“Nur otan*партиясының жұмыс жоспарнына сәйкес. Жетісай ауданы мәслихатының депутаттығына үміткерлер М. Ділдәбеков пен Б. Дилдабаев Жетісай қалалық емхана қызметкерлерімен кездесу өткізді,
кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Алдағы уақытта жетекші партияның араласуымен Жетісай ауданындағы медицина саласына төмендегідей жағдай жасалатын болады.
Жетісай аудандық орталық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге;
9 фельдшерлік-акушерлік пунктін салуға;
5 медициналық пункттерге және IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына 23 автокөліктерін сатып алуға;
жыл сайын 10-ға жуық жас маман дәрігерге бюджет есебінен 1 млн. теңге көтерме жәрдемақы төлеуге;
17 дәрігердің (жалпы тәжірибелі 6 дәрігер, 2 окулист, 2 ЛОР, 3 акушер-гинеколог, хирург, неонатолог, онколог, дерматолог) тапшылығын шешуге;
жыл сайын 240 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға;
тұрғындарды (жыл сайын 18 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге ықпал етеді.
Дүниежүзілік Денсаулық cақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрін пандемия деп тануына байланысты коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу (гигиена, бет перделік тәртіпті ұстану, ара-қашықтықты сақтау);
аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелердің аула аралау жұмыстары күшейтіліп, жедел респираторлы вирустық инфекция мен коронавирусты ерте анықтау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын уақтылы орындауға;
оттегі концентратор, пульсоксиметр аппараттарының санын арттыруға;
науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектің қорын жасақтауға;
коронавируске шалдыққан және ем қабылдаған науқастарды, осы науқасқа қызмет жасап жатқан медицина қызметерлерді дәруменге бай азық-түлік және ыстық тамақтармен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Нәтижесінде аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72,0 жасқа жетеді.
Емхана дәрігерлерін алдағы сайлау науқанына қатысып, “Nur Otan” партиясына және аталған партия атынан сайлауға түскен үміткерлерге дауыс беруге шақырды.
Жетісай ауданы “Nur Otan” партиясының сайлау қорынан қаражаты төленген