“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандарының ұйымдастыруымен Отырар ауданы Шәуілдір ауылы жастары арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Іс-шараның мақсаты – “Жасыл ел” – «Серпін-2050», «Жастар практикасы», “Қоғамдық жұмыс” , “Алғашқы жұмыс орны”, “2,5% жеңілдетілген несие” ,«Дипломмен ауылға», «Болашақ» және «Ұлттық жоба», “Әлеуметтік және қоғамдық жұмыс”, “Кәсіпкерлікті дамыту”, “Бизнес бастау”, “Zhas project” “Отбасы банк” мемлекеттік бағдарламаларын кеңінен насихаттап, жастарды кәсіпкерлікке тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және біліктілігі жоқ өзге де адамдарды үш бағыт бойынша мәселелерді шешу арқылы өнімді жұмыспен қамтамасыз ету: оқыту, шағын кредит беру, қоныс аудару. Бірінші бағыт – жаппай оқыту. Мектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түспеген жастар үшін орта колледждердің базасында тегін негізде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаппай оқыту бағдарламалары қарастырылған. Бұл мақсатты орындау үшін 2018 жылы 368,7 млн теңге бөлінді. Арнайы оқу орындарында 32 мамандық бойынша (радиоэлектроника және байланыс, медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, токарлық іс және металл өңдеу, фермерлік шаруашылық, өнеркәсіптің электромеханикалық жабдығы, дәнекерлеу ісі сияқты мамандықтар дайындайды.
Екінші бағыт – ШОБ микрокредиттер беру. Бағдарламаның екінші бағыты жеке ісін ашуға немесе шағын кредит беру арқылы жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге мүмкіндік береді. Кепілдік қамтамасыз ете алмаған үміткерлерді қолдау үшін “Даму” қоры арқылы қарыздарды кепілдендіру қарастырылған.
Үшінші бағыт – әлеуметтік жұмысқа орналастыру. Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 725 адам, жастар тәжірибесіне – 361, қоғамдық жұмыстарға – 4565 адам жұмысқа орналастырылды. Республика өңірлерінің арасындағы еңбек нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында халықтың өңіраралық көші-қоны мәселесі үлкен әлеуметтік-саяси өзектілікке ие болады. 2018 жылы елдің еңбек күші мол өңірлерінен 714 отбасы (2471 адам), оның ішінде 364 қоныс аударушы отбасы (1421 адам), сондай-ақ 350 оралман отбасы (1050 адам) қоныс аудару жоспарлануда. Барлық қоныс аударушыларға көшуге және тұрғын үйді жалға алуға қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда 228 отбасы қоныс аударды (772 адам).2019 жылдың I жартыжылдығында 280 мыңнан астам отандасымыз “Еңбек” бағдарламасымен қамтылды. Ең көп жұмыс орындары сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығында. Құрылған жұмыс орындарының негізгі бөлігі, яғни 30% Алматы қаласы, одан кейін Алматы және Маңғыстау облыстарына тиесілі. Ауылдық жерлерде 77 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, бұл 42% құрайды, – деді орталықтың баспасөз қызметі. Сонымен қатар, білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында осы жылдан бастап оқу орындарына сұраныс артты. “Атамекен” ҰКП – мен бірлесіп білім беру мекемелерінің тізілімі әзірленді және бекітілді. Бүгінгі күні тізілімге 615 оқу орны мен орталықтары кіреді.”Жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 83 млрд теңге бөлініп, 19 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаса болғаны. Бұған мектеп пен колледж бітірген жастар да қатыса алады. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді. Ал жастарға кеңес мынау. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады. Одан аз да, кем де емес. Осы уақыт арасында нәтиже шығарғаны жөн. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жастар практикасына қалған азаматтардың жартысы тұрақты жұмысқа орналасып қалады екен. Ал орналаса алмағандарға жұмыспен қамту орталығы басқа бір мүмкіндіктерді қарастырып көреді. Мәселен басқа мекемеге жіберу немесе Enbek электронды биржасына өтініш беру. Одан бөлек, шағын кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алу сынды мемлекеттік көмек түрлері бар.
Қалай қатысамын? Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліп, өтініш береді. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді.
