• Latest
ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

29/05/2025
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

29/05/2025
Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

29/05/2025
Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданында Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

29/05/2025
ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

29/05/2025
ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

28/05/2025
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

27/05/2025

“Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

27/05/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 1, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

29/05/2025
in Қоғам
0
ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК
494
SHARES
1.4k
VIEWS

Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік әділдік қағидаты ұлттық бағдарымызға айналды. Елдің саяси ұстанымында басты орынға шыққан әлеуметтік саясат жалпыға тең мүмкіндік беру, мұқтаж жандарды жан-жақты қолдау міндеттерін белгіледі. Осыған орай, кейінгі жылдары мүгедек¬тігі бар азаматтарға қатысты мемлекеттік қол¬дау¬лар еселеп артты, барлық аймақтарда белсенді өмір сүру орталықтары ашылды, оңалту орталықтарының құрылыстары қарқын алды. Бұл бағыттағы заңнамалық өзгерістер табанды түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, осы санаттағы азаматтардың әлеуметтенуіне ерекше көңіл бөлініп, олардың мемлекеттен нақты көмек алу мүмкіндіктері молайып отыр. Осылайша, «Әділетті мемлекет – Әділетті экономика – Әділетті қоғам» қағи¬дасы өзінің жемісті нәтижесін беруде.

Сайлаушылардың кең қолдауына ие болған «AMANAT» партиясы да, әлеуметтік әділдік орнатуды қызметінің мәні етіп белгілеп, ерекше күтімді қажет ететін азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қажетті көмек көлемімен қамтылуын, оларға қолайлы орта түзілуін, оңалту шараларына қатысу мүмкіндіктерінің кеңейтілуін Сайлауалды бағдарламасының өзегі етіп белгілеген. Осы міндеттердің орындалуы бүгін партияның Түркістан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.

Кеңес мүшелері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, атқарушы мемлекеттік орган өкілдері қатысқан жиында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев сөз алып, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы «AMANAT» партиясының жіті бақылауында екенін айтты.

«- Қолда бар деректерге сүйенсек, облысымыз бойынша 102 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тіркелген. Олар, облыс халқының 4,7 пайызын, республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14 пайызын құрайды. Осы санаттағы азаматтардың 15,5 мыңға жуығының жасы 18-ге толмаған жас буын өкілдері саналады. Кедергісіз орта құру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту – партияның Сайлауалды бағдарламасы мен «Кедергісіз келешек» жобасының басым бағыттарының бірі болып бекітілген. Бұл бағытта партия филиалының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесі осы саладағы өзекті мәселелерді тұрақты түрде көтеріп, оларды шешу бойынша ауқымды жұмыстар атқарып отыр», – деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Партия бекіткен Сайлауалды бағдарламасының «Сапалы жұмыс орындарын құру», «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау» бағыттары бойынша 14 іс-шара жоспарланғаны айтылды. Оның ішінде биыл Сауран ауданы, Оранғай ауылында 50 орындық мүгедек балаларға арналған медициналық әлеуметтік орталығы іске қосылатын болады.

Жұмыс жиынын жүргізген кеңес төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай әлеуметтік әділеттілік қағидасын қоғамның барлық саласына берік кіріктіру мақсат етілетінін жеткізді. Бұл – аса ауқымды, қоғамдық қолдау мен күш-жігер жұмылдыруды қажет ететін міндет екенін атап өтіп, барлық саясаттың негізгі объек¬тісі де, драйвері де – адам екеніне тоқталды. Сондықтан кез келген ше¬шім адамның қажеттілігі мен мүддесін ескеруден туындағаны жөн деп білетінін мәлімдеді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасаған Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өңірімізде мүгедектігі бар адамдар саны өткен жылдың басымен салыстырғанда 4 670 адамға, 2023 жылмен салыстырғанда 6 721 адамға артқанын немесе 4,5 пайыз өсім көрсеткенін жеткізді.

«- 2024 жылдың қорытындысымен оңалту бағдарламасы 95 пайызға орындалып, 66 860 өтініш қанағаттандырылды. Бұл мақсатта 17,1 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Биылғы төрт айдың қорытындысымен абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге 53 734 өтініш қабылданып, 31 834 өтініш қанағаттандырылды немесе техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылып, қажеттіліктің 59 пайызы қамтылды», – деп атап өтті Әсия Құралқызы.

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыруда облыс бойынша 2 135 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделген. Қолжетімді орта құрудағы интерактивті картасына облыс бойынша 3 697 нысан енгізіліп, оның 2 135-і бейімделгені атап өтілді. Сонымен қатар, инфрақұрылымды жақсартуға, соның ішінде оларды пандустармен, дәретханалармен, көру қабілеті бұзылғандар үшін бағыттаушы белгілермен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 29 мемлекеттік орталықтардың қызметі жайлы жан-жақты ақпарат берілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, кеңес мүшелері Түркістан облыстық оқушылар сарайының директоры Индира Икапова, «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігі кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Нұржамал Майусова, Түркістан қаласы №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, «ARMAN-QANAT» қайырымдылық қорының жетекшісі, ерекше балаларға арналған «Армандар орындалады» жобасының авторы, қоғам белсендісі Әсел Бимырзаева, «Шапағат» қайырымдылық қорының президенті Еркінбай Шалтан пікірлерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мемлекеттік қолдаумен қамту, оларды оңалту бағытында қоғамда көтеріліп жатқан өзекті мәселелерді қозғады.

Жиын барысында Ораңғай ауылындағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы қашан пайдалануға берілетіні жөнінде сауал қойылды. Әлеуметтік тұрғыда осал топтағы тұрғындарға, оның ішінде мүгедектерге берілетін тұрғын үйлер пандустармен неліктен қамтылмайтыны, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жобасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттілігіне арналған жеделсаты орнату не үшін қаралмайтыны жөнінде мәселелер көтерілді. Әлеуметтік мәні бар нысандар құрылысына арналған жобаларды талқылауда мүгедектердің мүдделерін қорғайтын қоғам белсенділері тартылуы керек екені айтылды.

Сондай-ақ жиын барысында Түркістанның ерекше мәртебесіне сәйкес, инклюзиялы туризм саласын дамытуға кешенді көзқарас қалыптасуы керек деген ұсыныс айтылды. Облыс көлемінде барлық сала бойынша айтарлықтай даму көрсеткіштері бар екеніне назар аударылып, мүгедек азаматтардың саны бойынша, керісінше, өсімнің болуы алаңдатарлық жағдай деп бағаланды. Сондай-ақ аутизм спектрі бұзылуға ұшыраған балаларды анықтау, оларды оңалту шараларымен қамтуға айрықша мән беру керектігі айтылды. Осындай диагнозы бар балалардың көпшілігі шалғайдағы ауыл-аймақтардан келетіні, оларды оңалту шараларына берілетін уақыт көлемін ұлғайту мәселесі көтерілді.

Барлық айтылған ұсыныстар облыстық партия филиалының бақылауында болады. Алдағы уақытта бұл мәселе тиісті облыстық басқарма басшыларының қатысуымен қайта талқыланады деген шешім шығарылды.

Previous Post

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Next Post

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Related Posts

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат...

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, өңір экономикасының маңызды бір бағытына...

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы,...

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

by Алаш Ақпарат
29/05/2025
0

Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаилов жастармен кездесті. Ерекше форматта ұйымдастырылған бұл жүздесу табиғат аясында, ашық аспан астында өтті. Жастармен еркін...

Next Post
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,476)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page