Бүгінде Түркістан облысында “Nur Otan” партиясының өкілдері елмен жүздесіп жатыр. Солардың бірі – облыстық мәслихатқа үміткер Нұралы Давлетияров. Ол Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны, ауыл биі Абай Әбдірайымовтың шаңырағына бас сұғып, канвассинг кездесу өткізді.
Кездесуде үміткер Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Абай ақсақал инфрақұрылым мәселесін қозғады. Үміткер “Nur Otan” партиясының 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасында бұл мәселе қамтылғанын атап өтіп, инфрақұрылым түйткілі шешілетіні жөнінде уәде берді.
Ауыл биі “Nur Otan” партиясын қолдайтынын және партияға дауыс беретінін айтып өтті.
«Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, қолайлы экологиялық жағдайды қолдауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша
2021 жылы 714 шақырым автожолдың, 2022 жылы 716,2 шақырым автожолдың, 2023 жылы 719,5 шақырым автожолдың, 2024 жылы 723 шақырым автожолдың, 2025 жылы 728 км автожолдың жөнделуіне ықпал етеді.
2020 жылы Түркістандағы халықаралық әуежай құрылысының 1-кезеңі, ал 2024 жылы 2-кезеңі аяқталуын бақылауда ұстайды;
2023 жылы Түркістанда жаңа темір жол вокзалы құрылысына ықпал етеді.
Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 90%-ға дейін арттырылады.
Баршаңыз партияны қолдап, дауыс беріңіздер!
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді