Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті. “Nur Otan” партиясының кандидаты бүгінгі кездесуін қаладағы этно мәдени орталық өкілдерімен өткізді. Кездесу барысында халық бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы екендігіне тоқталып, “Nur Otan” партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс қаласы “Nur Otan” партиясының қаланы дамыту бойынша 7 бағыты баяндалды. Бүгінде Арыс қаласындағы барлық ұлт өкілдері ынтымағы жарасқан, 4 этномәдени бірлестік бірлікті және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда. 2025 жылға дейін мемлекеттік- жекешілік әріптестік шеңберінде апаттық жағдайдағы мәдениет нысандар орнына, жаңа нысандар бой көтеретін болады. Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін “Nur Otan” партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:
– Арыс қаласының көрнекті тумаларын (Д.Исабеков, С.Адамбеков, М.Жұрынов, А.Салықбаев, Б.Шүкірбеков, А.Қуатбеков, Н.Үсенбаева, Ж.Жаппарқұл) насихаттау;
– “Бақытты отбасы” партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар спорттық іс-шаралар өткізу ;
– Мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту;
– Қасиетті және көрікті жерлерг өлкетану экспедицияларын жүргізу, қаланың қасиетті жерлерін көгалдандыру (Мұңлық-Зарлық, Жекен шайық т.б);
– Ақдала ауылында 240 орындық (Ақдала ауылына жастардың уақытын тиімді өткізетін клуб ашу), Жиделі (Дермене ауылында жастардың уақытын тиімді өткізетін клуб ашу) мен Дермене ауылында 120 орындық мәдениет үйін салу;
-Жыл сайын “Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық кикілжіңдердің алдын алу”, “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыптарында жүйелі кездесулер ұйымдастыру;
-Өзге тілде білім беретін мектептерде міндетті түрде мемлекеттік тілде білім беру сыныптарын ашу;
-Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс шаралар өткізу;
Кездесу соңында этно мәдени орталықтың өкілдерінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, шалғай ауылдарды интернет жүйелерімен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, зейнетақы және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауап берілді!
«Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалының Сайлау қорынан төленді