Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күніне орай ардагерлермен кездесті.
«Жастық жылдарыңызды от пен оқтың ортасы – соғысқа арнадыңыздар. Сіздердің Отан алдындағы ерліктеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі. Оларға патриоттық тәрбие беру ісінде сіздердің еңбектеріңіз зор», – деді жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков. Кездесу барысында аудандық Ауғанстан соғысы ардагерлерінің «Ерлікке тағзым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегалы Омарбеков бірқатар ұсыныс-пікірлерін айтты. Ауған соғысына қатысушы ардагерлерді емдеу-сауықтыру демалыс орындарына жіберілсе деген ұсынысын жеткізді.
Аудан басшысы жергілікті бюджеттен қаржы қарап, ардагерлерге биылдан бастап демалыс орындарына жіберуді ұйымдастыруды тиісті бөлімге тапсырды. Сондай-ақ, ардагерлерге бір жолғы жәрдемақы төленіп, естелік сыйлықтар табысталды.
САЙРАМ: “ЭРУДИТ” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды...