Бүгінгі біздің кейіпкеріміз 1999 жылы Отырар ауданы Маяқұм ауыл округінде дүниеге келген Камал Толқын Талғатқызы. Жас кәсіпкер 2024 жылы Камал Толқын Талғатқызы жас кәсіпкер “Uly Dala” ассоциациясы ұйымдастырған “Zhas Project 2024″ жобасының грант иегері. Кейіпкеріміз аталған жоба аясында”Жүн түту” шеберханасы бағытында грант жеңімпазы атанып бүгінде өңделмейтін төрт түлік малдың жүнін және мақтаны түтетін аппарат сатып алып өз үйінен жүн түту шеберханасын ашып ауылдастарына қызмет көрсетуде. Іскер жас алдағы уақытта өзінің кәсібінің көкжиегін кеңейтпек ниетте. Ол өзі секілді барша жастарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мүмкіндіктерді пайдалана отырып,кәсіп ашып сол кәсіптің нәсібін көруге шақырады.
«Zhas Project» – әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы халықтың осал топтарынан, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды қоғамдық әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға көмектеседі. «Zhas Project» Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕҰ тапсырысымен жүзеге асырылуда. Биыл «Zhas Рroject» жобасы еліміздің 20 өңірінде іске асырылмақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров хабарлады. Қайрат Телманұлының сөзінше, «Zhas Project» жобасының негізгі мақсаты – жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Жоба шеңберінде NEET санатынан жергілікті қоғамдастықтардың 18 жастан 35 жасқа дейінгі проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға шағын гранттар беру көзделген. NEET санатындағы жастар – жұмыспен қамту және білім беру санатынан тыс, уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпейтін жастар. Жобаға қатысушылар мынадай талаптарға сай болуы керек: ҚР азаматтары, 18 бен 35 жас аралығындағы жастар болуы тиіс. Сондай-ақ өтінім беру сәтінде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі, өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуы қажет, – деп атап өтті Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.
Қайрат Қамбаровтың айтуынша, әлеуметтік жобаларға қойылатын бірнеше талап бар. Мәселен, жоба жергілікті қоғамдастық пен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы, 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы тиіс. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және оның ішінде жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді, тауарларды сатуды көздейтін коммерциялық қызметке бағытталған жобаларға қолдау көрсетілмейді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар.
2.1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер барлық көрсетілген
өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:
– өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
– өтінім берушінің жасы өтінім берген сәтте 18-ден 35 жасқа дейін
(өтініш беру кезінде) болуы тиіс;
– өтінім берушінің Жетісу немесе Шығыс Қазақстан облысының аумағында өтінім берілген сәтте тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс.
– өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуға тиіс.
2.2. Уақытша тұрақсыз жастарға мыналар жатады:
1) уақытша жұмыс істемейтін немесе тіркелген жұмыссыз тұлға мәртебесі бар жастар;
2) білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін жастар.
2.3. Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.1. Өтінім беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.
3.2. Жобаны өтініш беруші 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс. Бұл ретте, өңірлік жобалау кеңселері өтініш берушілерге жобаны іске асырудың негізгі мерзімінен кейін де консультациялық қолдау көрсете алады.
3.3. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ мынадай бағыттағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:
1) жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық қызмет;
2) ұсақ жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай да бір түрлерін немесе ғимараттарды/үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды, жылыжай кешендерін реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды көздейтін жобалар;
3) жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобалар;
4) діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар (шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу, діни білім беру, діни әдебиетті басып шығару және т. б.);
5) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
6) жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды көздейтін жобалар;
7) ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін/бағдарламаларын әзірлеу;
8) баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуды/басып шығаруды көздейтін жобалар;
9) мақсаты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаны үшін ақшалай сыйақы беру және т. б. болып табылатын жобалар;
10) грант қаражаты есебінен тікелей ақшалай қайырымдылық көмекті көздейтін жобалар;
11) жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойынша кемсітушілікке әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыру.
3.4. Жобаны іске асыру шеңберінде шығыстардың мынадай түрлеріне тыйым салынған:
1) Жетісу немесе ШҚО облыстарынан тыс жерлерге сапарларға (іссапарларға, оқуға) байланысты шығыстар;
2) жекелеген тұлғаларға медициналық қызметтерге ақы төлеу;
3) жабдықтарды/тауарларды шетелде, шетелдік сайттарда сатып алу;
4) бұрын пайдалануда болған тауарларды сатып алу.
3.5. Жоба онлайн-өтінім нысанына толық сәйкес ресімделуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау.
