«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмай, емін-еркін жүріп-тұруына оңтайлы жағдай жасап, кедергісіз орта қалыптастыру! Осыған орай, облыста қамкөңіл адамдарға қамқорлық таныту бағытында қыруар шаруалар атқарылуда. Бұл ретте «Nur Otan» партиясының белсенділігін айрықша айта кету керек.
Партия мүшелері облысымыздағы қоғамдық көліктердің кембағал кісілер үшін қолайлылығын арттыру мақсатында қолға алынған тексеріске білек сыбана кіріскен болатын. Биылғы жылдың 27-31 қаңтар аралығында облыс орталығы Түркістан қаласында азаматтарды тасымалдайтын 270 қоғамдық көліктің 50 пайызына яғни, 135 қоғамдық көліктің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімділігіне мониторинг жасалған. Белгілі болғандай, аталған көліктердің 125-нің қолжетімсіздігі, 10-ның ішінара қолжетімділігі анықталып, кемшіліктерді жою мақсатында ұсыныс хаттар жолданыпты. Бұл жұмыстар қоғамдық көлік реформасын жетілдіру үшін қолға алынып отыр.
Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясы тарапынан облыс көлемінде теміржол мен автобекеттердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар бойынша талапқа сәйкестігіне сараптама жүргізілген. Аталған шараға барлық аудандық партиялық бақылау комиссиялары да атсалысқан.
Жалпы бүгінде Түркістан облысында реестр бойынша тіркелген 5 теміржол вокзалы мен 6 автовакзалы және 26 автобекет бар. Облыстағы 5 теміржол вокзалының екеуінде яғни, Түркістан мен Сарыағашта қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тексеріс барысында Арыс теміржолвокзалдарының ғана талапқа сай екені анықталған. Ал Түлкібастағы теміржолвокзалының талапқа сай еместігі, 6 автовокзалдың барлығы талапқа сәйкестігі белгілі болған. Сондай-ақ, 26 автобекеттің 4-і («Нәлібек», «Асық Ата», «Ділдабеков», «Шардара») талапқа сәйкес еместігі анықталыпты.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан сараптама қорытындысы бойынша тиісті мекемелердің қатысуымен отырыс өткізіліп, қортындысымен тиісті ұсыныстар берілді. Партиялық жоба аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» республикалық акциясы өткізіліп, 75 азамат өтініштері тыңдалып, 46 тұрғынның мәселесі оңтайлы шешілген.
Мәселен қазіргі таңда облыс орталығына жақын орналасқан Кентау қаласында 5706 мүгедек жан бар. Оның ішінде 293-і І – топ, 2444-і ІІ – топ, 2328-і ІІІ – топ мүгедегі. Ал 570-і балалар. 2020 жылдың 1 желтоқсанына 735 мүмкіндігі шектеулі азамат санаторлы-курортты емделуге жолданса, 219 мүгедекке 249 дана протездік-ортопедиялық құралдар, 176 адаматқа 399 тифло құралдары, 44 мүгедекке 105 сурдотехникалық құралдар сатып әперілген. Жергілікті бюджеттен бөлінген 3071,0 мың, республикалық бюджеттен 13745,0 мың теңгеге 140 қол арба сатып алынып, таратылып беріліпті. Жергілікті бюджеттен 86368,7 мың теңге, республикалық бюджеттен 85121,0 мың теңге қарастырылып, 1682 адамға гигиеналық (жөргек) үлестірілген. Бұдан бөлек, инватакси қызметіне 2020 жылы 16485,0 мың теңге қаржыға 2 автокөлік қарастырылып, ақпан айынан бастап 80 азаматқа қызмет көрсетілуде.
Кентау қаласында 2021 жылы Оранғай ауылында 2 оңалту орталығы салыну жоспаралануда. Біріншісі – 18-жастан асқан азаматтарға қуаттылығы 200 орындықты арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Ол үшін 2,8 гектар жер телімі бөлініп, мердігер «Сымбат» ЖШС-мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында құрылыс жүргізу үшін 2 млрд. 900 млн. теңге қаржыға арнайы меморандумға қол қойылған. Екіншісі – қуаттылығы 50 орындықты 18 жасқа дейінгі азаматтарға арналған психо-неврологиялық оңалту орталығы. Ол үшін 2,8 гектар жер телімі бөлініп, мердігер «ЕвроРемонтСервис» ЖШС-мен 2 млрд. 300 млн. теңге қаржыға арнайы меморандум түзілген. Сонымен қатар, 2008 жылдан бастап, Кентау қаласында тірек қозғалыс апараты бұзылған ерекше қажеттілігі бар адамдарға кәсіби-техникалық білім беретін республикада бірден-бір оқу орны Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Арнаулы кәсіптік колледжі» КММ жұмыс жасайды. 3-мамандық бойынша (әмбебап тігінші, есепші-ревизор, оператор-програмист) 80 азамат қызмет алуда. Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап облыстық 150 адамға арналған «Жансая» балалар оңалту орталығы жұмыс істеп келеді. Оның 100-і неврологиялық, 25-і ортопедиялық, 25 соматикалық ауруларға арналған. Емдеу уақыты 18 күнді құрайды. Жыл 12 ай жұмыс істейді. Қызмет алушылардың жасы 6 айдан 18-жасқа дейін.
Жетекші партияның бұл бастамасын ел қолдайды. Партияның сайлауалды бағдарламасында да әлеуметтік әлжуаз топтарға нақты көмек көрсету жолдары енгізілген. Ендеше «Nur Otan»-ға неге дауыс бермеске?
«Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді