2024 жылдың алғашқы жеті айында Отырар ауданында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 171 отбасы (1062 адам) өтініш білдіріп 41861,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, есепті мерзімге 160 отбасы (990 адам) 37225,2 мың теңге әлеуметтік көмек төленді (жоспарланған қаржы РБ 122162,0 мың теңге, МБ қаралған қаржы 32131,0 мың теңге). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жасқа дейінгі 309 балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 7930,4 мың теңге төленді. (жоспарланған қаржы РБ 25953,0 мың теңге). Тұрғын үй көмегі бойынша 2 отбасы (16 адам) өтініш білдіріп 87,6 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді. Есепті мерзімге халықтың неғұрлым әлжуаз топтарының өтініштері аудан әкімдігі жанынан құрылған «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» комиссиясында қаралып, 202 азаматқа 17466,4 мың теңге қаржылай әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді. Есепті мерзімге халықтың жалпы санынан кедейлік деңгейін төмендету 2,0 % құрады (халықтың жалпы санынан кедейлік деңгейін төмендету жоспары 3,3%).
2 тоқсанның қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%, орындалуы 4,9% құрады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екі құрылымдық бөлімше «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» және «Күндізгі қатынау бөлмелері» қызмет көрсетеді:
- «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша:
2024 жылы «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде – 83 азамат күтімге алынған, оның ішінде
- Жалғызілікті қарттар саны-82
- 18 жастан асқан мүгедектігі бар азамат-1.
Оларға 17 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер түрін көрсетеді.
Аудан бойынша зейнеткер саны-5585, оның ішінде
- Тыл ардагерлері-143
- Соғыс мүгедегінің жесірлері-9
- Батыр аналар-129,
- Ауғанстан елінде әскери міндетін өтегендер -8;
5.Тәжікстан- Ауғанстан шекарасында әскери қызмет еткен -12
6.Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан – 6
7.Семей ядролық сынақ полигонында болған – 18
8.Чернобыль АЭС-да зардап шеккен – 4
9.Бейбіт заманда қайтыс болған әкеридің отбасы – 4. Осы азаматтар мекемеде есепте тұрады.
Облыстық бюджеттен:
1.«Ардагерлер үйі» ардагерлер үйіне 120 жолдама бөлініп, бүгінгі таңға 62 жолдамамен қамтылды.
- «Мейір» ардагерлер үйіне 100 жолдама бөлініп, 70 ардагер кезектілігіне қарай жолдамамен қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджеттен: «Сапа» санаториясына жолдама әр түрлі санаттағы азаматтарға 175 жолдама бөлінген, бүгінгі таңға 129 адам қамтылды. Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы қол арба көтергіші бар құрылғылармен жабдықталған «Инватакси» арнайы көлігі тасымалдау қызметін көрсетуде. «Инватакси» көлігі мекеме балансына мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес 2019 жылы алынған. Қызмет алушылар диализ сырқаты бар мүгедектігі бар азаматтар, көруі нашар І-топ мүгедектігі бар азаматтар, қол арба пайдаланушылар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар. Диализ сырқатымен ауыратын мүгедектігі бар азаматтарды аудандық ауруханада орналасқан емдеу орнына тасымалдайды. Ем қабылдау тұрақты түрде аптасына үш рет. Көруі нашар мүгедектігі бар азаматтар жұмыс орнына, бару пунктеріне тасымалданады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар ауруханаға, Шымкент қаласындағы протез-ортопедиялық «Көгершін» орталығына тасымалдайды.
Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек – өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай нысандағы төлем.
Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек – өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.
2) Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі:
үш жасқа дейінгі балаға;
мүгедектігі бар балаға;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға;
бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі. Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі. АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2024 жылы – 5 538 теңгені (3 692 * 1,5 АЕК) құрайды.
Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады? ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:
ҚР азаматтары;
қандастар;
босқындар;
шетелдіктер;
ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі – ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде белгіленген бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы. Өз кезегінде, ең төмен күнкөріс деңгейін өңірлер бөлінісінде тоқсан сайынғы негізде ҚР Ұлттық статистика бюросының органдары есептейді.
Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды? «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексіне сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:
отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы;
учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;
адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған, учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы;
осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;
алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергеннің алдындағы алты ай ішінде;
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері. Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде:
еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;
жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;
кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;
жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;
бағалы қағаздардан түсетін кірістер;
жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;
кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен кірістер);
өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;
ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;
ақша аударымдары түріндегі кірістер;
конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;
құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;
тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.
Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі? Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және (немесе) Отбасының цифрлық картасының және (немесе) ұйымдардың деректері негізінде алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді. Жан басына шаққандағы кіріс атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық кірісті отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
2024 жылғы 1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған. Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
– табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% – нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
– табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 108,2 мың балаға 2,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
– жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де шаралар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады. Әлеуметтік топтаманы монетизациялау нәтижесінде АӘК алушы отбасыларға қосымша 2,6 млрд-тан астам теңге төленді. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау арқылы көмектің заттай түрін ақшалай түрге ауыстыру арқылы қол жеткізілді. Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдан бастап АӘК алатын отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына қосымша заттай түрдегі азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтар берілді. Олар қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар үшін жақсы қолдау болып, пандемия кезінде маңыздылығын дәлелдеді. Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну кезеңінде жиынтық алатын отбасылардан көмектің осы түрін ақшалай форматқа ауыстыру, яғни баланың қажеттіліктеріне сүйене отырып, өнімді сатып алу мүмкіндігін беру туралы ұсыныстар түсті.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда әрбіріне 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша ай сайынғы төлем түрінде ұсынылады (2023 жылы – 5 175 теңге). Бұл ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту жөніндегі шаралардың бірі. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2,6 млрд теңгеден астам сомаға 80,8 мың отбасындағы 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмектің қандай түрлері бар? Отбасының не жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (не) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (не) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
АӘК алуға кім үміткер бола алады? АӘК жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен ҚР халқының келесі санаттарына тағайындалады. Олар:
ҚР азаматтары;
ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
босқындар;
қандастар.
