегі қызыметі өте маңызды. Адамның жасына емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалаумыз керек деп ойлаймыз.

«Мәдениет» – адамзаттың даму кезеңінде пайда болатын тарихи құбылыс. Оның адам өміріне деген тигізетін ықпалы өте зор. Мәдениеттің әр ғасырға, заманға қажеттілігі мінсіз. Себебі, ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Жалпы «мәдениет» сөзінің анықтамалары өте көп. Және әр адамның бұл сөзді қабылдап, түсінуі де әр қалай. Ал менің ойымды талқылайтын болсақ ежелгі тас ғасырына оралайық. Адам баласының қалыптасу үрдісінде де мәдениет жатыр. Яғни ең алғашқы факторлары. Демек көру, сезу, жазу, сөйлеу сияқты бастапқы әрекеттер. Кейін, уақыт өте келе жаңа жетістіктерге де қол жеткендері мәлім. Мысалы: аң аулау, тастан құралдар жасау, алғашқы еңбек бөліністері сияқты. Осындай нәтижелер алғашқы қауым, тайпалардың пайда болуына алып келеді. Бұл – адамзатының мәдениетке деген бірінші қадамдары деп білеміз.  Осылай бірте-бірте елдің халыққа, халықтың ұлтқа, ұлттың мемлекетке айналуын көреміз.   Мәдениетке толы мемлекеттің өзіндік тарихы, салт-дәстүрі, наным-сенімдері болады. Қазақ елі де ежелгі көшпенділердің  мұрасын сақтаған. Қазақ халқының мәдениеті – салт-дәстүр мен тәлім-тәрбиеге бай болып келеді. Біздің әр ырым-жырымыздың өзіндік тәрбиелік мән-мағынасы бар. Қазақ қызына беретін тәрбиесі, кигізетін киімі, асыл жар ретінде өзін-өзі ұстауы бөлек бір ғажап дүние. Ананың балаға беретін тәлімі – баланың ана сүтінен дарыйды. Баланы жастайынан жауапты, ізетті, қысқасы адам болуға үйретеді. Тәртіпті ұрпақ болса, саналы болашақ болады деген түсінік қалыптасқан. Сол себепті мәдениеттің халық, орта, отбасы ішінде маңызы өте зор. Ал қазіргі кезде «Мәдениет» сөзі өзге ұғымда жүреді деп ойлаймын. Себебі, уақыт өткен сайын, заман талабы өзгермей тұрмайды. Яғни, адамның өмірге деген көз қарасы жаңалай түседі. Айналамыздағы театр, мұражай, оқу мен мәдени орындар аз емес. Осындай ортада адам рухани мәдениетін арттыра алады. Және кітап, газет, журналдар оқу арқасында сөйлеу мәнеріңді дамытып, өмірге деген ой-өрісінің өзгеруі сөзсіз. Қазіргі, таңда адамның сауатты, білімді болуы заманның талабы. Шыны керек біз адам баласын көрген сәтте сырт-келбетіне, жүріс-тұрысына мән береміз. Оны жоққа шығару орынсыз. Ал егер адаммен жеке сөйлесіп, сырлассаң оның сөйлеу мәдениетіне, ойына, білімділігіне зер саламыз. Қазіргі таңда күннен күнге өмір қажеттілігі өсуде. Күнделікті жаңалықтар өмірге деген жаңа талпыныстарды талап етеді. Өйткені, уақыт бір орнында тұрмайды. Ол күнде жүру, өзгеру үстінде. Былайша айтқанда, өзен ағынынан қалып қоймау. Мен өз басым қазіргі адамдарды құмырсқаға теңеймін. Неге десеңіз, жердің түпкір түпкірінен адамдар заманға сай жаңаша толқын жіберіп, даму аясында. Яғни, күнделікті тіршілік. Бірақ менің ойымша, мәдениеттіліктің ең басты қағидасы тәрбиелік, адамдық, мейірімділік деп санаймын. Себебі, адамның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауы, басқа адамдармен қарымқатынасы әулеметтік шындықтың басым көрінісі болып саналады. Рухани байлық пен ізгі ниеттілік ешқашан жамандыққа апармайды, керісінше адам мен адамды жақындастырады. Қазіргі заман қандай дамыған болғанымен, жамандық пен жақсылық қатар жүреді. Өмір заңы ақ пен қарада. Жақсылық қандай көп болса да, жамандық қалыспайды. Адами қасиеттерден арылуымыз аздап қорқыныш үрейін еселейді. О.Сүлейменов атамыз айтқандай «Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері». Осындай тұжырымдардан кейін адамдық пен мейірімділікке ұмтыламыз. Сол себепті, мәдениеттіліктің адам өміріндегі қызыметі өте маңызды. Адамның жасына емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалаумыз керек деп ойлаймыз.

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деген есті сөз әлі де ел жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет бөлініп шығады. Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды. Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады.  Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады. Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында рухани басы – адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр. Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық).

