• Latest
Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет

Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет

05/08/2024
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

10/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

10/07/2025

Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың талап тілектерін тыңдады

10/07/2025
Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

10/07/2025
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

09/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

09/07/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, July 13, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет

05/08/2024
in Қоғам
0
Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет
499
SHARES
1.4k
VIEWS

Түркістан облыстық жастар орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты жастар лагері өз мәресіне жетті. Лагерь жұмысына еліміздің барлық өңірінен 300 белсенді жас қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров пен  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев іс-шараға арнайы қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы жастармен еркін форматта кездесті. Онда тележүргізуші, актер Дәулет Бижанов модераторлық етті. «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетудегі әріптестік: жастар мен мемлекет» диалогтық алаңында бірге өзекті тақырыптарды қозғап, пікір алмасты. Облыс әкімінің орынбасары әр өңірден келген жастарға белсенділік танытқаны үшін алғысын білдіріп, жастар бастамасын әрқашан қолдауға дайын екенін жеткізді.

– Түркістан өңірінде өздеріңіздей белсенді жастармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақтың төбе биінің атымен аталатын аймақта еліміздің көшбасшы, белсенді жастары жиналып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет» деген болатын. Қазір жастар үшін мүмкіндіктер көп. Колледждер мен университеттерде гранттар қаралған. Кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін жастар үшін де жеңілдіктер бар. Ең бастысы, жігерлі болу керек. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жастардың сапалы білім алумен қатар, спортпен, өнермен шұғылданып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Бүгінгі маңызды 3 күндік іс-шара жастардың жүрегіне жалын беріп, түрлі тақырыпта болған сессиялар өмірлеріңізге жаңа өзгерістер әкеледі деп сенемін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Басқосуда жастар түрлі сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Үш күнге жоспарланған іс-шараның екінші күні жастар орталықтары басшылары мен қызметкерлеріне «Жастар еңбек жасақтары жұмысының тиімділігін арттыру» және «2025 жылға арналған мемлекеттік жастар саясаты саласының тақырыптық күнтізбесін әзірлеу» тақырыбында сессиялар өтті. Қатысушыларды  белсенділікке, сенімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында тимбилдинг, психологиялық кеңес өткізілді. Оны «Komek center» тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы Айсұлу Тұрсынбаева мен Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары жүргізді.

Сонымен қатар елімізге танымал спортшылармен «Спорт – менің өмірімде» атты кездесу өтті. Ашық аспан астында спорт шебері, самбодан 3 дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов, бокстан халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Шымкент қалалық дзюдо федерациясының вице-президенті Алтынбек Абаев, экономист, блогер Сәбит Рысбаев өз тәжірибелерімен бөлісті.

Осы күні облысымыздағы бір жас баспаналы болды. «Asar Ume» қайырымдылық қоры жас анаға тұрғын үй кілтін табыстап, қуанышқа бөледі.

Шара соңында легерь жұмысына белсенді қатысқан азаматтар мен спорттық ойындардың жеңімпаздары марапатталды.  «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының қолдауымен әуе шары ұшырылып, концерттік бағдарламаға  жалғасты.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы –  жастардың қолында» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді дамыту – қазіргі жастардың басты міндеті. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар болып табылады. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, солардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім-ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогресті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де ел экономикасының қарыштап дамуындағы бірден-бір өзгеріс екені баршамызға айқын.

– Жас ұрпаққа арналған қолдаудың тағы бір түрі – білім алуға арналған гранттар. Біздің облыс еліміздегі жастар санаты бойынша донор облыс болып табылады. Себебі біздегі жастардың саны жалпы облыс халқының 30 пайызын құрайды. Жоғары оқу орнынан бөлек өңіріміздегі 52 орта арнаулы оқу орнында 35 мыңнан астам жас білім алады. Осы жылға колледждерге 15300 грант бөлінген болатын. Бұл гранттар «Жастар орталығының» және ұйымдардың нәтижесінде толық игерілді, – дейді «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман.

Бүгінгі таңда тәуелсіз елдің жалынды жастарына мемлекет тарапынан жыл сайын барынша қолдау көрсетіліп, түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі облысымызда «2021-2025 жылдар аралығында кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жоба» шеңберінде жастарға жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие беріле бастады. Биыл 594 жасқа несие беру жоспарланып отыр, жалпы қаражат көлемі 2 миллиард 970 миллион теңгені құрайды. Бұл қолдау жастардың кәсіпкерлікті дамытуына көп мүмкіндік сыйлайды.

Жастарымызға мемлекет тарапынан саяси бағыт бойынша да үлкен қолдау көрсетілуде. Қазір жастар санатына кіретіндер жасы 29-дан 35-ке дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда халық үніне құлақ асатын үкімет тұжырымдамасына сәйкес жастардың да үні мәслихаттағы жас депутаттар арқылы көтеріліп, өзіндік қолдау табуда. Облыс бойынша 44 жас депутат болып сайланған.

