Есепті мерзімге халықтың неғұрлым әлжуаз топтарының өтініштері аудан әкімдігі жанынан құрылған «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» комиссиясында қаралып, 202 азаматқа 17466,4 мың теңге қаржылай әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді. Есепті мерзімге халықтың жалпы санынан кедейлік деңгейін төмендету 2,0 % құрады (халықтың жалпы санынан кедейлік деңгейін төмендету жоспары 3,3%). 2 тоқсанның қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%, орындалуы 4,9% құрады. 2024 жылдың алғашқы жеті айында Отырар ауданында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 171 отбасы (1062 адам) өтініш білдіріп 41861,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, есепті мерзімге 160 отбасы (990 адам) 37225,2 мың теңге әлеуметтік көмек төленді (жоспарланған қаржы РБ 122162,0 мың теңге, МБ қаралған қаржы 32131,0 мың теңге). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жасқа дейінгі 309 балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 7930,4 мың теңге төленді. (жоспарланған қаржы РБ 25953,0 мың теңге). Тұрғын үй көмегі бойынша 2 отбасы (16 адам) өтініш білдіріп 87,6 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екі құрылымдық бөлімше «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» және «Күндізгі қатынау бөлмелері» қызмет көрсетеді:
- «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша:
2024 жылы «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде – 83 азамат күтімге алынған, оның ішінде
- Жалғызілікті қарттар саны-82
- 18 жастан асқан мүгедектігі бар азамат-1.
Оларға 17 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер түрін көрсетеді.
Аудан бойынша зейнеткер саны-5585, оның ішінде
- Тыл ардагерлері-143
- Соғыс мүгедегінің жесірлері-9
- Батыр аналар-129,
- Ауғанстан елінде әскери міндетін өтегендер -8;
5.Тәжікстан- Ауғанстан шекарасында әскери қызмет еткен -12
6.Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан – 6
7.Семей ядролық сынақ полигонында болған – 18
8.Чернобыль АЭС-да зардап шеккен – 4
9.Бейбіт заманда қайтыс болған әкеридің отбасы – 4. Осы азаматтар мекемеде есепте тұрады.
Облыстық бюджеттен:
1.«Ардагерлер үйі» ардагерлер үйіне 120 жолдама бөлініп, бүгінгі таңға 62 жолдамамен қамтылды.
- «Мейір» ардагерлер үйіне 100 жолдама бөлініп, 70 ардагер кезектілігіне қарай жолдамамен қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджеттен: «Сапа» санаториясына жолдама әр түрлі санаттағы азаматтарға 175 жолдама бөлінген, бүгінгі таңға 129 адам қамтылды. Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы қол арба көтергіші бар құрылғылармен жабдықталған «Инватакси» арнайы көлігі тасымалдау қызметін көрсетуде. «Инватакси» көлігі мекеме балансына мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес 2019 жылы алынған. Қызмет алушылар диализ сырқаты бар мүгедектігі бар азаматтар, көруі нашар І-топ мүгедектігі бар азаматтар, қол арба пайдаланушылар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар. Диализ сырқатымен ауыратын мүгедектігі бар азаматтарды аудандық ауруханада орналасқан емдеу орнына тасымалдайды. Ем қабылдау тұрақты түрде аптасына үш рет. Көруі нашар мүгедектігі бар азаматтар жұмыс орнына, бару пунктеріне тасымалданады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар ауруханаға, Шымкент қаласындағы протез-ортопедиялық «Көгершін» орталығына тасымалдайды.
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты:
Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады. Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.
Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері. Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне пайыздық қатынасын есептеп шығару керек. Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздардың саны ÷ Жұмыс күшінің мөлшері. Жұмыссыздық проблемасы тіпті дамыған елдердің өзінде өткір, зәру тұрады, мысалы мына елдерде 1985 жылдан 1990жылға дейінгі аралықта жұмыссыздық деңгейі былайша түзілген: АҚШ-та 5,3-тен 7,2%-ға дейін Канадада 7,5-тен 10,5%-ға дейін Жапонияда 2,1-ден 2,9%-ға дейін Францияда 9,4-тен 10,7%-ға дейін Ұлыбританияда 6,4-тен 11,2%-ға дейін.
