• Latest
Түлкібас ауданы: Кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қолдаулар таныстырылды

Түлкібас ауданы: Кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қолдаулар таныстырылды

02/07/2024
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025

02/05/2025
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

30/04/2025
АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

28/04/2025
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

26/04/2025

25/04/2025
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20/04/2025
Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

20/04/2025
ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20/04/2025
АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

19/04/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, May 10, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Түлкібас ауданы: Кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қолдаулар таныстырылды

02/07/2024
in Қоғам
0
Түлкібас ауданы: Кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қолдаулар таныстырылды
515
SHARES
1.5k
VIEWS

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Түлкібас ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында семинар-тренинг, экскурсия өтті.Семинар-тренинг, экскурсия мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.

Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін тамаша мүмкіндік. Себебі, мұнда:

– “Жастарға арналған 2,5 % несие”

– “Бизнестің жол картасы-2025”

– “Бастау бизнес” жобасы жөнінде ақпараттармен бөлісті.

Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек. Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде танысып, түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мен шара қонақтары Т.Рысқұлов ауылында орналасқан «Алтынай» ательеде және «Ledy» сабын цехында болған  жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің жұмысымен танысты.

“Ledy” ЖШС- нің тәжірибе алаңын – Жидебай Ермахан таныстырды. Өндіріс орнында 3 адам жұмыс істейді. «Алтынай» тігін өндіріс орнында 5 адам жұмыс істейды, сонымен қатар жастар практикасымен жастарды жұмысқа қабылдай алады. Кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.

Қалтаңызда немесе банк шотыңызда 1 миллион теңге бар. «Бұл қаржыны қалай көбейтуге болады?» деп жиі ойлайтын шығарсыз? Жиған ақшаңызды депозитке салып, пассив табыс тапсаңыз болады немесе оны бизнеске инвестиция ретінде құя аласыз. Әрине әр бизнеске тән қатер де болуы мүмкін.

Кітап дүкені. Керім Аянқызының кітап дүкені бар. Оның негізгі мамандығы — журналист. Ол бұл кәсібін 0-ден бастаған деуге де болады. «Кішкентайымнан кітап оқуға құмар болып өстім. Бұған себеп ата-анамның үнемі кітап сатып алып беруі болды. Мен де соны ескеріп, балалар кітапқа қызығуы үшін әр кітаптың жарнамасын жақсы жасау қажет деген ойға келдім. Ол үшін ең әуелі баспалармен келісімге келдім. Бірінші «Мазмұндама» баспасына шықтым, олар маған алғашында кітаптарды тегін берді, оны сатқан соң қарызымды қайтардым. Кәсіпті осылай бастап кеттім, — дейді Керім.  Кейін ол «Қасым», «Отбасы хрестоматиясы» баспаларымен келісімге келіп, бизнесіне 300 мың теңге көлемінде инвестиция құйған.  Кітаптарды әлеуметтік желі арқылы онлайн сатқан. Керімнің айтуынша, қай бизнесте де ең алғашқы клиенттер — туыстар, әріптестер және олардың таныстары.

Киім дүкені. Гүлзат Досымбаеваның қазір Талдықорғанда, Алматыда және Астанада әйелдерге арналған киім дүкендері бар. Кәсіпкер бұл бизнесті 50 мың теңгемен бастаған. Киімді Алматыдағы дүкендердің бірінен көтерме бағаға сатып алған. Алғашқы клиенттері туыстары, таныстары, достары болған. Кейін ата-анасының көмегімен 500 мың теңгеге киім бутигін ашқан.