– Жастар саяси өмірге белсене араласа бастады. Біздің «Жастар рухы» жастар қанаты елімізде 2022 жылы өткен барлық саяси реформаларға қатысты. Жалпыхалықтық референдум, ҚР Президентінің сайлауы, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында облысымызда  3 мыңнан астам жас белсенді қызмет атқарды. Яғни бұл жастардың еліміздегі саяси өзгерістерге бейжай қарамайтынын, нақ ортасында жүретінін көрсетеді. Мемлекет басшысы тек облыс орталығындағы қалаларда ғана емес, басқа да аудан, шағын қалалардан баспана алу жолдарын жетілдіру қажеттігін айтқан болатын. Осы ретте өңіріміздің жастарына баспана алуға арналған жеңілдетілген жоба керек деп есептеймін, себебі көпшілік жастарда 20% алғашқы жарнаны жинау қиындық тудырады, егер де ол төмендесе, жастардың да үй алу деңгейі артатын еді, – дейді Жансерік Бауыржанұлы.

Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе өңірлерде аса өзекті. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Елімізде қазіргі таңда дәстүрлі жобалар жалғасын тауып келеді, олар «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», тағы басқалар. Тұрақты жұмыспен қамту бағытында жаңадан ашылған кәсіпорындарға жастарды жолдау арқылы шешуге болады. Президент Жолдауда жастарды жұмыспен қамту жайына да тоқталды, яғни жоғары оқу орындарына өңірдегі ірі кәсіпорындармен келісімге келіп, жастарды жұмысқа жолдап, тұрақтап қалуына мүмкіндік жасауды тапсырды.

Елдің ертеңі – жастардың қолында. Яғни елдің ертең гүлденуі  де, бүлінуі де жас ұрпақтың жауапкершілігінде. Мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін жастарға уақыттың кез келген сынына дайын болып, бәсекеге төтеп беруге тура келеді. Ол үшін сергек сана, білім, дарын, заман көшінен қалмай жаңа технологияны меңгермек керек.

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл  парасаты мол, мәдени  ғылыми өрісі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, білімді де білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Жастар – қоғам өмірін алға бастаушы прогрессивті күш иесі екенін қай қоғамда да дәлелдеп келеді.  Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар, бүгінде  озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып келеді.  Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез  келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды, оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Статистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша, мемлекетіміздегі адам санының 4, 5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Әрбір мемлекеттің болашағы, мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. ҚР тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Осы ретте қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып, оған өз әсерін тигізеді. Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.  Тәуелсіздік – жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», – деп үлкен үміт артты. Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып, елімізде осы мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Тек оны өз керегіне қарай пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені өмір ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді!? Ендеше Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тындыруға міндетті екенімізді естен шығармайық!

«Жастар – біздің болашағымыздың негізі – өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді», «Жастар – қоғамымыздың жүрек дүрсілі», «Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастардың қолында» деген ой-пікірлерді естіп те, айтып та жүрміз. Сондықтан, бүгінгі жастар бейнесі мен болашақ жастар бейнесі мені көп толғандырады. Ертеңді болжау үшін алдымен бүгінгі күнге мән беру керек. Қазіргі жастар немен айналысады? Қазіргі заманауи жастар қандай болу керек?. Өйткені бұл сұрақтар болашақпен тікелей байланысты. Менің пікірімше өзімізде барды бағалай алуымыз, өзімізде жоқты жамай алуымыз қажет.

Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін қазіргі жастар білімнің шыңына шығуға баға жетпес үлкен рухани қару екендігін жете ұғынса, қаперінде ұстаса, болашағы жарқын болары сөзсіз ғой. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Елі мақтан тұтарлық жастарымыз баршылық, бұл орайда жастарымыздың көптеген жетістіктері қуантады. Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. «Бүгінгі жастар немен айналысады?» деген сұраққа нақты жауап берер болсақ, қазіргі дамыған заманда мамандықтың түрлері өте көп. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» демекші,  мамандық таңдау адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Бәсекеге қабілетті – кәсіби мамандықтармен айналысып, жаппай еңбктеніп жүрген жастарымыз қаншама. Сондықтан жастарды болашақта кім боламын? Немен айналысамын? деген сұрақтар толғандыруы қалыпты да қажетті жағдай.