Адамдарға әсері бойынша мәдениетті прогрессивті және реакциялық деп бөледі, өйткені мәдениет тек өнегелі тұлғаны ғана емес, өнегесіз тұлғаны да тәрбиелейді. Моральдық мәдениет – адамдардың жасаған заттық және рухани құбылыстарының әлемі ретінде түсінілетін мәдениет аспектісі, онда дүниені игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан және әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілеттері мен мүмкіндіктері дамытылған, адамдық күштері іске асырылған. Мәдениет – бұл адамның текті жан ретінде қалыптасу нәтижесі, шарты және процесі. Моральдық мәдениетті қоғам мен индивидтер қол жеткізген адамгершілік деңгей, әлеуметтік субъектілер қатынасындағы адамгершілік, адамға деген қатынастың мақсатқа және өзін-өзі бағалау бағыты ретінде анықтауға болады. Экономикалық мәдениетті мәдениеттің элементтері мен құбылыстарының кешені, экономикалық сана-сезім стеоротиптері, мінез-құлық, экономикалық өмірдің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін экономикалық институттардың мотивтері ретінде анықтауға болады. Қазіргі ашық қоғамның базалық моделі нарықтық шаруашылықтың экономикалық мәдениеті болып табылады, онда көптеген жеке шаруашылықтар-кәсіпорындар және үй шаруашылығы өз бетімен жоспарлар жасайды, бір-бірімен нарық формасында экономикалық қатынастарға түседі, өзін-өзі ұйымдастыру принципі бойынша жұмыс істейді. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің жоспарларын үйлестіру бағалар мен айырбас құны арқылы жүзеге асырылады. Осы экономикалық мәдениет XVI-XVIII ғ.ғ. ұлы әлеуметтік революциялардың нәтижесінде қабылдана бастады. Саяси мәдениет. Саяси мәдениетті анықтау тәсілдерінде белгілі дәстүрлер бар, оның ішінде осы феноменді негізгі құрылымдық элементтер призмасы арқылы қарастыру. Саяси мәдениет өзінің құрылымдық элементтері ретінде саяси сана-сезім мәдениетінен, саяси мінез-құлық мәдениетінен және мемлекеттік, саяси институттардың жұмыс істеу мәдениетінен тұрады. Саяси мәдениет – мәдениетті сезіну, саяси мінез-құлық, қоғамның саяси өмірінің, саяси процестің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін мемлекеттің және саяси институттардың қалыптасуы мен жұмыс істеу элементтері мен феномендерінің жиынтығы.

 

Бұқаралық мәдениет – бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып, элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті құрады. Ол адамды қазіргі қоғамның құндылықтар еркіндігінен босатады, ол екінші жағынан, Э. Фромның ойы бойынша техникалықты абсолюттеуге және адам болмысының құндылықтарын жоюға әкеп соғады. Қазіргі бұқаралық қоғам әрбір индивидтің тереңде жатқан жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруға бөгет жасайды. Адамның өзін-өзі тану және басқа адамдармен жеке қатынастарын орнатуға тырысуы, не мінез-құлық стандарттылығын тудыратын рухани енжарлықты, не индивид өзі туралы бұлдыр түсінікті жасау үшін қолданылатын жалған бағытқа, «пұтқа» табынуды тудырады. Экология және экологиялық мәдениет. Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес, қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері мен мүмкіндіктері арасындағы үйлесімсіздікте екендігі анықталған. Қажеттіліктер көбінесе жеткілікті түрде мәдениетті болмайды, оларды қанағаттандыру тәсілдері мәдениетті бола бермейді және жабайы болады, стихиялы өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері шексіз емес. Соңында әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың үнемі жоғары болатындығы және табиғи тежегіштері жоқтығы байқалады, ал адам өзінің биологиясында табиғатпен тығыз байланысты және адам әлеуметтік-мәдени қайшылықтар мен кедергілерді көтере алмайды. Соңында бұл қайшылықтар мен кедергілер – адамның мәдениеттілігінің емес, мәдениетінің аздығының, әлеуметтік эгоизмінің, тарихи шектелуінің белгісі. Сонымен қоғам болашағы үшін күресте субъективті сфераға көп күш түседі. Қазіргі заманда экологиялық танымды қалыптастыру, қазіргі өркениетті басқарудың экологиялық принциптерін жасау және экологиялық ғылым ұсыныстарына сәйкес мәдени құндылықтарды тексеру, экологиялық дағдарыс әсерінен мәдени құндылықтарды оңтайландыру жолында күрес жүріп жатыр.Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды. Экологиялық этика оның бір тарауы болып қалыптасты, оның адамзаттың мәдени дамуы үшін мәні күн өткен сайын өсіп келеді. Біздің планетамызда экологиялық мәдениет европа елдерінде қалыптасқан техника культіне қарсы нақты дәрежеде дамып келеді. Сонымен биосфера, өмір және адам культі техника культіне қарсы. Бұл экологиялық мәдениеттің бірінші принципі. Экологиялық мәдениеттің екінші маңызды принципі – биосфераның бейнесі ретінде адамды жыртқыш-адам өмірінен қорғау, адамды ізгіліктен, биологиялық өмір мазмұнынан ада физика-техникалық теориялардан қорғау.

