Кентау қалалық ПБ ЖПҚ ЮПТ Упи полиция аға лейтенанты Н. Абдраманов студенттермен түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмысының барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, жастардың түнде ата-ананың рұқсатынсыз жүруі және жаман әдеттерден бойын алыс ұстауы жөнінде айтылды. Және де жол қозғалысының ережелерінде мопед, электросамокат жүргізушілеріне арналған нақты шектеулер туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар Кентау политехникалық колледжінің ТІЖ орынбасары М.Зұлпыхарова Р1 курс студенттерін корпоративтік кодекспен таныстырып өтті.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан мектептерде іс-шаралар атқарылады. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіледі. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырады. «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу және қолайсыз отбасын декриминализациялау, бұған құқықтық нормаларды жетілдіру және балаларды тәрбиелеудегі азаматтардың жауапкершілігін арттыру шаралары енеді.
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып,оқушылар,студенттер демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді.
Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып,мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі.Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр.
Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.
Жастар арасындағы құқық бұзушылық, әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті мәселелер
Девианттық мінез – құлықтың өткір формасына заңды тұрғысынан жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар, яғни мемлекеттік немес қоғамдық не жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына, басқарудың бекітілген тәртібіне қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттер жатады.
Барлық құқықты бұзушылық қылмыс пен теріс қылықққа бөлінеді. Юристік тұрғыда бір жағдайда – құқық нормаларын бұзуға қатысты болғанымен, бұлар әртүрлі түсініктер. Олардың айырмашылығы қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты. Егер жеке тұлғаның әрекеті қоғамдық қауіпті деп қылмыстық құқыққа тиым салынса, онда қылмыс болып табылады. Теріс қылық – қылмысқа қарағанда, қоғамдық қауіпті сипаты жоқ, қылымыстық заңда қарастырылмаған, қоғамдық зиянды әрекет. Теріс қылықтар қылмыстан басқа, азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі. ТМД елдерінің қазіргі даму кезеңі құқық бұзушылықтың, соның ішінде қылымыстың барынша өсуімен сипатталады. Бұл процестің ерекшелігіне жастар қылмысының, соның ішінде жасөспірімдер қылмысының «ерсектерге» қарағанда жылдам қарқынды өсуі жатады. Статистика мәліметтері бойынша, Қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың көпшілігінің жасы 18 – 29 жаста екен, ал әрбір оныншы 18 жасқа толмаған. Мамандар жастар ортасындағы криминализацияның мынандай алаңдаушылық туғызатын үдерістерін көрсетеді: қазіргі уақытта жастар мен жасөспірімдердің қылмыс белсенді түрде өршіп келеді. Ол жастардың негізігі әлеуметтік – демографиялық, аймақтық және кәсіптік – білім беретін аспектіліріндегі топтарын қамтиды. Жастар жұмыссыздығының өсуіне қарай жастардың ештеңеге тартылмаған топтарының арасынан криминалдық әсерге бейім топтар қалыптасып келеді. Жастар қылымыс «жасырып» келеді: криминогендік әсерге бейім «қауіпті» жасқа жеке бас дамуындағы маңызды кезең 15 – 16 жас аралығы жатады; жасөспірімдер арасындағы қылмыс өсіп келеді, олардың істері Қылмыстық кодексте қаралғанымен, оларға 14 жас толмағандықтын қылмыстық іс қозғалмайды немесе тоқтатылады.Жастардың әйелдер бөлігінің қылмысы, әсіресе нашақорлық пен жезөкшелекке байланысты қылмыстар үлесі өсіп келеді.Жастар қылмысының құрамында ауыр қылмыстар: қасақана кісі өлтіру, тонау, қарақшылар, үлесі өсіп келеді. Жастар қылмысының топпен жасалатынын саны өсіп отыр, жастардың асоциалдық сипатындағы бейресми бірлестіктерінің құқыққа қарсы жағына қатысты әрекеттері өз шеңберін кеңейтіп келеді. Бақылаусыз қалаған жасөспірімдер қылмыстық әлемді өздеріне сіңірген жартылай криминалдық топтарға бірігеді.