«Бұл қаржыны ата-анам берді. Оған 11 шаршы метр болатын бутик, тауар сатып алдым. Басында киімді Алматыдағы дүкендерден көтерме бағада алатын болып келістім. Кейін нарықты, қыз-келіншектердің талғамын ескере келе, ерекше, көп жерде кездесе бермейтін, сәнді, ең бастысы — сапалы киім сатуым қажет екенін білдім. Сөйтіп, анаммен бірге Түркияға барып, әр көйлекті қолмен ұстап, сапасын тексеріп, алатын болдым. Осылайша кәсібім өрлей бастады. Сапалы, талғамға сай киімдер әрқашан сәнде болады», — дейді киім дүкенінің негізін қалаушы Гүлзат.  Қазір кәсіпкер Талдықорғандағы дүкенінің ауданын 50 шаршы метрге кеңейткен. 10-ға жуық адамнан құралған командасы бар. Осындай кәсіп бастаған азаматтарға сабақ болар үлкен қатемнің бірі — бутикті бірден сатып алуым. Дұрысы — жалға алу. Ол жер жақпай қалып, басқа жаққа көшетін кезде сауда үйі бутиктің ақшасын қайтарып бермейді. Осындай кәсіп ашқалы жатқан азаматтарға тағы бір айтарым — бір бағытты анықтау. Мысалы, тек әйелдер киімі, тек ойыншықтар немесе балалар киімі. Нишаны ауыстыра беру көп жағдайда тиімсіз, — дейді кәсіпкер.  Гүлзаттың айтуынша, Түркияға барып, тауар сатып алу үшін кемінде 1-2 миллион теңге қажет.

Сұлулық салоны (маникюр, шугаринг, шаштараз). Біздің кейіпкерлеріміздің тәжірибесін туралы тыңдасақ, бизнес бастау үшін көп қаржының қажеті жоқ. Ең бастысы – ептілік. Қай салаға икеміңіз келеді, соны бастап кеткен жөн. Сондай кәсіптің бірі – сұлулық салонын ашу. Әр адам өзіне қызық болатын шаштараз немесе маникюр, шугаринг курстарын оқып алса болады. Басында салонды шағын етіп ашып, 1 миллион теңгеге дейін инвестиция құю қажет. Курс бағасын 50 – 300 мың теңге көлемінде сатып алуға болады.  Бұл бизнесте ең бастысы – салонды жақсы жерден ашу және клиент базасы. Осы екеуі жақсы таңдалса, кәсібім өрге домалады дей беріңіз.

Оқу орталығы. Сымбат Айдарханның Алматыда оқу орталығы бар. Ол бұл кәсібін 300 мың теңгемен бастаған. Орталықта мектепалды даярлықтан бастап, бастауыш сыныптардың үй тапсырмасына көмектесу, ҰБТ-ға дайындық, IELTS, базалық ағылшын тілі деңгейлері, 9-сыныптан кейінгі емтиханға дайындыққа дейін оқытылады. Сымбаттың айтуынша, ағылшыннан басқа, кәріс, араб тілдеріне да сұраныс бар.

«Бұл кәсіпті 2017 жылы бастадым. Бірақ ол ұзаққа бармады. Себебі ол оқу жылы біткен кез болатын. Жалпы оқу орталықтарын маусымдық жұмыс деуге де болады. Тек оқу кезінде мол табыс табу мүмкіндігі бар, ал жазда көп клиент базасы, мол тәжірибесі бар орталықтар ғана кіріс көруі мүмкін. Сөйтіп, 2017 жылғы қатемнен сабақ алып, кәсібімді биылғы оқу жылынан бастап кеттім. Ғимарат жалдау құны — 100 мың теңге, тағы 100 мың теңгеге парта, тақта сияқты жабдықтарды алдым, сосын басқа да ұсақ түйектерге 100 мың теңге жұмсадым. Алғашқы айынан бастап бірден кіріс көріп жатырмыз», — дейді Сымбат.  Ол оқу орталығын Алматыдағы Қалқаман-2 ықшам ауданынан ашқан. Бұл кәсіпте орын таңдау өте маңызды екенін айтады.

Біздің орталық мектептен қашық орналасқан. Сол үшін айналадағы үйлердің балаларына даму орталығы өте қажет болды. Орын таңдағанда соны ескердім. Мектепке жақын жерде де бірнеше орталық бар. Бірақ халық тығыз орналасқан жердің де пайдасы мол. Өйткені қазір мектепке баратын әр балаға қосымша білім алу маңызды. Ата-анасы күні бойы жұмыста, ал бала сырласуға, ой-пікірін тыңдайтын ересек адамға, сабағына дайындайтын адамға зәру. Қазір соны қатты байқап жүрмін. Сол үшін орталықта баламен рухани әңгімелесуге, жан-жақты дамытуға көңіл бөлеміз, — дейді Сымбат.