Мақсаттарын анықтай алмайтын көптеген жастар да кездесіп жатады. Ондай жастар өздері таңдау жасай алмай, ата-аналарының кеңестерін тыңдап, беделді мамандықтарға оқуға кетеді. Содан кейін, 3 немесе 4 курста өздерінің дұрыс емес жерде екенін түсінеді. Ата-аналарға университеттен шығуға тыйым салынады, сондықтан қызығушылық жоқ мамандық бойынша оқуды аяқтау керек. Оқуды бітіргеннен кейін ондай адамдарға не істеу керек екені түсініксіз.  «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген ата-баба сөзінің жаны бар. Қандай жағдай болмасын жаман қылық, жоқшылық әрқашанда ең бірінші көзге түседі. Сондықтан осы орайда қазіргі қоғамдағы көзбен көріп, құлақпен естіп отырған кейбір жастардың болмысы ойландырып, қынжылтады. Қазіргі кезде жастардың өмірлік ұстанымдары тұрақсыз. Өзге ел түгел өз тіліде сөйлей алмайтын, ұлты қазақ орыстілділерді де көріп жатамыз. Салт-дәстүрді сақтамай, нақыл сөздерді жаттамай жүрген жастар да аз емес. Бұған айтпаған қарт кінәлі, құлаққа ілмеген жас кінәлі болғаны ма деп қаласың.

Жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе. Жұмыссыздық көптеген жат қылыққа апарар қиын мәселе. Ондай мәселелерді шешудің бірден бір жолы еңбекқорлық, болашаққа деген айқын көзқарас. Бірақ өкінішке орай қазіргі көптеген жастардың бойында жалқаулық басым деп ойлаймын. Сол себептен шығар кей жастарда «жеңіл табысқа» ұмтылу,      бойларынан озбыр, өзімшіл қасиеттерді де байқап қалып жатамыз.  Қазіргі жастар тонау, қылмыс, зорлық-зомбылық, бір-бірін аямай дүние, ақша үшін бір-бірін аяаусыз өлтіріп, қолын былғауға әуестеніп жүргендері де бар. Салауатты өмір салтын сақтамай, денсаулыққа зиян дүниемен де, алкоголь, никотин және есірткімен айналысатындар да жоқ емес.  Діни сауатсыздықтың салдарынан әр түрлі діни ағымдар жетегіне ергендерде бар. Қоғамда орын алып жатқан осындай мәселелерге бас ауыртпай-ақ, басқалар не десе мен де солай дейін деп бас изеп, «Күл болмасаң, бүл бол» деген пікірде жүретіндер де баршылық. Сондықтан да қоғамда жемқорлыққа да, әділетсіздікке де жол беріліп жатады.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Қашанда халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана» — деп бекер айтпаса керек. Ондағы жазушының айтқан пікірін үнемі қаперімде ұстап, өзіммен теңдей өз замандастармды сол айтылған ойға сай көргім келеді. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Меніңше, бүгінгі жастардың бойынан тұлғалық жетістіктер, қабілет-өнері, рухани интеллектуалдық бәсеке табылып жатса қуантарлық жағдай. Сондай-ақ, бүгінгі жастарда ақпарат мүмкіндіктері бар, олар әлемдегі үдерістерден хабардар. Бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі зор. Еліміздің білім жүйесінде өз елімізде білім алумен қатар шетелде оқу жастарға қол жетімді болып табылады, яғни қайда оқимын, қайда барып білім аламын, тәжірибе жинақтаймын десе де бәрі өзіне байланысты. Қалаған жерде білім алып, қалаған жерде тұра алады. Осы орайда бірнеше тіл білудің өзі – жастар үшін үлкен жетістік. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» қағидасымен өмір сүретін, бірнеше тілді игерген  жастар егер жаңа ортаға тап болса, сол ортаның тілінде сөйлей алып, қағидаларын тез үйрене де алады. Міне осындай сәттерде бірнеше тілді игерген жастарға қай жерге барса да есік ашық деуге болады. Себебі тілдің құдіреті күшті, тіл білген адамға қай жағынан алсақ та мүмкіндіктер өте жағары. Қақы тең, өздерінің пікірін еркін білдіре алатын ерікті азамат болып жүре алады. Жас ұрпақтың басты міндеті — өздері дүниеге келген елдің лайықты азаматтары болу.  Жаһандану талабына орай «Өнер-білім бар жұрттардан» үйренуі керек. Рухани азғындалып бара жатқан жан ауыртатын ғасырда өзінің ұлттық мүддесі үшін еңбек ететін, тарихын бағалайтын және болашаққа еш кіршіксіз сенетін рухты жастардың барына сенімім мол. Сондай-ақ, жастардың өз ұлтын сүйіп, отансүйгіш болғаны маңызды. Сонда ғана мемлекетке зор әсерін тигізетін тұлға тәрбиеленетіні сөзсіз.

Previous Post

Төлеби ауданында туризм саласы қарқынды дамып, жұмыспен қамтылған саны артып келеді

Next Post

Төлеби аудандық Мансап орталығында «Жастарға жұмыс» жобасы шеңберінде жәрмеңке өтті

Related Posts

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Алишер Сатвалдиев және “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауданға...

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында қаладағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кезекті оқу...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында адам саудасының алдын-алу бойынша іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, күн...

Next Post
Төлеби аудандық Мансап орталығында «Жастарға жұмыс» жобасы шеңберінде жәрмеңке өтті

Төлеби аудандық Мансап орталығында «Жастарға жұмыс» жобасы шеңберінде жәрмеңке өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,599)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In