Жұмыссыздықпен күрес жолдары
тапсырма биржалары мен жұмыспен қамту қызметтерінің басқа да түрлерін құру
жаңа жұмыс орындарын ашу
оқыту және жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау
қылмысқа қарсы күрес
мінез-құлық тұрақтандыру саясаты
мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру
мұндай журналистер, экономистер, дизайнерлер, құрылысшылар және басқа сарапшылар кейбір профильдер, табу үшін арнайы орындарын құру
Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.
- Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді.Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.
- Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы.Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.
- Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.
- Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.
Жұмыссыздықтың түрлері:
° Уақытша жұмыссыздық.’ Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.
° Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандыөтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді. Мұндай жағдайда жұмыссыз қалған адамдардың жаңа жағдайға бейімделе білуі, еңбек нарғында сол сәтте сұранымға ие жаңа мамандық алуға құлшыныс таныта білуі маңызды.
° Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
° Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.
Жұмыссыздық – кең мағынасында еңбекке жарамды халықтың белгілі бір себептерге байланысты жұмыс істемеуінен немесе жұмыс таба алмауынан туындайтын экономиканың күрделі мәселесі. Адамдардың белгілі бір уақытта жұмыспен қамтылмауы өндіріс тиімділігінің арттырылуы, жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Қазіргі дамыған нарықтық қатынастар жағдайында жұмыссыздық экономикалық дағдарыс кезінде артады. Ал нарықтық қатынастар жоқ болған жағдайда жұмыссыздық көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы теріс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздар саны деген де түсінік бар. Экономикадағы жұмыссыздар саны – жұмысы жоқ, бірақ ағымдағы қандай да бір еңбекақы мөлшеріне жұмыс істеуге дайын және еңбекке жарамды жастағы адамдар саны. Үкімет сауалнама жүргізу арқылы еңбек нарығының жағдайын талдап, қорытындылап отырады. Сауалнамаға қатысатын әр отбасыдағы әр ересек адамды (16 жастағы және одан асқандар) келесі санаттардың біріне жатқызады:
- Адамның өткен аптаның бір бөлігінде жалақысы төленетін жұмысы болса, онда ол жұмыспен қамтылған болып есептеледі.
- Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасына сәйкес келетін адам жұмыссыз болып саналады.
- Осы екі санаттың біріне де сай келмейтін, яғни толық жұмыс күні қолы бос емес студенттер, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер жұмыс күші болып саналмайды. Бұл санатты басқаша, экономикалық белсенді емес адамдар дейді. Осы санаттарға байланысты ел халқын екі категорияға бөлуге болады:
Оның біріншісі:
- Жұмыс күші (экономикалық белсенді адамдар) – жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының қосындысы:
Жұмыс күші = Жұмыспен қамтылғандар + Жұмыссыздар
Екінші категорияның сипаттамасы мынадай:
- Экономикалық белсенді емес адамдар – жұмысы жоқ немесе күндізгі бөлімде оқитын, толық жұмыс күніне балаға күтім жасайтын және отбасын тәрбиелейтіні себебінен жұмыс күшін құрамына кірмейтін азаматтар. Жұмыс күшіне байланысты жұмыссыздық деңгейін анықтауға болады. Жұмыссыздық
деңгейі қалай есептеледі? Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасын көрсететін көрсеткіш:
Жұмыссыздық деңгейі = (Жұмыссыздар саны / Жұмыс күшін) × 100%
Жұмыссыздық деңгейін халықтың барлық ересек топтары үшін және шектеулі топтар (ер адамдар, әйелдер, жастар, т.б.) үшін есептеуге болады.
