Сауран ауданы құрылғалы бері, ескі қалашыққа 201 692 турист келген. Бұл Әзірет-Сұлтан қорық-музейінен билет алып, ресми түрде тіркеліп келгендер саны. Пандемия жағдайына қарамастан, жалпы Сауран ауданына 2021 жылы 480 657 турист келген. Оның ішінде, Сауран қалашығына келгендер – 201 692 , Үкаша ата кесенесіне келгендер саны – 240 023, Жылаған атаға келгендер саны – 2000, Жүсіп ата кесенесіне – 36 642, ал Имам Мархозы кесенесіне 300 адам келген.
Ауданның туризміне кіретін Сауран, Үкаш-ата, Жылаған ата тарихи орындарынан басқа, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қарамағына кіретін 52 тарихи-мәдени нысан бар. Сол тарихи мұраларды Сауран ауданының теңгеріміне алу үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тиісті жұмыстар жүргізуде.
САЙРАМ: “ЭРУДИТ” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды...