• Latest
Ұлағатымен танылған түркістандық ұстаз

Жас ұрпаққа тәрбие мен білімді қатар беру – ұстаздарға қойылатын басты талап

13/11/2023
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

05/06/2025
Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

04/06/2025
Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

04/06/2025
Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

03/06/2025
Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

03/06/2025
Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

03/06/2025
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

03/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Monday, June 9, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Жас ұрпаққа тәрбие мен білімді қатар беру – ұстаздарға қойылатын басты талап

13/11/2023
in Қоғам
0
Ұлағатымен танылған түркістандық ұстаз
526
SHARES
1.5k
VIEWS

Білімнің шамшырағын жағып, нұрын таратқан мектепті халық қашаннан қадір тұтады. Ел басына күн туған небір қиын замандарда да мектептің отын сөндірмей, болашаққа жалғап отырған. Мектеп халық жүрегінде үміт отын жағып, болашаққа деген сенімін ұялатты. Әрбір ауыл мектебі білім мен мәдениеттің орталығы, ел бірлігінің алтын қазығы болды. Қазақ мектебі – халқымыздың ұлттық асылдары мен қазыналарын сақтау, дамыту мен болашаққа аманаттаудың кепілі. Өткен ХХ ғасырдың басында Алаш ардақтыларының бірі Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі…» — деген болатын. Жақында Төле би атындағы жалпы орта мектептің директоры Халдар Османовқа жолығып, білім ошағының тыныс-тіршілігімен таныстық. Түркістан қаласынан жеті шақырым жерде Шобанақ ауылы орналасқан. Бұл елді мекенде тұрғындар сонау ғұлама сопы Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген заманнан мекендеп келеді. Себебі, осы жерде Қожа Ахмет Ясауидің замандас достарының бірі Имам Марқозы (Көк тонды ата) халыққа дінді насихаттаған. Кеңес одағы кезінде елді мекен Еңбекші дихан деп атала бастады. 1970-1982 жылдары білімді де білікті азамат, марқұм ұстаз Аманұлла Тажибаев асарлатып мектеп ғимаратын салды. Өз тарихы барысында мектеп Жданов, Хамза атымен аталса,1993 жылдан бері қарай «Шобанақ» орта мектебі деп аталып келді. Ал,  биылғы жылдан бастап Төле би атындағы жалпы орта мектеп болып атауы өзгерді. 1955-1989 жылдары мектепке Аманулла Тажибаев басшылық жасаған болса,1989-2004 жылдар аралығында Турметов Егемберді Турметұлы мектеп директоры қызметін атқарды. 2005-2012 жылдары Шобанақ орта мектебінің директоры Наршабаев Зубайдилланың еңбегінің арқасында мектепте спорт кешені және 3 қабатты жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Мектеп ашылғалы бері қаншама ұлағатты ұстаздар ел перзенттеріне білім нәрін беріп келеді және өздерінің міндеттерін абыроймен атқаруда.

Еліміздегі ертеңгі тізгін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз, басшы Османов Халдар Асенұлы 2018 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда мектепте 713-ге жуық оқушы білім алуда. Оқушылар екі ауысыммен оқиды,сабақтар қазақ және өзбек тілдерінде оқытылады. Жалпы мектепте 122 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 89 педагог шәкірттерін аянбай білім нәрімен сусындатуда. Мектептің педагогикалық ұжымы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде тынбай еңбек етіп келеді. Мектептегі педагогикалық ұжым мектептің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі бойынша тәрбие мен білімді ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс атқаруда. Атап айтар болсақ, бұл білім мекенінде 3 педагог-шебер, 16 педагог-зерттеуші, 15 педагог-сарапшы, 35 педагог-модератор, 7 магистр біліктілік санатына ие мұғалімдер еңбек етеді.

Мектеп оқушылары мұғалімдердің ізденімпаздылығы мен еңбектерінің арқасында халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанып келеді. Әрине, ұстаздық жолында үлгі тұтатын мектепте еңбегі сіңген ұстаздар да баршылық. Атап айтсақ, 40 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың қатарында Аметова Огул, Абухаликова Сабахат, Убайдуллаев Бахадир, Саркулова Шакира, Убайдуллаева Гулчехра, Абдураимова Аширай болса, әртүрлі байқау олимпиадаларда оқушылары топ жарып келе жатқан ұстаздар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдурасул Умаров, Мухаббат Хатамбаева, Тажихан Азимова, Абдуқадир Умаров, Илхам Жұмабаев, Османов Бабирхан, Умарова Бибихадиша, Бағлан Есей, Әбдрей Аймандарды айтуға болады. «Ұстаздың жемісі – шәкірттің жеңісі», демекші халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз. Бүгінгі жастарды қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу бүгінгі педагог қызметкерлерінің алдында тұрған зор міндеттерінің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттерінің бірі. Ұлтымыздың болашағын ойлаған Алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»,- деп ұлт болашағын ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

