Түркістанның қайта түлеуі – Тәуелсіздік жемісінің бірі. Ал, Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Бұл туралы бүгін әлеуметтік желідегі «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ресми парақшасында ақын, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айдар Сейдазім мәлімдеді.
Тәуелсіздік деген ұғымды қастерлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін айтқан А.Бастарбекұлы, 30 жыл ішінде еліміздің жеткен бірқатар жетістіктеріне тоқталды.
«Тәуелсіздік алғалы еліміз көптеген белестерді бағындырғаны сізбен бізге белгілі. Ұлағайыр жері, қасиетті рәміздері бар еліміз бүгінде дамыған елдердің өзі санасатындай мемлекетке айналды десем қателеспеймін. Мемлекеттің жетістігі бірінші кезекте сол елдегі азаматтардың Тәуелсіздігімізді құрметтеумен және туған жерге, елге деген патриоттық сезіммен келетін дүние деп білемін. Әрбір жан осындай ұғымда болып, ауызбіршілік пен татулықты сақтап, еңбек етсе бақытты елге айналарымыз хақ. Қазіргідей бейбіт заманда жаңадан Түркістандай облыс құрып, оны түркі әлемінің орталығына айналдыра білуіміз, тағы да сол Тәуелсіздік дейтін қасиетті ұғымның жемісі дер едім», – деді А.Сейдазім.
Сондай-ақ ақын А.Бастарбекұлы Түркістан қаласына деген өзінің ыстық ықыласын өлең жолдарымен жеткізіп, әлеуметтік желі қолданушыларын қызықтырған бірқатар сауалға жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...