5.1. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші сауалнама нысанына
(1-қосымша) сәйкес барлық қажетті сауалнамалық деректерді толтырып,
http://zhasproject-zhetysu-vko.kz/, ақпараттық ресурсында тіркелуі тиіс.
5.2. Ақпараттық ресурста тіркелгеннен кейін өтінім беруші жобалық өтінім нысанын толтырады. Өтінім әрбір тармақ бойынша және белгіленген нысанға (2-қосымша) сәйкес толтырылуы тиіс.
5.3. Жобалық өтінімдерді қабылдау кезеңінде ақпараттық ресурстың жұмысында ақаулар мен іркілістер туындаған және оларды бір күн ішінде шешу мүмкін болмаған жағдайда, өтінім берушілерге электрондық пошта арқылы жобалық өтінімді берудің баламалы тәсілі ұсынылатын болады.
5.4. Конкурсқа қатысуға өтінім өтінім берушінің осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.
5.5. Өтінім беруші өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
5.6. Ұйымдастырушы белгілеген өтінімдерді қабылдау күнінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
5.7. Ұйымдастырушы алынған ақпараттың құпиялылығына және өтінім берушілердің жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді. Жобаларды конкурстық іріктеу және жеңімпаздарды анықтау
6.1. Жобаларды конкурстық іріктеу екі негізгі кезеңде өтеді:
1) техникалық іріктеу;
2) конкурстық комиссияның іріктеуі.
6.2. Өтінімдерді техникалық іріктеуді ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың осы Ереженің шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұйымдастырушының қызметкерлері жүргізеді.
6.3. Техникалық іріктеуді жүргізу кезінде ұйымдастырушы қызметкерлері келесі өлшемшарттарды басшылыққа алады:
– өтінім берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігі. Өтінім беруші осы Ереженің 2.1-тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес келуі тиіс. Өтінім беруші көрсетілген өлшемшарттардың біріне сәйкес келмеген жағдайда, оның өтінімі техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.
– өтінім берушінің жобалық өтінімінің рәсімделуі мен толықтығы.
Барлық ұсынылған өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделуі және толтырылуы тиіс. Өтінімге барлық талап етілетін құжаттар қоса берілуге тиіс. Талаптарды бұза отырып ресімделген немесе ішінара толтырылған өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.
– жобаның бағыттылығы. Ұсынылған жобалар осы Ереженің 3.1-3.4- тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген тармақтарға сәйкес келмейтін жобалық өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.
6.4. Техникалық іріктеу нәтижелері жобаның ақпараттық ресурсында жарияланатын хаттамамен ресімделетін болады.
6.5. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі. Конкурстық комиссия сыртқы сарапшылардан тұратын және бағалау өлшемшарттарына сәйкес жобаларды іріктейтін болады. Комиссия құрамы оператормен келісілетін болады, бұл ретте комиссия құрамында жастар саясаты, ішкі саясат, қоғамдық даму мәселелері жөніндегі басқармалардың, жастар ресурстық орталықтарының және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болуға тиіс.
6.6. Жобаларды қарау мен бағалауды конкурстық комиссияның әрбір мүшесі бағалау өлшемшарттарына сәйкес дербес жүргізетін болады.
6.7. Комиссия мүшелері жобаларды келесі өлшемшарттар бойынша бағалайды.
6.9. Әрбір өлшемшарт бойынша кіші комиссия мүшелері жоба бойынша өз балын қояды.
6.10. Бағалау қорытындысы бойынша конкурстық кіші комиссияның барлық мүшелері қойған балдардың сомасы болып табылатын жобаның жалпы балы есептеледі.
6.11. Конкурс жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссиясының отырысында жүргізіледі. Комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссия төрағасы комиссия отырысында сайланады.
Комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды. Хаттама жобаның ақпараттық ресурсында орналастырылады.
Ұйымдастырушының өкілі конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады, ол оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Конкурстық комиссияның шешімі түпкілікті сипатта болады және өзгертуге жатпайды.
6.12. Өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпазын айқындау барысында «мүдделер қақтығысы» жағдайы туындаған кезде жеке мүдделілігі шешім қабылдау процесіне әсер етуі мүмкін конкурстық кейін қызметін жалғастыру келешегінің болуы)
Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы
( жобаны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының қисындылығы мен дәйектілігі, жобаның жоспарланған ісшараларының оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі)
Бюджеттің орындылығы мен негізділігі. (бюджеттің жоспарланатын баптарының жоба бойынша болжанатын қызметке сәйкестігі). Комиссияның мүшесі туындаған «мүдделер қақтығысы» туралы конкурстық комиссияға хабарлауға және комиссия мүшелері қатарынан шығуға тиіс.
