«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалды штабының «Facebook» әлеуметтік желісінде ресми парақшасы ашылды. Онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және маслихаттары депутаттығына үміткер азаматтардың ел ішінде жүргізген сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары мен партия тарапынан өткізілген іс-шаралары тұрақты түрде жарияланып тұратын болады.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде 7 азамат, облыстық, қалалық және аудандық маслихаттарының депутаттығына 632 адам тіркелген. Оның 230-ы, яғни 36,6 пайызы әйелдер мен 29 жасқа толмаған жастар. Қазіргі таңда, барлық кандидаттар сайлау ережесіне сай, ел ішінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалды штабының ресми парақшасына келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://www.facebook.com/TurkistanoblystykSailaualdyshtaby/
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі