• Latest
Сауран ауданындағы автомобиль жолдарының 65 пайызы асфальттанған

Сауран ауданындағы автомобиль жолдарының 65 пайызы асфальттанған

20/05/2024
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025

02/05/2025
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

30/04/2025
АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

28/04/2025
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

26/04/2025

25/04/2025
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20/04/2025
Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

20/04/2025
ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20/04/2025
АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

19/04/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, May 10, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Сауран ауданындағы автомобиль жолдарының 65 пайызы асфальттанған

20/05/2024
in Қоғам
0
Сауран ауданындағы автомобиль жолдарының 65 пайызы асфальттанған
496
SHARES
1.4k
VIEWS

Сауранда аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары  731 шақырымды құрайды. Аудандық жолдардың 65 пайызы асфальттанған. 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы  26 көшеге яғни, 58,6 шақырымға  асфальт жол салынады. Сонымен қатар,  72 шақырым тас төсеу жұмыстары атқарылып, 2024 жылы 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді.  (Елді мекендерде аяқжол салу қажет ететін 24 шақырым аяқжолдың 9 шақырымы ағымдағы жылы, қалған 15 шақырымы 2025 жылға жоспарланған.  12 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, 5 көпірді 2023 жылы, 2024 жылға 10 көпір, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда). Қоғамдық көліктер бойынша, аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт жоспарланып, 3 бағыт бойынша қызмет көрсетілуде. «Құмайлықас – Шорнақ», «Ескі Сауран – Шорнақ», «Шорнақ – Нұртас, «Қаражон – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы,    «Абай – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы»;     «Жалаңтөс – Қазақстанның 30 жылдығы».

Сауран ауданын газбен қамту бойынша ауданның 10 елді мекеніне табиғи газ құбыры жүргізіліп, қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайыз. 2020 жылы жеке әріптестік арқылы салынған газ құбыры өз шешімін көп жылдар бойы таппай келген. Жыл басында Бершінтөбе, Ойық, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылды.(Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы, Ескі Иқан, Ибата, Бершінтөбе, Ойық). Сонымен қатар, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шорнақ ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. (Жоба құны – 22,6 млрд.теңге). Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды. 2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жоспарланған.

Сауран ауданында электр қуатымен қамту бойынша аудандағы елді мекендердегі электр желілері мен бағаналары 70-ші жылдары салынып, тозығы жеткен. Қазіргі таңда, 32 жоба әзірленіп, 17 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды (5.7 млрд. теңге) Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды. Сонымен қатар, 2023 жылы бюджет есебінен 39 дана трансформатор орнатылды және 2024 жылға 20 данасын алу жоспарлануда.«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен «Қайта құру және жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2024-2027 жылдар аралығында 68,6 шақырым электр желілері (ВЛ-35кВ, ВЛ-10кВ, ВЛ-0,4кВ) жаңартылып, 20-дана трансформатор орнатылуы жоспарлануда.

Сауран ауданында 33 елді мекен ауыз сумен қамтылған. (Егізқара елді мекені құдық арқылы). 2023 жылы Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.  Тәулік бойы ауыз сумен қамту мақсатында, ауыз су тарату орталықтарындағы 68 дана тозығы жеткен су насостары ауыстырылып, 8 елді мекеннің ауыз су берілу уақыттары 24 сағатқа ұзартылды.  Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл, С.Қожанов елді мекендердегі ауыз су мәселесін шешуге 5 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке – 8,8 млрд. теңгеге қаржы бөлуге ұсынылды. Сондай-ақ, Еңбекші Дихан, Қаражон, Ынталы, Бершінтөбе, Қосқорған елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жобалары әзірленуде.

Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша 6 полигонға қоршаулар мен қарауылханалар салынды және 74 ыстық нүктелер мен көп жылдар бойы жиналған 137 гектар бей-берекет қоқыс полигондары жойылды.

Абаттандыру: ағымдағы жылы 6 елді мекенде балалар ойын алаңшалары, 2 футбол алаңы мен желілік саябақ және 13 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылатын болады. Әкімшілік іскерлік аумағының орталығынан Рәміздер алаңы мен  «Орталық саябақ» құрылысына жобалар әзірленуде.

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылы 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 106,1% құрады. 2023 жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артты.

