• Latest
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…

Түркістан: Отырарда «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты іс-шара өтті

28/11/2023
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

10/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

10/07/2025

Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың талап тілектерін тыңдады

10/07/2025
Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

10/07/2025
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

09/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

09/07/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, July 13, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Түркістан: Отырарда «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты іс-шара өтті

28/11/2023
in Қоғам
0
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…
516
SHARES
1.5k
VIEWS

Түркістан облысы Отырарда «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға білім саласының ардагерлері, ұлағатты ұстаздар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап, салтанатты шараны ашып берген аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов мұғалімдердің болашақ ұрпағымызды оқытып, тәрбиелеудегі рөлінің маңызы зор екенін айтты. «Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. ХХІ ғасырдың ұстазы өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сала білетін, ерекше талантты, күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі тәрбиеші – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті.

Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Өз елінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін бойларына сіңіргенде ғана нағыз азамат тұлғасы қалыптаспақ. Ендеше жоғарыдағылардың бірі кенішін созып жатса, санамызда саңылау, жүрісімізде сылтау пайда болары сөзсіз. Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» дегендей, мектептегі барлық пәндердің бір үндестігі, ынтымақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі деп ойлаймын. Сондықтан тәрбиеші тәлімгер ретінде оқушыларымыздың жан-жақты білім алуы мен мәдени дамуына, балауса өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлемін. Оқушы жанын, ойын, өнерге деген құштарлығын байқап, баланың бал қылығын музыкамен, сахналық өнермен, спортпен байланыстырса, тұлға үлкен жетістіктерге жетпек. Тұрмысы төмен, толық емес от басында дүниеге келген, мінез, тәртіптегі кемшіліктері бар, қиын оқушыларды түзу жолға салып, олардың жүректерін ізгілікке баулуда, эстетикалық сезімін оятып, парсаттылық қасиеттерін қалыптастыруда өнер арқылы тәрбиелеудің жемісін көріп келемін. Сабаққа кешігетін, оқуға қызығушылығы төмен оқушыларды өнер үйірмелеріне тарту арқылы жауапкершілікті сезінуге, сенімді ақтауға ұмтылу сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етемін.

Бүгінгі күні мектепшілік арнайы профилактикалық есепке алынған оқушылардың болмауы, олардың жаппай мектепшілік, қала басындағы үйірмелерде бос уақыттарын үнемді әрі қызықты өткізілуінен деп сенемін. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей әр оқушының бойында қандай өнерге икемі барын анықтап, әншілік, бишілік, актерлік өнерге және спорт түрлеріне лайықтап баулудамын. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс», – деді аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов. Сондай-ақ мерекелік шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева мен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Егемберді Қасым шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген құрмет қашан да жоғары болатынын айта келе бірқатар білім қызметкерін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Previous Post

Түркістан: Ордабасылық мұғалімдер эпикфейлтрек форматында кездесу өткізді

Next Post

Түркістан: Созақ ауданында ұстаздарға арналған жиын өтті

Related Posts

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Алишер Сатвалдиев және “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауданға...

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында қаладағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кезекті оқу...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында адам саудасының алдын-алу бойынша іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, күн...

Next Post
Баланы отаншыл етіп тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті

Түркістан: Созақ ауданында ұстаздарға арналған жиын өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,599)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In