6.13. Конкурстық комиссияның отырысында кіші комиссия мүшелерінің жобаларды бағалау қорытындылары бойынша жасалатын жобалардың жиынтық рейтингі қаралатын болады.
6.14. Конкурстың жеңімпаздары болып жалпы және қосымша баллдардың ең көп сомасын жинаған 28 өтініш беруші (14 – і Жетісу облысынан және 14 – і Шығыс Қазақстан облысынан) танылады.
6.15. Егер 28 грант алушы айқындалғаннан кейін шағын гранттарды қаржыландыруға бөлінген қаражатты үнемдеу қалыптасатын болса, оператордың келісімі бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасына грант алушылардың қосымша санын айқындау мақсатында конкурстық комиссияның отырысын өткізуге болады.
6.16. Барлық өтініш берушілер конкурстық іріктеу нәтижелері туралы хабардар етілетін болады.
Грант қаражатын аудару тәртібі.
7.1. Жобаға шағын грант бөлу конкурстық комиссияның хаттамасы және грант беру туралы қол қойылған шарт негізінде жүзеге асырылатын болады.
7.2. Ұйымдастырушы грантты қаржыландыруды жобаның бекітілген сметасына сәйкес ұсынылған грант алушылар ұсынатын төлем шоттары бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына қаражат аудару арқылы жүзеге асырады. Жобалар шеңберінде тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеуді ұйымдастырушы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді ұстай отырып, орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырады.
7.3. Жоба сметасын түзетуге ұйымдастырушының келісімімен ғана оны жазбаша хабардар ету жолымен жол беріледі. Есептілік беру және жобалар мониторингі тәртібі
8.1. Грант алушы жоба аяқталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын ұйымдастырушыға жеке кабинетте онлайн нысанды толтыру арқылы жоба бойынша қорытынды шығармашылық есепті ұсынады (3-қосымша).
8.2. Ұйымдастырушының сұратуы бойынша қажет болған жағдайда грант алушы шығармашылық есептерді пысықтауы тиіс.
8.3. Жоба бойынша қаржылық есепті ұйымдастырушы жасайды.
8.4. Ұйымдастырушы грант алушыдан әлеуметтік жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты оның кез келген сатысында сұрата алады.
8.5. Ұйымдастырушы жергілікті жерлерде әлеуметтік жобалардың іске асырылу сапасын тексеруді, жобалардың нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауды жүзеге асыру үшін мүдделі әріптестерді тарта отырып, мониторингтік топ құратын болады. Жобалар мониторингі шеңберінде интервью, телефон арқылы сұраулар, «Жасырын сатып алушы», әлеуметтік желілер мониторингі және т.б. жүргізілетін болады. Шағын гранттарды іске асыру мониторингінің өлшемшарттарына мыналар кіреді:
– белгіленген мерзімге сәйкес жоспарланған іс-шаралар мен күтілетін
нәтижелердің орындалуы;
– мақсатты аудиторияны қамту;
– грант қаражатына сатып алынған тауарлар мен қызметтердің болуы және пайдаланылуы.
8.6. Грант алушы Оператор мен ұйымдастырушыға жобаның іске
асырылу барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға келісім береді. 8.7. Гранттық жобаларды іске асыру туралы ақпарат, сондай-ақ нәтижелер грант алушының әлеуметтік желілерінде #zhasproject_almobl хэштегімен орналастырылуы тиіс.
Грант алушыларды оқыту және қолдау
9.1. Грант алушылар өмірлік маңызы бар дағдыларға, жұмысқа орналасу дағдыларына және әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасынан өту мүмкіндігіне және т.б. ие болады.
9.2. Оқыту бағдарламасы білім беру тренингтерінің, мастеркласстардың, воркшоптардың және т. б. онлайн және офлайн форматтарын көздейді.
9.3. Грант алушыларға конкурстық негізде іріктелетін және жобаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар менторлардың қолдауы көрсетілетін болады. Менторлармен кездесулер онлайн және офлайн форматта өтеді.
9.4. Ұйымдастырушы грант алушылармен жұмыс істеу кезінде менторларды қолдап, оларға кеңес беретін болады, сондай-ақ менторлардың жұмысына мониторинг жүргізеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында әлеуметтік салаға, жастар мәселесіне ерекше тоқталды. «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы керек. Біз «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бүгінгі таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары. Бұл жағдайды түзету керек. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек» деген болатын.
