«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы қоғам өміріне үлкен серпіліс әкелері сөзсіз. Өйткені бұл бағдарлама Заңдардың үстемділігін, қоғамдық келісімді, әділдікті, болашаққа деген талпынысты нығайтуға бағытталып отыр. Бағдарламада халықтың мұң-мұқтажы, ұсыныс-өтініштері, үкілі үміттері мен зор сенімі жинақталып, елеп-ескерілген деп есептеймін. Егер осы бағдарлама толық жүзеге асырылса, Қазақстанның болашағы зор болатынына сенім мол. Ең бастысы – халықтың жағдайын жақсартуды партиямыз бірінші орынға қойып отыр. Мені осы мақсат жігерлендіре түседі.
Бүгінгі «Nur Otan» партиясының ХХ сьезінде де алдағы атқарылар жұмыстар мен бағыт-бағдарлар айқындалды. Елбасымыз, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың бәріне дерлік үлкен сенім артылып отырғанын мәлімдеп, алдағы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулығын, өмір сүру үрдісін жақсарту, білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын оңалту бағыттарында атқарылатын жұмыстарға күш салуға шақырды. Өйткені «Nur Otan» партиясы – нағыз халықтық партия екенін күн санап дәлелдеп келеді.
Пандемия кесірінен экономика әлем бойынша әлсірегенмен, біздің елдің бірауызды бірлігімен, жол сілтер бағдарларымен, жаңа реформаларымен бәрін де еңсеретініміз анық. Мемлекет азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қабылдай да бермек. Бұл бағытта да партия барлық сала мамандарына үлкен қолдау білдірері сөзсіз.
Стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асыру әрбір партия мүшесі үшін маңызды да жауапты міндет деп білемін!
«Nur Otan» бағдарламасы Ел қамы үшін жасалған жаңа бастамалар жиынтығы десек те болады. Оның жүйелі жүзеге асырылуына, мемлекетіміздің өркендеуіне, халық игілігі үшін қызмет етуге белсене ат салысамын.
Ел ертеңі- Бейбітшілік және Өркендеу деп білемін!
Джурумбетова Улжанат,
Праймериз жеңімпазы,
Түркістан облысы.