“Nur Otan” партиясының Арыс аудандық филиалының жоспарына сәйкес, Арыс ауданына қарасты Қожатоғай елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу – Амангелді ЖОМ мектебінде өтті. Негізгі мақсат – “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, 2021-2025 жылдар аралығында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстыру.
Сонымен қатар, партияға деген ел үміті мен сенімі мол халық ауылдың тыныс-тіршілігін айта келе өздерінің ұсыныс пікірлерін айту. Ауыл тұрғындардың негізгі көтерген мәселесі – ғаламтор желісі мен таза ауыз су және ағын су мәселелері болған. Кандидат өз кезегінде Арыс ауданының “Nur Otan” партиясының бағдарламасында осы мәселелердің бар екендігін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар “Nur Otan” партиясына бірауыздан дауыс беретіндігін жеткізді. Ауылдың ақсақалдары мен данагөй қариялары ақ батасын берді.
«Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалының Сайлау қорынан төленді