«Экономикс» оқулығының осы мәселеге қатысты сұрақтарынан жұмыс күші мен жұмыссыздық деңгейі туралы мәліметтерді оқуға болады. Сонымен қатар, оқулықта берілген кестесінен Еуроодақ елдеріндегі жұмыссыздық деңгейімен танысуға болады. Жұмыссыздық пайда болу себептері және түрлері Бұл сұрақта жұмыссыздықтың пайда болу себептері мен түрлері туралы сөз қозғаймыз. Жұмыссыздық құбылысы экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі болып саналады. Экономиканың әртүрлі теориялары жұмыссыздық мәселесінің себептері туралы әртүрлі ой-пікірлерін айтады. Ұзақ уақыт бойы батыс экономикасы жұмыссыздықты еркін құбылыс деп танып келді. Жұмыссыздықтың себебі жұмыскерлердің тым аз жалақыға жұмыс істегісі келмейтіндігінен туындайды. Олардың осындай жалақыға келіспейтіндігінен жұмыссыздық пайда болады деп түсіндірді. Марксизм теориясы мәжбүрлі жұмыссыздық мәселесін алға тартады. Жұмыссыздықты капиталдың жинақталуының нәтижесі деп білді. Жұмыс күшіне деген сұраныс капиталдың
барлығымен емес, тек еңбек ресурстарын сатып алуға жұмсалған капиталдың мөлшерімен ғана анықталады. Капиталдың жинақтала беруіне байланысты капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың (құрал-жабдықтар, материалдар, шикізаттар) жалпы капиталдың құрамындағы өседі, ал адам капиталының үлесі азая береді. К. Маркстің пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы жұмысшыларды ығыстырады. Бұдан басқа, өндірістің дамуының циклдік сипаты жұмысшылардың бірқатар тобын жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында жұмыссыздық өседі, ал жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды. Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесінің мәжбүрлі сипатқа ие болатындығын алғаш мойындаған Дж. Кейнс деп айтылады. Бірақ ол жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің ерікті түрге ие болатындығын да жоққа шығармаған. Кейнстік теория жұмыссыздықтың пайда болу себебін тұрғындардың тауарларға деген сұранысының жеткіліксіздігінен, олардың төлем қабілеттігінің төмен болуынан және жалақы мөлшерлемесінің тым жоғары болуынан деп түсіндіреді. Жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігі-нен адамдардың жинақтауға деген бейімділігі мен инвестициялық белсенділіктері әлсіз болады.
Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А. Пигу 1923 жылы жариялаған «Жұмыссыздық теориясы» еңбегінде осы мәселенің қыр-сырын басқаша түсіндіре алды, яғни неоклассиктердің ойынша, жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы жұмыскерлердің өз жұмыс орындарын ерікті түрде таңдауы табылады. Жұмысшылар аса жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын, сондықтан жұмыс күшіне деген сұраныс төмендейді. Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін мемлекеттің ақшанесие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге тырысады. Елдегі ақша массасын және оның айналымын дұрыс реттей отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады.
Ағылшын экономисі Томас Мальтустың атымен байланысты мальтузиандық теория жұмыссыздық мәселесінің туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады. Халық саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларға қажетті тұтыну заттары олай өсе алмайды, сол себепті тұрғындардың бір бөлігіне өмір сүру құралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа ұшырайды. Сондай-ақ, халық санының өсуімен қатар, елге сырттан имигранттардың келуі де бұл мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін деп айтады. Сонымен, жұмыссыздықтың пайда болу себептері негізінен кездейсоқ, яғни еркін және мәжбүрлі құбылыстардан туындайтын факторларға байланысты орын алады. Жұмыссыздықтың пайда болу себептеріне байланысты жұмыссыздықтың негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: Соның бірі – фрикциондық жұмыссыздық. Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз не?
