Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-гі тарапынан Түлкібас ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Құтарыс-Қарабұлақ-Түлкібас» автомобиль жолының 67-83 шақырым (16 шқ) аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары Сайрам ауданы шекарасынан басталып Машат, Ынтымақ елді мекендерін қамтиды.
Нысанның жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Сметалық құжаттамаға сәйкес, елді мекендерді толығымен аяқжолмен қамту қарастырылған. 2022 жылы бөлінген қаржыға 1,6 шақырым аяқжол салынған.
Ағымдағы жылы жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес, аяқжол салу, ескі асфальт қабатын фрезалау және екі қабат асфальт жабынын салу жұмыстары атқарылатын болады. Қазіргі таңда, ауа-райының қолайлы болуына байланысты, аяқжол салу жұмыстары іске асырылуда. Нысан жыл қорытындысымен пайдалануға берілетін болады.
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...