Ол үшін мына құжаттар қажет:
– жеке куәлік (көшірмесі)
– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса)
– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Жұмыс қандай?
Бұл әр өңірде әртүрлі. Мемлекеттік қызметтен бастап жекеменшік компаниялар мен зауыттарға дейін – бәрі бар. Бағыты мен мамандыққа байланысты. Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Жастар практикасымен жұмысқа қабылдағысы келетін кәсіпорындар көп.
Еңбекақы қанша?
Жалақы мөлшері әр жылда әртүрлі. 2021 жылдағы есептемеге сүйенсек, 94 мың теңге болмақ. Қолға алатыны – 80 мың теңге. Бұл – мемлекет тарапынан берілетін жалақы. Зейнетақысы мен сақтандыруы жүреді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы төлеймін десе, оған да жол ашық.
Қоғамдық жұмыс
Жастар практикасының құрамында қоғамдық жұмысқа тарту бағыты бар. Бұған мектеп пен колледжді енді бітірген түлектер қатыса алады. Ол үшін кәсіптік білім алу, курс оқудың қажеті жоқ. Қоғамдық жұмысқа тарту 12 мерзімге уақытша жұмыспен қамтуды көздейді. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға екі төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.
Жұмыс өтілін көбейту
Жастар практикасына еңбек өтілін жинағысы келгендерге тағы бір мүмкіндік бар. Ол – “Бірінші жұмыс орны” бағдарламасы. Яғни, азаматтың өзі таңдаған мекемесінде екінші рет тағы жұмыс тәжірибесінен өтіп, еңбек өтілін көбейте алады. Мұндағы жалақы мөлшері 58 мың теңгені құрайды. Жас мамандар университетті немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмай жүріп қалатыны белгілі. Өйткені, жұмыс берушілер әдетте тәжірибесі бар кадрларға басымдық береді. Осы орайда, оқу орны түлектерін қолдау мақсатында Қазақстанда 2020 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жұмыссыз NEET санатындағы жастардың қатарын көбейтпей еңбек етіп, отбасы бюджетін көтеруге атсалысып жүрген талапты жастардың барлығы қуантады. «Еңбектің наны тәтті» демекші, адам өміріне адал еңбектің тигізер пайдасы қашанда зор болмақ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары іске асырылуда.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша қатысу мерзімі – 18 ай болуы тиіс. Қатысушылар: жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар (әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар). Еңбекақы мөлшері – 30 АЕК (2023 жылы-103500 теңгені) құрайды. Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге (оның ішінде ЖОО түлектеріне), жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеніне қарамастан, жиырма тоғыз жастан асқан жастар, оның ішінде NEET санаттары, жұмыс тәжірибесі жоқтар қатарынан жүзеге асырылады. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектердің «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасу кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады. Алғашқы жұмыс орындары Мансап орталығымен жасалған шарт негізінде ұйымдастырылады. Жобаға жастардың қатысу ұзақтығы 18 айдан аспауы тиіс. Ай сайынғы жалақы барлық салықтарды ескере отырып, 103 500 теңге (30 АЕК) құрайды.
Жұмыссыздарға қойылатын талаптар:
35 жастан аспаған, кәсіптік білімі бар; жұмыс тәжірибесі және зейнетақы жинақтары жоқ жастар.
Жұмыс берушілерге қойылатын минималды талаптар:
-1 жылдан астам қызметін жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорын;
— салықтар мен басқа да төлемдер бойынша берешегі жоқ.
«Жасыл ел» – жастар тірегі
Мектеп, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыру,
жастардың бойында Отанға деген патриотизмді және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 Қаулысымен «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілген.
Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі «Жасыл Ел» бағдарламасы жастарға (14-29 жас) жазғы демалыс кезеңінде студенттік отрядтарда әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру (ағаш отырғызу, отау, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту және т.б.), өз қаласын абаттандыру.
