Бүгінде Түркістан облысының Келес ауданында “Nur Otan” партиясының өкілдері елмен жүздесіп жатыр. Солардың қатарында аудандық мәслихатқа үміткер Арын Тотиков бақ сынауда. Ол бүгін Келес ауданы Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуден мақсат – «Nur Otan» партиясының бастмасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке дейін» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен, соның ішінде тұрмысы төмен отбасылармен кездесіп, мәселесін көзбен көру. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстыра келе, аталған отбасылардың мәселесін назардан тыс қалдырмайтынын айтты.
«Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, қолайлы экологиялық жағдайды қолдауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...