Мәдениеттің күрделі және көп деңгейлі құрылымы адам өмірі мен қоғамдағы оның функцияларының алуан түрлерін анықтайды. Негізгілерін сипаттаймыз:

— мәдениеттің басты функциясы – гуманистік (адамгершілік) (адамгершілікті – қайырымды). бұл рухты көтеру, адамдар арасында адамгершілік қатынас жасау. Қалғандары онымен байланысты және одан шығып отырады.

— мәдениеттің маңызды функциясы — әлеуметтік тәжірибе алмасу. Бұл адамдар ұрпағы арасындағы тарихи сабақтастыққа себеп болады. Мәдениет бұл адамзаттың әлеуметтік ұмытылмас белгісі, ол арқылы «адамзат шығармашылығы», тұлғаны қалыптастыру жүзеге асырылады.

— алғашқы екі функциямен тығыз байланысты, танымдық функция. Мәдениет ұрпақтардың ең озық тәжірибесін шоғырландыра отырып, әлем туралы бай білім жинайды және сонымен оны тану және игеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды.

— реттегіш (нормативтік) функция ең алдымен, қоғамдық және жеке қызметтің алуан жақтарын, түрлерін реттеумен байланысты. Тұлға аралық қатынастар еңбегінің, тұрмысының сферасында мәдениет адамдардың мінез-құлқына әсер етеді және олардың әрекеттерін, материалдық және рухани құндылықтарды таңдауды реттейді. Осы аталғандармен коммуникативтік, белгілік функция тығыз байланыста болады, ол бірінші кезекте, адамдар қатынасының басты құралы болып табылатын тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Табиғи тілмен қатар мәдениеттің барлық облыстары – ғылым, өнер, техниканың өзіндік тілдері бар, онсыз мәдениетті игеру мүмкін емес. Шет тілдерін білу басқа ұлттық мәдениеттерге және барлық әлемдік мәдениетке жол ашады. Тағы бір функция – құндылық, немесе аксиологиялық – үлкен мәнге ие. Ол адамда құнды қажеттіліктер мен бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, жақсы мен жаманды, жақсылық пен жамандықты, әдемілік пен ұсқынсыздықты айыруға мүмкіндік береді. Мұндай айырмашылықтар мен бағалаулардың критерийі адамгершілік және эстетикалық құндылықтар болып табылады. Мәдениеттің шығармашылық функциясы айрықша көңілаударуды қажет етеді, ол жаңа құндылықтар мен білімді, нормалар мен ережелерді, салттар мен дәстүрлерді құруға, мәдениетке сыни қарап, қалыптастырудан, жаңартудан тұрады. Соңында мәдениеттің ойын түріндегі, компенсаторлық функциясы маңызды мәнге ие, ол адамның дене және рухани күштерін қалыптастырумен, бос уақытын өткізумен, психологиялық жаттығумен байланысты.

Мәдениеттегі дәстүрлер, жаңашылдықтар және нормалар. Жаңашылдық пен дәстүрлер – мәдениет дамуы процесінің екі жағы. Мәдениет тұрақты және өзгермелі моменттерден тұрады. Мәдениеттегі тұрақтылық, «инерциялық» — бұл дәстүр. Дәстүрде мәдени мұрагерлік элементтері – идеялары, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Дәстүрлер рухани мәдениеттің барлық формаларында болады. Ғылыми, діни, моральдық, ұлттық, еңбек және басқа дәстүрлер туралы айтуға болады. Соның арқасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыспайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді. Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмнің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес. Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез-келген мәдениеттің универсалды сипаттамасы. Мәдениетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармашылықтың әр түрлі ара қатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. Нормадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады. Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен роль атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделеген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған. Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлға аралық, көпшілік қарым қатынастары және әр түрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор роль атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау принциптерін, нормаларын алады.

Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді. Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар. «Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді. Басқа версия бойынша «өркениет» терминін француздың ағартушы-философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған, кең және тар мағынада. Біріншісі Ферпоссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат, әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты және адамның нақты қасиеттері – ақылдылықтың, білімділіктің, сыпайлылықтың жиынтығын білдіреді. Оны игеру ХVIII ғасырдың элитарлы париж салондарына жол ашты.

Previous Post

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Next Post

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

Related Posts

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, мәдениет саласының шығармашылық қызметкерлері арнайы аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының, мәдениет бөлімінің басшысының және...

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

“Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне” орай іс-шаралар аудандар мен қалаларда жалғасын тауып жатыр. Бүгін Ордабасы Аудандық...

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Мемлекетімізде мұраты мен тілегі бір қаншама...

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

by Алаш Ақпарат
10/06/2025
0

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын...

Next Post

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

10/06/2025
Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

10/06/2025
Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

10/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Ордабасылық өнерпаздар кәсіби мерекеде құрметке бөленді

Ордабасы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

Ордабасы ауданында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесінің айналымына қарсы күрес күніне орай елдімекендерде ісшаралар өтіп жатыр

Ордабасы ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтті

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Жеңістің 80 жылдығына орай Ордабасы ауданында «Ер есімі — ел есінде» ескерткіші ашылды

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,512)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page