ҚАЗЫҒҰРТ: ШАРБҰЛАҚТА ҮШ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылының тұрғындары қуанышқа бөленді. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 3 отбасы баспаналы болды. Қуаныш иелеріне пәтер кілтін аудан әкімі Арман Абдуллаев салтанатты түрде табыстады. Мереке қарсаңында үй-жайлы болып жатқан жұртшылықты аудан басшысы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.