  1. Бидай – 4 254 гектар (түсімі 32 цн/га, өнім көлемі 13 613 тн);
  2. Дәндік жүгері – 2 903 гектар (73 цн/га, 21 192 тн);
  3. Майлы дақыл – 690 гектар, (16 цн/га, 1104 тн);
  4. Бақша – 6 487 гектар, (330 цн/га, 214 071 тн);
  5. Картоп – 470 гектар, (280 цн/га, 13 160 тн);
  6. Көкөніс – 2 482 гектар, (370 цн/га, 91 834 тн);
  7. Мал азықтық дақылдар – 15 130 гектар,(87цн/га,131 631 тн);
  8. Мақта – 11 666 гектар, (31 цн/га, 36 165 тн).

Нәтижесінде өсімдік шаруашылығы – 70,8 млрд. теңге өнім өндірді.

Алынған өнімдердің бір бөлігі аудан, облыс  тұрғындарының қажеттілігіне жаратылса, 118 мың тонна бақша және 20 мың тонна көкөніс өнімдері, яғни 26 пайыз өнімдері жақын шет елдер нарығына шығарылды.

Ауданда жалпы мал саны 515 404 бас, құс саны  – 160 020 құрап отыр.

Мал шаруашылығында – 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт; 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі  – 30,5 млрд. теңгеге жетті.

Ауданда жалпы 2096 ауыл шаруашылығы техникасы бар. Өткен жылы 64 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан алынса, ағымдағы жылы 69 техниканы сатып алуды жоспарлаудамыз.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  163,3% артты. Облыс  үлесінің 11%-ын құрайды.

  1. Оранғай а/о 600 басқа арналған сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимараты (жоба құны 1840 млн.тг);
  2. Үшқайық а/о 2 гектар жерге балық шаруашылығын дамыту (жоба құны 624 млн.тг)
  3. 64 дана ауыл шаруашылығы техникасы (жоба құны 1460 млн.тг)
  4. Иассы а/о 500 бас жылқы, 300 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы (жоба құны 502,0 млн.тг)
  5. Жаңа Иқан а/о 200 бас ІҚМ, 2000 бас уақ малға арналған мал қора және малшы үйі құрылысы (жоба құны 389,0 млн.тг)
  6. Ескі Иқан а/о 150 ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы (жоба құны 425,0 млн.тг)
  7. Ескі Иқан а/о 200 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы жоба құны 447,5 млн.тг)
  8. Бабайқорған а/о 525 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры (жоба құны 520 млн.тг)
  9. Жаңбырлатып суару құрал-жабдықтары (жоба құны 4488 млн.тг)

10.Шаға а/о қойма құрылысы  (жоба құны 200 млн.тг)

11.Кондитерлік цех құрал-жабдықтары (жоба құны  415 млн.тг)

12.Мал қора малшы үйі құрылысы (жоба құны 810 млн.тг)

2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны – 19,4 млрд. теңгеге 11 ірі және 35 шағын инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.

  1. Ескі Иқан а/о Қуаттылығы жылына 3000 тонналық мақта майын өндіру цехы;
  2. Оранғай а/о Қуаттылығы жылына 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма:
  3. Шаға а/о 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасы;
  4. Жаңа Иқан а/о 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру:
  5. Жібек Жолы а/о 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру;
  6. 2024-2027 жылдары – мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару, жіп өндіру, мата шығару жобасы;
  7. Шорнақ а/о 400 гектар жерге жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру;
  8. Оранғай а/о 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу;
  9. Оранғай а/о 1,0 гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысы;
  10. Шаға а/о 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салу;
  11. Оранғай а/о 5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау алаңы;

Сауран ауданы Шаға ауылдық округінде орналасқан «SAURAN» индустриалды аймағы құрылды. Мұнда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау,  жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Жалпы аумағы 30 гектарды құрайды.