Президент қаңтар айының басында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде жұмыссыздықты, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше көңіл бөлу керектігін баса айтты. Жоғары оқу орнын, колледждерді бітірген жастардың басым бөлігі жұмысқа орналаса алмай, табылған жұмысты істеп жүретінін, кейбіреуі тіпті табыс іздеп, заң бұзуы мүмкіндігі жайлы айта келіп, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Яғни, «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау маңыздылығын айтып, Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін 2 есеге – 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту жүктелді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бүгінде жер-жерде жоспарлар жасалуда. Қазіргі таңда көптеген жастарымыз жұмыссыз жүргені жасырын емес. Мәселен, біздің ауданда 14 мың жас болса, соның ішінде NEET жастардың санын 110 жас құрайды екен. Аудан әкімінің тапсырмасымен алдымен осы 110 жасты жұмыспен қамту көзделуде. Жалпы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығының алдында көптеген міндеттер тұр.
Үстіміздегі жылы «Еңбек» бағдарламасының логикалық жалғасы ретінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба қолға алынуда. Бұл кешенді жоба халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде үлкен маңызға ие жоба. Яғни, жұмыссыздық мәселесін шеуге арналған ұлттық жоба. Ұлттық жобаның мақсаты – кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету; халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту; экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену; кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты жұмыссыздарды оқытумен қайта даярлау. Яғни, жұмыссыздар санатына жатқызылған адам жаңа мамандық игеріп,қайта даярлықтан өтетін болса,оған әлеуметтік қолдау көрсету. Мемлекет барлық проблемаларымды шешіп береді деп күтпей, адамның өзін бизнесте сынап көруіне, елде жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толыққанды қатысушысы болуына жағдай жасау. Сонымен бірге іскерлік мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру және кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру. Жұмыс берушілердің халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа белсенді түрде тартып,оларға жалақы төлеуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдардың толыққанды еңбек қызметі үшін жағдай жасау. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу.
Бүгінгі таңда аталған бағыттар мен жобалар бойынша тиісті Қағидалар жобалары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілу үстінде, алдағы уақытта заңды күшіне енеді. Елімізде 2022 жылдан бастап грант беру ережелері мен талаптары өзгеріп отыр. Енді гранттар жастар мен әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасы мүшелеріне және еңбекке қабілетті мүгедектерге ғана беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілісте берген тапсырмасына сәйкес грант көлемі 200 АЕК-тен 400 АЕК-ке көтеріліп отыр. Яғни, биыл гранттың көлемі 1 млн 225 мың 200 теңге мөлшерінде белгіленуде. Осыған сәйкес, ауданымызға биыл жалпы 182 адамға 222 млн 900 мың теңге қаралуда. Оның ішінде 131 жасқа 160 млн 500 мың теңге, әлеуметтік осал топтарға 51 адамға 62 млн 400 мың теңге жоспарланып отыр. Жыл бойында анықталған қосымша қажеттіліке сәйкес қосымша сұраныс берілетін болады. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жолданған жас түлектердің еңбекақылары 30 АЕК-ні құрап (91 890 теңге), мерзімі 12 ай болып бекітілуде. Биылға 140 жас түлектерді жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысқан жұмыссыз азаматтардың еңбек ақы мөлшері 30 АЕК (91 890 теңге) мерзімі 18 ай. Бұл жоба бойынша 11 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы енгізілуде. Аталған жобаға екі адамды қатыстыру көзделген. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасы аясында 23 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Кәсіптік даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға ниет білдірген жастар бірінші кезекте жолданатын болады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 75 адамды, жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқытуға 30 адамды, Enbek.kz платформасында талап етілетін дағдыларға 92 адамды онлайн оқыту көзделген. Қазіргі кезде аудан аумағында жұмыссыз азаматтар тіркеуге алынып, Ұлттық жобаның бағыттарына қатыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жобаның аясында әр ауданда құрылатын тұрақты және уақытша жұмыс орындарының жоспарын әзірлеп, аталған картаның жасалуын ұйымдастыруда. Жоспарға сәйкес «Түлектер үшін жастар практикасы» жобасын іске асыру бойынша 140 түлектер; жұмыссыздарды қамту мақсатында «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы аясында 120 адам, «Қоғамдық жұмыстар» жобасына 620 адам тартылады. Тұрақты жұмыс орындарына 2106 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Әрине, мұның бәрі жоспар. Яғни, алдағы уақытта өзгерістер енуі де мүмкін. Президент Жолдауында «Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар «мемлекеттен ала берсем» деген көзқарас қалыптастырды. Ал, көмекке шын мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Әрине, біздің елімізде мүмкіндіктер зор, бірақ оның да шегі бар. Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғылды адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруі керек. Дайындалып жатқан Әлеуметтік кодексте осындай мәселелерге барынша назар аудару керек»,- деген болатын. Бүгінгі қоғамда мұндай жағдайдың белең алып бара жатқаны жасырын емес. Қазақта «Балаңа балық берме, қармақ бер» деген сөз бар. Маңдай теріңмен тапқан табыс сіңімді, берекелі. Сондықтан болашағын ойлаған жастар үкімет берген көмекті тиімді пайдаланып, сұранысқа ие, келешегі бар кәсіптерді қолға алса, ерінбей еңбек етіп, кәсібін дөңгелетсе, заманға сай өзін үнемі дамытып отырса, өзіне де, қоғамға да мол пайда әкелер еді.
