• Latest
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы…

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы…

13/11/2023
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

05/06/2025
Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

04/06/2025
Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

04/06/2025
Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

03/06/2025
Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

03/06/2025
Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

03/06/2025
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

03/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 8, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы…

13/11/2023
in Қоғам
0
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы…
491
SHARES
2.4k
VIEWS

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған шығар. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін ол ұстаз. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын мұғалімді ұстаз атына сай деп айтуға болады.

Ендеше, парасатты, білімді, жылы жүзді Ернар Асановты осындай теңеулерге лайық ұстаздардың бірі әрі бірегейі деп нық сеніммен айта аламыз. Қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепті бітірген Ернар ойланбастан балалық арманын орындау үшін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің тарих пәні факультетіне оқуға түсіп, оны 2001 жылы ойдағыдай бітірді. Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы қалалық білім бөліміне қарасты кешкі мектепте бастайды. «Дарақ бір жерде көгереді» дегендей, 20 жылдан бері осы мектепте абыройлы еңбек етіп келеді. Еңбек жолының жемісі шығар 2016 жылдан бастап аталмыш мектептің оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқаруда. Облыстық, қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарының иесі.

«Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер. Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау. Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз. Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз. Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес. Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын — Аристотельді, Абылай хан — Төле биді, Шәкәрім — Абайды, Бердақ — Күнқожаны, Жамбыл — Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде», – дейді білікті ұстаз.

Ернар Асановтың ұжымдастарына әркез айтып отыратын мына бір сөздері әрбір ұстазды ойландырмай қоймайтын шығар. Ұстаз – ғылыми білімнің, мәдениеттіліктің, ұстамдылықтың символы. Елбасымыз атап өткендей, Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көріну міндеті тұрғанын үнемі айтады. Бұл өз кезегінде ұстаздарға екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық саяси экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақтарды тәрбиелеу, ұстаздарымыз сіздердің қолдарыңызда дей келе басқа ұстаздарға да үндеу тастайды. Осы айтылған қанатты сөздердің бәріне Ернар лайықты деп айта аламыз. Біз ұжымдастары және ата-аналар ұлағатты ұстаз Ернар Жидебайұлының біліктілігін, мінезінің жұмсақтығын, оқушылармен тіл табыса білуі мен оқудағы шеберлігін ескере отырып, ізгі ниетпен шексіз алғысымызды білдіреміз.

Previous Post

Ұстаздық деген ұлы есімге кір келтірмеу керек

Next Post

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері

Related Posts

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде орналасқан Түркістан көпсалалы - техникалық колледжінде жастардың, студенттердің қатысуымен  «Мамандығым-болашағым» тақырыбында ашық есік күні өтті....

Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың  төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 6 мәселе қаралып,...

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй қорынан пәтер алу, жердің нысаналы мақсатын...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Бүгін – Дүнижүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Елімізде 5 маусым – эколог мамандардың кәсіби мерекесі санатында атап өтіледі. Қазақстан жаһандық...

Next Post
Түркістанда ұстаздың оқыту әдістемелеріне қажеті жиын өтті

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,497)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page