Аталған аймақта 11 Brownfield – дайын өндірістік ғимарат құрылысы аяқталып, 8 жоба орналастыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда:

  1. «JASYL SUIQ QAZAQSTAN» ЖШС – Өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіру. Жоба құны – 10,0 млрд.теңге. (жұмыс орындар саны – 500)
  2. «BNK Group Ltd» ЖШС – Жаңбырлату суару жабдықтарының өндірісі. Жоба құны – 5,0 млрд.теңге. (жұмыс орындар саны – 80)
  3. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» – Корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісі. Жоба құны – 3,5 млрд.теңге. (жұмыс орындар саны – 100). Оранғай ауылдық округінде аумағы 365 га құрайтын «Тұран» арнайы экономикалық аймағын іске асыру көзделуде. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым құрылыстарының жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданына өткен жылы 34,6 млрд.теңгеге 8 инвестициялық жобалар іске асты.  тартылды. Нәтижесінде 496  адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

1.Үшқайық ауылдық округінен «Иманқұл ата» шаруа қожалығы – балық шаруашылығын дамыту. Жобаның құны – 600,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны –  10)

  1. Қарашық ауылынан «Тұран» шаруа қожалығы – мектеп құрылысы, жобаның құны – 1440,0 млнт.тг. (жұмыс орындар саны – 30)
  2. Шаға ауылынан «БНК АГРО» ЖШС – Сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимарат құрылысы. Жобаның құны – 840,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 10)
  3. Ескі Иқан ауылынан «Tемір ата» шаруа қожалығы – Мал бордақылау алаңы. Жобаның құны – 450,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 10)
  4. Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Sauran Plast» – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кешені. Жобаның құны – 675,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 10)
  5. Ескі Иқан ауылынан жеке кәсіпкер «Абдусаттаров» – Сапар орталығы. Жобаның құны – 97,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 4)
  6. Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Байжанова» – техникалық және жол сервисі орталығының құрылысы. Жобаның құны – 150,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 2)
  7. Иассы ауылдық округінен жеке кәсіпке «ӨЗЕН» – Демалыс аймағы. Жобаның құны – 101,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 7)

2024 жылы 37,0 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 849 жұмыс орыны ашылады.

  1. Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» ЖШС – 400 гектарға қара өріктен жеміс шырынын тікелей сығу өндірісі. Жоба құны – 8,5 млрд.теңге. 2022-2026 жыл (жұмыс орындар саны – 54, жер аумағы – 400 гектар)
  2. Шорнақ ауылынан ЖК «Sauran Plast» – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешені. Жоба құны – 500 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 15, жер аумағы – 3 гектар)
  3. Шыпан ауылынан ЖК «ASIABRAND» – Отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібі. Жоба құны – 800 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 20, жер аумағы 4 гектар)
  4. Теке ауылынан ЖК «ND PLAST TURAN» – Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу. Жоба құны – 300 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 10, жер аумағы 1 гектар)
  5. Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» ЖШС – Жұмсақ жиһаз өнеркәсібі. Жоба құны – 500 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 50, жер аумағы – 15 гектар)
  6. Бостандық ауылынан «Ныш Ер» ЖШС – Демалыс орны және қонақ үй құрылысын салу. Жоба құны – 2,2 млрд.теңге. (жұмыс орындар саны – 10, жер аумағы 1 гектар)
  7. Еңбекші Диқан ауылынан ЖК «ӨЗЕН» – Демалыс орны. Жоба құны – 350,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 35, жер аумағы 2,1 гектар)
  8. Қаражон ауылынан ЖК «Ердаулет» – Демалыс орны. Жоба құны – 350,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 85, жер аумағы 1 гектар)
  9. Шорнақ ауылынан «Sayazhai» ЖШС – Жол бойындағы «Бауырсақ» қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 424,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 20, жер аумағы 6 гектар)
  10. Абай ауылынан «SAKETAU Resort» ЖШС – Отбасылық демалыс орны. Жоба құны – 150,0 млн.теңге. (жұмыс орындар саны – 10, жер аумағы 2 гектар)
  11. Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС – 20 МВт күн электр станциясының құрылысы. Жоба құны – 8,0 млрд.теңге. 2024-2025 жыл (жұмыс орындар саны – 8, жер көлемі – 64 гектар).

Сауран ауданында өнеркәсіп саласында 11,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде: Тау кен өндіру өнеркәсібінде 465,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар (13 келісім-шарт және 19 лицензия). Өңдеу өнеркәсібінде 8,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда:

  1. Тамақ өнімдерін өндіру саласында 2 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 549,6 млн.теңге
  2. «Тұран» ШҚ
  3. «Яссы Құс» ШҚ
  4. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 5,4 млрд.теңге.Бүгінгі таңда «Нұр-Строй ЛТД» ЖШС-не тиесілі кірпіш зауытының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта өндіріс орнын іске қосу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.
  5. Жиһаз өндіру саласында 25 өңдірістік цехтары болса, басым бөлігі үйіргелік жерлерде орналасқан. Өнім көлемі 752 млн. теңге.