Бүгінде ел тұрғындарының 59 пайызы – жастар санатындағы азаматтар. Оларды жұмыспен қамту және кәсіп ашуда қолдау – елдегі өзекті мәселелердің бірі. Өйткені Ұлттық статистика бюросының дерегін ескерсек, республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен. Сондықтан мемлекет жастарды жұмыспен қамтуда бірнеше жоба мен бағдарламаны іске қосып үлгерді. Соның бірі – «Zhas Project». Негізі «Zhas Project» әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас отандастарымызды қолдауды көздейді. Бұған қоса жоба қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік және кәсіби өсу бойынша жаңа білім мен дағдыларға үйретеді. Осылайша, 18-35 жас аралығындағы азаматтарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне тартып, нәтижелі жұмыспен қамтуға көмектеседі.
Былтыр игі іс Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылса, биыл еліміздің барлық аймағын қамтыды. Кәсіп бастауға ниеттілерге 280 шағын грант бөлінеді. Ауыл жастарының, NEET жастарының және әлеуметтік осал топтағы жастардың, оның ішінде мүгедектігі бар жандардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ерекше басымдық беріледі. Бағдарлама аясында білікті бизнес-тренерлерді, тәлімгерлерді, психологтерді және әлеуметтік жобаларды іске асыру, ілгерілету және дамыту жөніндегі мамандарды шақыра отырып, шағын гранттарды үлестіру кезеңінде жастарды заңдық және консультативтік тұрғыдан қолдауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету жоспарланған. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 14 тамызға дейін қабылданады.
Бұдан бөлек, кәсіппен айналысуға ниет білдірген жастарға кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бар. Жоба негізінде азаматтарға жылына 2,5 пайыз жеңілдікпен шағын кредит беру көзделген. Яғни кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурс аясында микрокредит беріледі. Несие беруді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жүзеге асырады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылына 2,5 пайыздан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 миллион теңгеге дейін болады. Несиелеу мерзімі кез келген кәсіп түрі үшін бес жылға дейін, ал мал шаруашылығына жеті жылға дейін беріледі. Бизнес-жобаларды іріктеуді комиссия жүргізеді.
«Микронесиенің бұл жаңа түрі жастар үшін өте қолжетімді және мұндай несиенің Қазақстан қаржы нарығында баламасы жоқ. Сондықтан енгізіліп отырған қаржы құралы жастар кәсіпкерлігін дамытуға тың серпін береді деп сенеміз», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вицеминистрі Олжас Ордабаев. Жастардың кәсібін дамытатын мемлекеттік жобаның тағы бірі – «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты. Грант Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастардың жаңа және қолданыстағы бастамалары үшін беріледі. Мақсат – белсенді шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау. Грант дарынды жастарға жыл сайын беріліп отырады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Биыл 3 миллион теңге сомасында дарынды жастар өкіліне «ғылым», «мәдениет», «бизнес», «ақпараттық технологиялар», «медиа» бағыты бойынша өз жобалары мен жаңа идеяларын іске асыру үшін 30 грант беру жоспарланып отыр. Конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы отандастарымыз қатыса алады. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсібін жаңа бастаған жас бизнес өкілдеріне 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бар. Азаматтарға кәсіпкерлікті дамыту үшін 5 миллион теңгеге дейін гранттар беріледі. Алайда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның өзіндік міндетті шарттары қарастырылған. Олар: кәсіпкердің бизнес-жобаға жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті қоса алғанда, оны іске асыру үшін шығындарды берілген мемлекеттік грант сомасының кемінде 20 пайыз мөлшерінде қаржыландыруы; жаңа жұмыс орындарын құру; кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымды құруға көзделген инвестициялық жоспардың болуы маңызды.Жалпы, жыл сайын еңбек нарығынан өзінің алғашқы жұмыс орнын іздеуші жастардың саны 3 мың адамнан асады екен. Ал жоғарыда біз келтірген түрлі жоба белсенді жастар үшін өз кәсібін тауып, әрі қарай оны тұрақты жұмыс орнына айналдыруда қиынға соқпауға тиіс.