Аталмыш мектеп мұғалімдері ізденуді тоқтатпай өз білімдерін ұдайы шыңдап, шәкірттерімен бірге биік шыңдардан көрініп келеді. Осы орайда мектеп басшысы Халдар Османов жетістік биігінен көрінген оқушылар мен ұстаздар туралы өз ойын жеткізді. «Биылғы оқу жылында бірқатар оқушыларымыз түрлі сайыстарға қатысып , жүлделі орындардан көрінуде. Атап айтар болсақ, «Дарын»республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен тарих пәнінен өткізілген «Тарих ата» олимпиадасында 35 оқушы 1,2,3 орындарды иеленді». Сонымен қатар, «Абайтану» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Бекполатова Зухра 3-орын,5-9 сынып оқушыларының арасында өткізілетін «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің нышаны»атты өзге ұлт өкілдеріне арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Абусаттарова Жасмина 2-орын, 9-сынып оқушысы Абдусаттарова Нигора 3-орынды иеленіп қайтты. Аудандық «Мұқағали оқулары» байқауынан 11-сынып оқушысы Абдиманнапова Мухлиса 2-орын, «Қазақ хандығының басқару жүйесі және қазақтың үш биі» тақырыбындағы сурет байқауында Байметова Севинч 2-орын иеленді. Аудандық «Тарихи қажеттілік дүниеге әкеліп, заман қажеттілігі кіндігін бірге кескен билер «атты шешендік сөздер мен толғауларды жатқа мәнерлеп айтудан 9-сынып оқушысы Сулеймен Дияна 2-орын, 9-сынып оқушысы Бекполатова Зухра 3-орын иеленді. Облыстық математика пәнінен ұйымдастырылған «Алтын сақа» олимпиадасынан 3-сынып оқушысы Нематжан Нұржан 3-орын, 4-сынып оқушысы Балтабай Мұқадас 2-орын, 4-сынып оқушысы Махмұд Нұрай 2-орынды иеленді. Облыстық «Бастау» олимпиадасына Мухаметжан Давлатбек қатысып 3-орын, 2-сынып оқушысы Иса Бекнұр жүлделі 2-орын иеленді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырып, рухани- адамгершілік тұрғысынан тәрбие мен білімді қатар беріп, білімді терең игерудің бірден-бір жолы- заманауи тиімді әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылыққа жетелеу — бүгінде ұстаздарға қойылатын басты талап. Мектебіміздің ұстаздары республикалық, облыстық, аудандық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсақ, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Абдурасул Умаров «Үздік оқу ісі орынбасары – 2022» номинациясын жеңіп алды. «Үздік қосымша білім беру педагогі-2023» байқауынан Азимова Гулхае 2-орын иеленді. «Өнерлі ұстаз» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Әбдрей Айман 1-орынға ие болды. Халықаралық өрлеу, өркендеу ғылыми ақпараттық танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастырылуымен өткізілген «Үздік педагог» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Абсадыкова Алима, Исмаилова Нигора, Исмаилова Гузал 1-орынды жеңіп алды.

«Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл Фараби бабамыз айтқандай, мектебімізде тәрбие жұмыстары 8 бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Кәмелет жасқа толмаған оқушылар арасында құқық бұзушылықтың тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Сауран аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог мамандарымен, қоғамдық келісім КММ-ның мамандарымен дін мәселелері зерттеу орталығының теолог мамандарымен оқушылар арасында кездесулер өткізіліп тұрады», — дейді мектеп директоры.

Previous Post

Түркістанда жас ұстаздар форумы өтті

Next Post

Ұстаздықпен әрі дәрігерлікпен адам жаны мен тәнін емдеген азамат

Related Posts

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде орналасқан Түркістан көпсалалы - техникалық колледжінде жастардың, студенттердің қатысуымен  «Мамандығым-болашағым» тақырыбында ашық есік күні өтті....

Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың  төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 6 мәселе қаралып,...

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй қорынан пәтер алу, жердің нысаналы мақсатын...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Бүгін – Дүнижүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Елімізде 5 маусым – эколог мамандардың кәсіби мерекесі санатында атап өтіледі. Қазақстан жаһандық...

Next Post
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…

Ұстаздықпен әрі дәрігерлікпен адам жаны мен тәнін емдеген азамат

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,497)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page