Сауран ауданында 12 ауылдық округ, 34 елді мекен бар. Халық саны  101 мың 981 адамға жетіп, облыс халқының  4,8 % құрап отыр.  Жалпы өңірлік өнім. 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 119,2%-ға артып отыр. (2022 жылы 101,0 млрд. теңге) Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 1 млн 182 мың теңгені құрады.  Өңірлік өнімнің ішінде 84,7% ауыл шаруашылығына, 9,2% өнеркәсіп саласына, 4,7% құрылыс саласына, 1,4% сауда саласының үлесінде.

Шағын және орта бизнес. Өңірде 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасайды. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  6,0 млрд. теңгеге артып, 49,4 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы өнім көлемін 85,0 млрд. теңгеге жеткізу күтілуде. Өткен жылы Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген 7% несиемен қамтамасыз етіліп, Даму қоры арқылы 19 жобаға (1 990,0млн.теңгеге) банк несиелері субсидияланды.

Туризм. Ауданда 56 тарихи-мәдени нысандар бар  Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата кесенелері бар. Тарихи-мәдени нысандарына өткен жылы  85 579 турист келді.  Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізуде. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға беріледі. Демеушілер есебінен 97,0 млн.теңгеге Жүсіп ата кесенесінің айналасына абаттандыру құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 1,1 млрд.теңгеге инвестиция тартылып, Жоспар 110 % орындалды.

Ауданда 2839 гектар су үнемдеу технологиясы орнатылған. Ол жалпы егіс көлемінің 6,4% құрайды. Жоғарыда аталған жобалар есебінен биылғы жылы қосымша 4839 гектар жерге су үнемдеу технологиялары орнатылып, 7678 гектарды құрап, жалпы егіс көлемінің 17,8 пайызына жетеді.

«Ауыл аманаты» жобасы.  Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған «Ауыл  аманаты» пилоттық  жобасымен 191 жоба 1 267 млн.теңгеге қаржыландырылды.  Мал шаруашылығы бағытында – 165 жоба қаржыландырылып, 3 175 мал сатып алынды. (құны 1 005 млн. теңге). Өсімдік шаруашылығы – 9 жоба қаржыландырылып, жалпы көлемі – 1,7 га жерге жылыжай салынды. (құны – 54 млн. теңге). Балық шаруашылығы – 2 жоба қаржыландырылып, 2 кәсіпкер балық шаруашылығын дамытуды қолға алды.(құны – 17 млн. теңге). Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері – 5 жоба  қаржыландырылып, 5 техника сатып алынды.(құны – 124 млн. теңге)

Өз кәсібін ашуға – 10 жоба  қаржыландырылып,  2 наубайхана, 2 газоблок, 1 пластиктен құрылыс заттарын шығаратын цех, 1 дәнекерлеу цехы, 1 пеноблок шығару өндірісі, 1 шлакоблок шығару цехы, 1 пенопласт шығару өндірісі мен 1 ағаш өңдеу цехтары ашылды.(құны 68 млн. теңге)

Ауданның жалпы жер көлемі 643 449 гектарды құрайды. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатта 275 273 гектар, суармалы жер  44 441 гектар. Нақты қолда бар  мал санына шаққанда  жүктемеге сәйкес қосымша  111,0 мың гектар жер учаскесінің қажеттілігі анықталды.  Бүгінгі таңға  67,0 мың гектар ортақ жайылым үшін қайтарылып, 208 меншік иелерімен 44,0 мың  гектар сотпен мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.

Бюджеттің кіріс бөлігінде, 2023 жылы жергілікті салықтардың нақты түсімі 2,6 млрд. теңгені құрап, жоспар 104,9%-ға орындалды (жоспар 2 494 832,0 мың теңге, нақты 2 617 356,5 мың теңге немесе 122 524,5 мың теңеге артық орындалы). 2023 жылға жоспарланған ағымдағы шығыстар көлемі 9,4 млрд. теңге болса, оның 27,7%-ы ғана жергілікті кірістер есебінен жоспарланып отыр.  Жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттерге тәуелділік 72,3%-ды құрады.

