Соңғы жылдары елімізде ана мен баланың құқығын қорғау, қыз-келіншектерді кәсіпкерлікке тарту бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Іскер, кәсіпкер әйелдер жуырда өткен праймеризде де белсенділігімен көзге түсті. Бүгін «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы жиын өткізді. Жиынға «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелері және жоғары жетістікке жеткен кәсіпкер әйелдермен кездесу өткізді.
Кездесуде әйелдерді кәсіпкерлікке баулу, оларды жұмыспен қамту мәселелері сөз болды. Сонымен бірге аналардың қоғамда, отбасыда тиісті қолдауға ие болуы, қыз-келіншектердің мәдениетке, кәсіпкерлікке, білімге қызығушылығын арттыру жөніндегі ұсыныстар айтылды. Созақтық ардақты аналарды алаңдататын өзекті түйткілдер де тарқатылды. Сондай-ақ ардақты аналар қыз баланы, жалпы перзентті дұрыс тәрбиелеу, олардың саналы азамат болуына жағдай жасау мәселелері бойынша да кеңестерін айтты.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ана мен бала құқығын қорғау үнемі басты назарда болатынына тоқталып, аудандағы іскер әйелдердің белсенділігі мен жемісті еңбектеріне оң бағасын берді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...