Шартсыз ақшалай көмек кімдерге көрсетіледі?
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
зейнеткерлік жасқа жетуімен;
І немесе ІІ топтағы мүгедектік;
екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы.
- Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, І немесе ІІ топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.
Еңбекке қабілетті отбасы мүшесі үшін қандай жеңілдік қарастырылған? Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі.
АӘК қалай есептеледі? Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрі ескеріледі, оның ішінде:
еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
“Неке және отбасы туралы” 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;
жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;
кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;
жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;
бағалы қағаздардан түсетін кірістер;
жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;
кредитті пайдаланудан түскен кірістер;
өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;
ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;
ақша аударымдары түріндегі кірістер;
конкурстарда, жарыстарда, фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;
құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;
тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға беріледі.
Биылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жылы – 5175 теңге) ауыстырылды. Осылайша, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 106,4 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
№1. Атаулы әлеуметтік көмектің қандай түрлері бар? Отбасының не жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (не) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (не) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
№2. АӘК алуға кім үміткер бола алады? АӘК жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен ҚР халқының келесі санаттарына тағайындалады. Олар:
ҚР азаматтары;
ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
босқындар;
қандастар.
№3. Шартсыз ақшалай көмек кімдерге көрсетіледі?
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
зейнеткерлік жасқа жетуімен;
І немесе ІІ топтағы мүгедектік;
екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы.
- Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, І немесе ІІ топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.
Еңбекке қабілетті отбасы мүшесі үшін қандай жеңілдік қарастырылған? Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі. АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2023 жылы – 5 175 теңгені (3 450 * 1,5 АЕК) құрайды.
№4. АӘК қалай есептеледі? Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрі ескеріледі, оның ішінде:
еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
“Неке және отбасы туралы” 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;
жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;
кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;
жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;
бағалы қағаздардан түсетін кірістер;
жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;
кредитті пайдаланудан түскен кірістер;
өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;
ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;
ақша аударымдары түріндегі кірістер;
конкурстарда, жарыстарда, фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;
құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;
тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.
№5. Кірістің қай түрлері қайта қаралады? Бұл ретте, кірістердің кейбір түрлері қайта қаралды және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының жиынтық табысында ескерілмейді, оның ішінде:
жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
І, ІІ, ІІІ топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
І, ІІ, ІІІ топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
“Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
атаулы әлеуметтік көмек;
тұрғын үй көмегі;
ТЖ салдарынан отбасына денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;
аз қамтылған отбасылар қатарындағы білім алушыларға білім беру ұйымдарында көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;
мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай түрде көрсетілген көмек;
қайырымдылық көмек;
азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге жол жүруін төлеу;
азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан біржолғы төлемдер;
заңнамаға сәйкес мүгедектерге бөлінген дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) және оңалту түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына материалдық көмек көрсету;
аз қамтылған отбасы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде берілетін көмек;
“Еңбек” бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) берілетін біржолғы төлемдер”;
президент жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті біржолғы өтеу;
ЖОО-да, ТжКБ бойынша оқитын студенттерге төленетін стипендиялар.
№6. Қайда жүгінеді және қандай құжаттар дайындау керек? АӘК тағайындауға өтінішті қабылдау “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет. Өзімен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке куәлігі не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, ал қандастар үшін – қандас куәлігі ғана болса жеткілікті. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш береді.
Ескерту: Атаулы әлеуметтік көмекті қарауды және тағайындауды жеделдету үшін өтініш берушінің өз бастамасы бойынша құжаттардың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынуға құқығы бар.
№7. Қандай құжаттарға сұрау салады? Еңбек мобильділігі орталығына мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін);
қандас мәртебесі туралы;
босқын мәртебесі туралы;
шетелдік мәртебесі туралы;
азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
мүгедектікті белгілеу туралы;
баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
бала асырап алу туралы;
некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;
егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;
табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;
өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы
атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы;
өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін “электрондық үкімет” шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе еңбек мобильділігі орталығы тиісті мемлекеттік органға және ұйымға жазбаша сұрау салады. Өтініш берген кезде орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі – тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды “Электрондық үкімет” веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе “электрондық үкімет” веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 59,8 мың отбасындағы 317 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
– табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% – нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
– табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 сәуірге АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 96,2 мың балаға 1,6 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
– жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады. Бұған дейін хабарланғандай, су тасқынына байланысты ТЖ режимі жарияланған қалалар мен аудандарда осы жылдың II тоқсанына 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмекті автоматты түрде тағайындау жүзеге асырылды.