- Фрикциондық жұмыссыздық – адамның бір жұмыс орнынан кетіп, басқа бір жұмыс орнына орналасуына дейінгі уақыт аралығын қамтитын уақытша қысқа мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбек нарығының жетілмегендігімен, жұмыс орындары туралы ақпараттың болмауымен және басқа да техникалық себептерге байланысты түсіндіріледі. Фрикциондық жұмыссыздықты басқаша ерікті жұмыссыздық деп атайды. Ерікті жұмыссыздық – адамдар жұмыс орны болғанына қарамастан өз еркімен жұмыссыз жүруді қалайтын жұмыссыздық түрі. Сонымен қатар, фрикциондық жұмыссыздықтың маусымдық және жасырын деген түрлері де болады. Жасырын жұмыссыздық – өндірісте артық жұмыскерлердің орын алуымен сипатталатын жұмыссыздықтың бір түрі. Көбінесе, бұл ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп салаларына және мемлекеттік қызметке тән құбылыс болып табылады. Маусымдық жұмыссыздық – жыл мерзімдеріне байланысты экономиканың кейбір салаларында өндіріс көлемінің өзгеруінен болатын жұмыссыздықтың түрі. Мәселен, құрылыс саласының кейбір түрлері жұмысбастылықты жылдың белгілі бір мерзімдерінде ғана қамтамасыз ете алады. Фрикциондық жұмыссыздық кезінде жұмыссыз қалған азаматтар жұмыс тапқан жағдайда өздерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін еш жоғалтпай жұмысқакірісіп кете алады. Олай болса, жұмыссыздықтың бұл түрі қоғам үшін аса ауыр емес.
- Құрылымдық жұмыссыздық – сұраныстың құрылымында және өндірістің технологиясында болған өзгерістерден туындайтын ұзақ мерзімді мәжбүрлі жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі қандай да бір материалдық ресурстың жетіспеуінен, адамның жасжыныстық, ұлттық, біліктіліктік және басқа да жеке ерекшеліктеріне байланысты орын алады.
Мұндай жағдайда еңбек бөлінісінің жылдам өзгеруіне байланысты ұсыныстың құрылымы еңбекке деген сұраныстың құрылымына сәйкес келмей қалуы мүмкін. Экономика дамыған сайын кейбір мамандықтарға сұраныс азаяды, ол ескіреді, ал оның орнына қоғам талабына сай жаңа маман иелеріне сұраныс арта түседі. Құрылымдық жұмыссыздықтың ерекше түріне технологиялық жұмыссыздықты жатқызсақ болады. Технологиялық жұмыссыздық – адамдардың еңбек күшін машинамен алмастыру нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық кезінде жұмыссыз қалған адамдар өндіріс барысында жаңа технологиялық әдіске сай келмей қалады. Адамдар технологияның жаңа жетістіктерін меңгеру үшін оқу және және қайта оқу курстарынан өтуіне тура келеді. Бұл үдеріс 6 айға дейін созылуы мүмкін. Оқыту және қайта оқыту курстарын өткізу үшін мемлекет бюджеттен ақша бөледі. Олай болса, жұмыссыздықтың бұл түрі фрикциондық жұмыссыздыққа қарағанда аса күрделі және шығындық сипатқа ие болады. Жұмыссыздықтың тағы бір күрделі түрі бар.
- Циклдік жұмыссыздық – өндірістің кезеңдік құлдырауынан туындайтын жаппай жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі ЖІӨ-ң үнемі ауытқып отыруымен байланысты. Дағдарыс кезеңдерінде жұмысбастылық деңгейі төмендейді, барлық маман иелері жұмыстан мәжбүрлі түрде қысқартылады, ал өрлеу кезеңдерінде жұмысбастылық деңгейі ұлғаяды. Циклдік жұмыссыздық экономиканың циклдік ауытқуларынан туындайды және ол мәжбүрлі болып табылады. Мәжбүрлі жұмыссыздық – экономикадағы циклдік ауытқуларға байланысты адамдардың нарықтағы бар жалақы мөлшерінде жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген еріксіз жұмыссыздық түрі. Мәжбүрлі жұмыссыздық мемлекеттік реттеуді талап етеді.
