Іс-шара кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің алдына жиналған қауым жат елде мерт болған және елге оралып қайтыс болған ардагерлер рухына тағзым етті. Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Құран бағыштады. Ауған соғысына Қазығұрт ауданынан 104 азамат қатысып, 4 жауынгер әскери қанды қақтығыс кезінде қаза тапқан. Ардагерлерді ардақтау аудандық мәдениет сарайында өз жалғасын тапты. Аудан әкімі А.Абдуллаев ұрыс даласында оқ пен оттың ортасында жүріп, елге аман оралған ардагерлерді марапаттап, құрмет көрсетті. Мәдениет майталмандары арнайы сахналық қойылым қойып, көрерменнің көңілін толқытты.
Сондай-ақ, «Болашақ» мектеп гимназиясында ауған соғысының ардагері Мамадияр Салтаевты еске алуға арналған облыстық турнир өткізілді. Пневматикалық қарудан ату жарысы өте тартысты өтті.
САЙРАМ: “ЭРУДИТ” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды...