-«Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс. Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексін қабылдау қажет»,-деп тайға таңба басқандай етіп, айқындап берді.
Қыркүйекте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков №24 мектепте «Яссы» шағын ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. «Яссы» тұрғындар алқабында 47 мәселе көтеріліп, олардың көпшілігі оң шешімін тапқан. Өзекті мәселенің 35-і орындалды. Жетеуі жүзеге асырылуда. Бес тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. «Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді.
«Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, 64 көше жарықтандырылды. Сектор аумағында 20 аялдама орнатылды. Сондай-ақ, 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды»,-деген болатын қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Жасыратыны жоқ, Түркістан қаласында басқа өңірлерге қарағанда құрылыс барысы өте жоғары қарқынмен атқарылуда..