«Орта және шағын бизнесті дамыту – жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан да «Nur Otan» партиясы еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып отыр». Бұл жайында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Көкпарсай елді мекенінің тұрғыны Айнұр Түктібаевамен өткен кездесуде Түркістан облыстық мәслихаты мен Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер айтты.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Темір Қырықбаев пен Мақтаарал ауданының мәслихаты депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев Айнұр Түктібаевамен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар жайында түсінік беріп, елдегі ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге тоқталды.
15 жылдан бері тігіншілікті кәсіп еткен Айнұр Түктібаева бүгінде тапсырыспен киім тігуден бөлек балалардың жұмсақ ойыншықтарын үй жағдайында тігуді қолға алып отыр. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 550 мың қайтарымсыз грант жеңіп алған кәсіпкер әйел тігін машиналарын жаңартқан. Биылғы жылы тағы қатысу ниеті бар.
Кездесу барысында кәсіпкер көпбалалы ана округ ауылдарын табиғи газға қосу және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жоспарлар жайында сұрады.
Аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін құны 5 млрд теңге болатын 11 жобаның құжаттары дайындалғанын айтқан кандидаттар 6 нысанның құрылысына қазынадан қаржы қарастырылып жатқанын, қалған 5 нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүргізілетін жеткізді.
Сонымен қатар, елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған партиялық бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге барлық мүмкіндіктерді беріп отыр.
Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қолжетімді және тиімді несиеге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеуге бағытталған кемінде 10 жобаны іске асыруға, туристік саланы дамыту мақсатында жаңадан қонақ үйлер мен демалыс орындарын, сауда орталықтарын ашуға ықпал ететін болады. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік объектілер саны 11,5 мыңға, ондағы жұмыскерлер саны 15 мыңға жетеді деп күтілуде.
Кездесу соңында үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...