Жұмысқа орналасу және шарт жасасу үшін «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының
штабы филиалдарына жүгіну қажет. Бағдарламаны іске асыруға және студенттік отрядтардың жұмысына мемлекеттік жастар саясатына жетекшілік ететін мемлекеттік орган (Жастар саясаты, Ақпарат және қоғамдық даму, ішкі саясат мәселелері жөніндегі басқармалар (қалалық және аудандық бөлімдер) жанындағы әрбір өңірде ашық штабтар жетекшілік етеді. Заңнамаға сәйкес жұмыс уақыты жасына байланысты есептеледі. Мысалы, 14 жастағы балалар күніне 4 сағат жұмыс істейді. 16 жастан асқандар 6 сағат жұмыс істейді. 18 жастан бастап – күніне 8 сағаттан. Барлығы аптасына бес күн жұмыс істейді.
«Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр. «Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды. Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады. ЖОО-на түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде, 50 баллдан кем емес және де таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмауы тиіс. Ал, колледждер үшін ҰБТ және кешенді тестілеу тапсыру шарты жоқ. Колледждерге түлектер конкурс арқылы түсе алады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы: 0,01 проценттік кредиттің сомасы ұлғайды. Бұған дейін “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті. «Дипломмен ауылға» кімдер бара алады? Бағдарламаға ауылдық жерлерге барған немесе бұрыннан тұрып жатқан мамандар қатыса алады. Бірақ нақты салалар белгіленген. Олар: денсаулық сақтау; білім беру; әлеуметтік қамсыздандыру; мәдениет; спорт; агроөнеркәсіптік кешен мамандары; ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері; Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекеніне қажетті мамандардың тізбесін жасап отырады. Осы тізім бойынша жұмысқа келген адамдарға жеңілдетілген кредиттер мен жәдемақы беріледі. Кредиттің сомасы өсті. Бұған дейін “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті. Ал аудан орталығына барған мамандар 2 500 АЕК (9,2 млн теңге) кредит рәсімдей алады. Ақша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ғана беріледі.
Кредиттің шарттары: мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады); мерзімі – 15 жыл; Негізгі талапқа сәйкес, кредит алған адам ауылдық жерде өз мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек. Жәрдемақының көлемі қандай. Былтыр ұлттық экономика министрі “Дипломмен – ауылға” жобасына қатысушыларға берілетін көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрықты да шығарған. Оған сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке (369 200 теңгеге) дейін арттыру жоспарланған. Ресми мәліметке сәйкес, 2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. 45 мыңнан астам маманға баспана сатып алу үшін 142,5 млрд теңге бюджеттік кредит берілді. Құжатты қалай тапсырады? 2023 жыл 1 сәуірден бастап Отбасы банкі “Дипломмен ауылға” жобасының сенімді агенті болып бекітілді. Сондай-ақ бағдарлама толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Осыған байланысты барлық өтінім otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады. “Дипломмен ауылға” жобасына қатысуға өтінім беру үшін алыдмен otbasybank.kz порталында тіркелу керек. Одан кейін электронды-цифрлық қолтаңбамен өтінімге қол қою қажет.Жәрдемақы мен бюджеттік кредитке де өтінішті де бір мезгілде банк порталы арқылы беруге болады
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба. Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап “Дипломмен ауылға” жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін “Дипломмен ауылға” жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. “Дипломмен ауылға” жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет. Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда). Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең.
Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек. Енді “Дипломмен ауылға!” жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара. Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады.
Банктің клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:
– Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу;
– ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;
– жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.
“Дипломмен ауылға” жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қараша айында жаңа жетіжылдық мерзімге ел Президенті болып сайланған соң, алғашқы Жарлығын ауылға арнап, Үкіметке ауыл-аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған еді. Бұл құжат 2023 жылғы 28 наурызда қабылданып, онда ауыл шаруашылығын дамытып, ауылды жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар белгіленді. Солардың бірі – ауылдардағы кадр тапшылығын болдырмау мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен – ауылға!» ұлттық жобасын одан әрі жалғастыру және жетілдіру. Аталған мемлекеттік бағдарламамен қыруар іс тындырылғаны анық. Мәселен, ауылдық елді мекендерде жұмысқа орналасқан 105 мыңнан аса маман әлеуметтік қолдау шараларын біржолғы көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған жеңілдікті бюджеттік кредитті алған. Алайда олардың бір бөлігі барған жерлерінде тұрақтамай, көп ұзамай басқа жақтарға кетіп қалғаны мәлім. Салдарынан ауылдағы кадр тапшылығы мәселесі әлі толық шешілген жоқ.