Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бекітілген жоспарына сәйкес, Сауран ауданы Шорнақ ауылында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Б.Әшірбаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім ” КММ -нің этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Б.Әбдірахман, Кентау қаласы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі жұмылдыру бөлімше бастығы – бөлім бастығының орынбасары майор Х.Алиакбаров, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-і Сауран аудандық филиалының мамандары, Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы және мамандары қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аналар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары, этномәдени бірлестік мүшелері және жастар қатысты.
Кездесу барысында этносаралық татулық, “Агроөнеркәсіптік секторда прогрессивті технологияларды ілгерілету”, “Бүгінгі келісім – мәңгілік бейбітшілік” және әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі, жастардың жат ағымға ермеуі тақырыптарында кеңінен ақпараттар айтылды.Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері де тыңдалды.