Негізінен, ғалым-экономистердің зерттеуі бойынша, тәжірибе жүзінде жұмыссыздықтың жетпіске жуық түрі болады. Еркін құбылыс ретінде саналатын жұмыссыздықтың фрикциондық және құрылымдық деген түрлерін жұмыссыздықтың табиғи көрсеткіші деп атайды. Жоғарыда көрсетілген формулада нақты жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен ауытқыса, онда жұмыссыздықтың циклдік деңгейі пайда болады. Экономикалық жандану кезінде де жұмыссыздықтың деңгейі ешқашан нөлге түспейді. Жұмыссыздықтың табиғи көрсеткіші экономикада белгілі бір уақытта жұмыссыз қалғандар мен тура сол уақытта жұмыс тапқандар деп қарастырылады. Жұмыссыздық құбылысы өзгермелі үдеріс ретінде көрінгендіктен, адамдар жұмысынан айырылып жатады және жұмыс іздеп, жұмыс тауып жатады.
Жұмыссыздықтың табиғи көрсеткіші жұмыстан айырылу жылдамдығын жұмыс табу жылдамдығы мен жұмыстан айырылу жылдамдығының қосындысына бөлу жылдамдығымен анықталады:
Жұмыссыздықтың табиғи көрсеткіші = Жұмыстан айырылу жылдамдығы / (Жұмыстанайырылу жылдамдығы + Жұмыс табу жылдамдығы) × 100%
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша толық жұмысбастылық деп атайды немесе бұл екі ұғым бір-біріне пара-пар. Егер еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс жұмыс күшін ұсынысына тең болса, онда толық жұмысбастылық орнайды және циклдік жұмыссыздық нөлге тең болады. Олай болса, жұмыссыздықтың нақты деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне тең болса, онда циклдік жұмыссыздық болмайды және экономика бірқалыпты дамиды. Алайда толық жұмысбастылық ұғымы жұмыс күшінің барлығы толығымен жүз пайыз жұмыспен қамтамасыз етіледі дегенді білдірмейді. Американ экономистері Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпстің айтуынша, экономиканы өркендету үшін жұмыс күшінің резерві болуы тиіс, яғни ол резерв өздігінен қамтылған ретінде көрінеді және оның пайызы 4,5-6,5% шамасында болады. Жұмыс күшінің осы шамасы экономикалық белсенділікті көтеруге жағдай жасайды. Жұмыссыздықтың табиғи көрсеткіші кезінде инфляцияның да қарқыны бірқалыпты болады немесе осы ғалымдардың пікірінше, жұмыссыздықтың осы деңгейі инфляцияның қарқынын үдетпейтін шама болып табылады. Сондықтан да мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты арқылы жұмыссыздықтың циклдік деңгейінен құтылуға болады, ал жұмыссыздықтың табиғи деңгейі экономикада әрқашанда сақталады және ол экономиканы дамыту үшін қажет. Тәжірибе жүзінде, жұмыссыздық мәселесінің күрделілігін дұрыс бағалай отырып, жұмыссыздыққа қатысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сұрақтарды қарастырып алу қажет. Өйткені қысқа мерзімдегіден гөрі ұзаққа созылатын жұмыссыздық аса күрделі мәселеге айнала береді және одан болатын әлеуметтік-экономикалық зардаптары өсе береді. Сонымен, бұл дәрісте еңбек нарығының негізгі категорияларын, санаттары мен өлшемдерін, жұмыссыздық мәселесінің қалай анықталатынын, жұмыссыздық көрсеткіштерінің өлшенуін, жұмыссыздықтың біршама себептерін, оның түрлерін, сондай-ақ, табиғи жұмыссыздық көрсеткішін де қарастырдық.
- Экономикалық белсенді адамдар немесе жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынтығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі. Экономикалық белсенді емес адамдар – жұмысы жоқ немесе күндізгі бөлімде оқитын, толық жұмыс күніне балаға күтім жасайтын және отбасын тәрбиелейтіні себебінен жұмыс күшін құрамына кірмейтін азаматтар.
- Жұмыссыздық – еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепетеңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Жұмыссыздықтың фрикциондық, құрылым-дық және циклдік деген негізгі үш түрі болады.
- Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Толық жұмысбастылық – жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың
үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.