Косметика сататын онлайн дүкен. Диана Юсупованың косметика сататын онлайн дүкені бар. Оның негізгі мамандығы — инженер. Ол кәсіп бастамас бұрын өзін түрлі салада сынап көрген.

«Call-орталықта оператордан бастап, офис-менеджерге дейін түрлі жұмыс істедім. Соңында өзім кішкентайымнан әуестенетін, қызығатын бет күтімін қолға алдым. Түрлі мақала оқып, отандық beauty-блогерлерді жиі бақылаймын. Таныстарым, құрбыларым да бет күтіміне келгенде менен кеңес сұрайтын болды. «Косметика таңдап берші» деп өтініш жасайтындар көп. Осылайша өзіме сенімім артып, кәсіби түрде қолға алдым. Мықты мамандардың курсын оқыдым, осы саладағы дүкенге жұмысқа түрдым. Кейін өзімнің бизнесімді бастап кеттім», — дейді Диана.

Ол бизнесіне бастапқыда 300 мың теңге инвестиця құйған. Алғашқы тапсырыстарын кезінде өзі кеңес берген таныс, құрбы, туыстарынан алған. «Әуелі Алматыдағы сенімді әрі өнімнің түпнұсқасын сататын жеткізушілермен келісімшартқа отырдым. Әлеуметтік желіде, маркетплейстерде парақшамды ашып, көп тапсырыс алдым», — дейді кәсіпкер.

Диананың Kaspi-де, Wildberries-те дүкендері бар. Ол Қазақстанның түкпір-түкпіріне, Ресейдің көршілес өңірлеріне косметика жеткізеді.

Кондитерлік онлайн дүкен. Диана Сейтханның кондитерлік дүкені бар. Ол кәсібін 500 мың теңгемен бастаған.

«Жоғары оқу орнында физика саласында оқыдым. Торт пісіру, кондитерлік сала хоббиім болды. Қызығып жүріп, кондитер көмекшісі болдым. Ресейлік кондитерлердің курстарынан өтіп, сапалы кондитер өнімдерін жасауды үйрендім. Кейін кәсіп жүргізе алатыныма сенімді болдым. Әуелі қуаттылығы 50 Вт болатын миксер сатып алдым, үйде пеш болды. As decor дүкенінен және басқа да кондитерлік дүкендерден құрал-саймандарды сатып алдым», — дейді Диана.

Оның айтуынша, бұл кәсіпте ең бастысы – сапа. Оны клиент жақсы бағалайды. Бірінші жіберген қатем – торттың өзіндік бағасын аз шығару үшін арзан қоспалар қолдандым. Қазір торт пісіретіндер өте көп. Сондықтан бәсеке де жоғары. Оған төтеп беріп, осы нарықта қалу үшін тек сапалы, қымбат өнімдер қосу қажет екенін тез түсіндім. Себебі тапсырыс берушілер мұны жақсы бағалайды. Сапалы өнімге ақша аямайды. Сол үшін тортқа желатин, мастика, түсініксіз қоспалар қоспаймын, — дейді кондитер. Ол онлайн бизнес бастағандар үшін – жарнама жіберу өте маңызды екенін айтты. Диана жарнама таргетингке шамамен 100 мың теңге жұмсайды.

«Күнде таргет жіберсем, күніне 3-4 тапсырыс түседі. Бизнес өзімен-өзі жүріп кетпейді. Сол үшін жарнаманы жан-жақтан жүргізу қажет. Таныстарға, әлеуметтік желілерге таратып, бәріне жар салу қажет», — дейді жас кәсіпкер.

Міне, мұның барлығы болашақ жас кәсіпкерлерге арналған бизнес жоспарлар. Қазіргі таңда мақсаты, жоспары бар жастарға бірнеше мемлекеттік қолдаулар бар. Гранттар, жеңілдетілген несиелер бар.

Previous Post

Түлкібастық жастарға кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 1 МЛРД 615 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Related Posts

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

by Алаш Ақпарат
07/05/2025
0

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...

by Алаш Ақпарат
05/05/2025
0

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

by Алаш Ақпарат
03/05/2025
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл - ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі...

by Алаш Ақпарат
02/05/2025
0

Келес ауданында облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесінде ата-ананың эмоционалдық қолдауының маңызы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті....

Next Post
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 1 МЛРД 615 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 1 МЛРД 615 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,458)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page