ҚР Салық Кодексі негізінде, салықты әкімшілендіру, көлеңкелі экономиканы азайту, инвестициялық жобалар есебінен жаңа жұмыс орындарын құру арқылы аудан бюджетінде жергілікті кірістердің үлесін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауданның әкімшілік іскерлік орталығынан 38 гектар жер бөлінген. Бүгінгі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданда 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бюджеттік мекемелерде қызмет жасайтын 358 азамат  өзге аудан және қалалардан келіп жұмыс жасайды.  Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Интернетпен қамту Ауданда 19 елді мекенде 4G интернет жылдамдығымен қызмет жасаса,  9 елді мекенде 3G , 4 елді мекенде 2G (Ойық, Шойтөбе, Аша, Қосмезгіл) Егізқара елді мекені интернет желісімен қамтылмаған. Аталған мәселе бойынша 7 елді мекенге инспекция тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, байланыс операторларына айыппұл салынды. 2024 жылдың жоспарына сәйкес ТОО «Кселл» операторы тарапынан 8 елді мекенге (Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қарашық) жаңа базалық станция қойылу жоспарлануда. Қазіргі таңда жер рәсімделіп, жұмыстар жүргізілуде.

. Аудан халқының 43,4 мың адамы еңбекке жарамды. 2023 жылы 629 отбасыға (3 938 адам) атаулы әлеуметтік көмек төленді. Кедейлік шегіндегі азаматтар саны аудан халқының 3,9%-ын құрайды (облыс көрсеткіші 7,4%). Көмек алған отбасылардың 1 202 балаларына қосымша қаржылай көмек көрсетілді. Осы көмекті алушылардың қатарындағы еңбекке қабілетті 1 147 адамы жұмыспен қамтылды. 2024 жылғы жоспарға сәйкес 569 отбасыға (3562 адам) атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы, 2024 жылы 376 аз қамтылған отбасының табысын арттырып, кедейлік шегінен шығару  көзделуде. Бүгінгі таңда Шорнақ елді мекенінде  «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады. Орталықтың мақсаты халықтың осал топтағы азаматтарын қолдап, кәсіптік бейімдеуге тарту.  (Онда  күнделікті 10-15 адамды кәсіпке бейімдеу шараларын ұйымдастырады).  Ауданда жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5 пайызды құрайды. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясындағы  2023 жылы 7 998 азамат жобаға қатысты.

Білім беру. Аудандағы 53 білім беру ұйымдарында 25 570 оқушы білім алуда. 47 типтік, 8 ыңғайластырылған, 3 саманды білім ордалары бар. Оның ішінде 9 413 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.  2023 жылы 42 мектепке дабыл батырмасы орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды. 28 мектепке амандандырылған күзетпен қызмет көрсетілуде. Білім ордаларына 360 дана бейнебақылау камералары орнатылып, 10 мектептің қоршауы ауыстырылды. Сонымен қатар, 700 баладан асатын 13 мектепке 52 турникет қойылды.  (Аудандағы барлық мектептер 100% әжетханамен қамтамасыз етілген). «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылы 3 мектеп, 2025 жылы 600 орындық 2 мектеп пайдалануға берілетін болады. Оранғай ауылында 150 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, Абай елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысы жұмыстары ағымдағы жылы бастау алады. 2023 жылы 774 орынға арналған 4 жекеменшік мектеп ашылды. 2024 жылы 900 орындық 1 мектеп пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылы 300 орындық «Оқушылар сарайына» жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Аудан бойынша 1 аудандық емхана, 1 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 дәрігерлік емхана (ВА), 13 фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 медициналық бекет және 4 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасайды. Аудан орталығынан 500 келушіге арналған емхананың жаңа ғимаратының құрылысына және Шаға, Құшата, Жалаңтөс ауылдарынан фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын салуға құжаттары рәсімделуде.

Previous Post

Сауран ауданын газбен қамту көрсеткіші 30 пайыздан асты

Next Post

Сауран ауданында биыл 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді

Related Posts

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

by Алаш Ақпарат
07/05/2025
0

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...

by Алаш Ақпарат
05/05/2025
0

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

by Алаш Ақпарат
03/05/2025
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл - ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі...

by Алаш Ақпарат
02/05/2025
0

Келес ауданында облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесінде ата-ананың эмоционалдық қолдауының маңызы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті....

Next Post
Сауран ауданында биыл 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді

Сауран ауданында биыл 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,458)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page