14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар ересектердің құқық бұзушылықтары сияқты қасақана, зорлық жасау арқылы жасайтын құқыққа қарсы мінез-құлықтарға барады. Кейбір криминологтардың пікірлерінше, көрсетілген жастағы жас адамдардың арасында кеңінен тараған “типтік” қасақана құқық бұзушылықтарына-жастар арасында сәнді болып есептелетін заттарды (радиоаппаратура, “дүңгіршіктерден” шарап, темекі заттарын және т.б.) ұрлау, автокөліктерді ұрлау; зорлық арқылы жасалытын құқық бұзушылықтарға – денеге жарақат жасау арқылы жасалатын жастар арасындағы “талқылаулар”, сексуалдық зорлау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің қылмыстарының сапалық құрамы кеңейіп келеді, оларға дәстүрлі қарақшылықтар мен тонаулардан басқа бопсалау мен қорқытып ақша талап етулер жатады. Кәмелетке толмағандардың қылмысы мыналардан тұрады. Жоғарғы жасырындылығы (қылмыстардың толықтай анықталмауы), себебі:жасөспірімдерден зардап шеккен ересектер көбіне ол туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды;қылмыстың басты бөлігі ” жариялылық”, “сатып кету” сияқты түсініктер қоштала бермейтін, арнаулы қарым-қатынас орнаған орталарда жасалады; құқық қорғау органдарының аса жұмыс бастылығының кесірінен одан гөрі жеңілдеу деп есептелетін жасөспірімдер жасаған қылмыстар әдетте тіркелмей, қарастырылмай қалады;
Олармен күрес жүргізудің (ересектер қылмысына қарағанда) “сезімталдығының”, оның отбасы,тәрбие мекемелері, әлеуметтік қызметтер тарапынан бақылау деңгейінің жоғары дәрежеде болуы.Осы қарастырылып отырған жастар девиациясы саласында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагог жастар қылмысының жоғарыдадағы тенденцияларының себептерін білулері қажет.Жастар ортасындағы криминалдық процестердің күре тамыры посткеңестік елдердің қоғамдық өмірлерінің көптеген салаларына енген. ТМД елдерінің Мемлекет аралық статистика комитетінің бағалауынша жалпы қылмыстың, соның ішінде жастардың қылмысының өсуіне барлық факторлардың ішінде негізгі рөлді жүргізілген реформаларға байланысты туындаған теріс факторлар орнайды екен. Сол факторлардың ішіндегі ең деструктивтісі, жалпы қоғамға да, криминалдық жағдайларға да, әсер ететін, капитал мен қаржының жеке тұлғалардың қолдарында жоғарғы деңгейде шоғырлану қарқыны болып табылады. Бұл халықтың жеке топтарының арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен атногенезмді туғызып қана қойған жоқ, криминалдық тәжірбиесі бар және қылмыс әлемімен байланысы орныққан жаңадан пайда болған бизнесмендердің арасындағы әсер ету салалары үшін күрестің өршуіне әкеп соқты.
Жастар қылмысның өсуіне жағдай жасайтын және өркендеуінің қолайлы ортасына көптеген азаматтардың, отбасылардың кедейшіліктің алдында тұруы, олардың материалдық қамтамасыздығы, жұмыссыздықтың, инфляцияның, тұрмыстық қажетті тауарлардың бағаларының өсуінің қайыршылық жағдайға әкелуі жатты. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы бай мен кедейге экономикалық жағынан қабылданған шектен асып кетті. Мұндай бөліну қалыпты емес, ол қоғамның экономикалық тұрғысынан сауығанына кедерге болып, әлеуметтік ширығудың көзі болып табылады. Тонау мен ұрлық жасаудың себептерін атағанда жас қылмыскерлердің оны «байларды шешіндіру» деп атауы да тегін емес. Қазақстандағы қасақана және мүлікке жасаған қылмыстардың үлесі олар жасаған барлық қылымыстың 87 % – ын құрайды екен. Көптеген жас алдамдар құқықты бұзбай –ақ «криминалдық табалдырықтан» ойша өтіп те алды: олардың ішінде үштен екі бөлігі құқық бұзуға мүмкіндіктері барлығына сенсе, үштен аса бөлігі оны өздерінің болашақта жасауы мүмкін деп есептейді. Ақша табу жолында олардың көпшілігі заңды бұзып табуға болатынына төзімділікпен, немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қолдау көрсететіндері де бар.
Жастар арасында болып жатқан құндылықтарды бағдарлау реформациясы заңдылықты ұстанудың, өз еркін, күштілігі мен қаталдығын бекітудің алғы шарты болып табылады, өйткені аморализация мен қылмыс арасының жігі алде қайда қозғалмалы. Оның үстіне, осы моральдық нормаларды теріске шығару жас адамдардың көптеген қылмыстарының негізіне жатады.
Қоғамдағы, соның ішінде жастар ортасындағы «қоғами адамгершіліктердің қатаңдану» процесі, құқықтық нигилизмнің күшейюімен заңға деген нем құрайлық, өмірілік проблемаларды шешуде күш қолдау мүмкіндігін ұстанудың қалыптасуы, құқықтық білім берумен қорғаудың тиімді жүйесінің жоқтығы, жастарға адамгершілік және құқықтық тәрбие беруде білім беру жүйесінің әсерінің әлсіздігі – осының барлығы жастар арасындағы криминогендік әсердің өсуіне барынша жағдай жасайды.Жастарды криминализациялаудың тағы бір салмақты факторына қоғамда көптеген маргиналдық жіктер мен топтардың пайда болуы жатады, бұл жағдай оларды қылмыстың әлеуеттік қорына айналдырады. Бұл – қараусыздар, «бомждар», жезөкшелер, қайыршылар, алқаштар, нашақорлар. Осы проблема миграциялық процеске жасалатын бақылаудың әлсіздігінен өрши түседі, ол процесс ауылдық жерлердегі әлеуметтік – экономикалық жағдайға байланысты туындаған ауыл жастарының қалаға қарай ағылуынан болып отыр. Мысалы, Алматының өзінде – ақ 1997 жылы 50 мыңнан астам адам тұрақты мекен жайсыз, өмір сүрудің тұрақты көзінсіз жүрді. Осыдан – ақ криминалдық ортаның қандай қорға сүйенетінін білуге болады.
Жалпы, кәмелет жасына толмағандардың қылмыс жасауына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды саралап көрейік.
Елімізге шетелдерден интернет желілері арқылы келіп жатқан теріс бағыттағы ақпараттар, сан қилы жарнамалар, күнделікті теледидардан көрсетіліп жатқан, жастардың санасын бала кезінен соғысқа, жауыздыққа, қаныпезерлікке және ұятсыздыққа итермелейтін шетелдік мультфильмдерден бастап кинофильмдерге, түрлі компьютерлік ойындарға, ақпарат желілері арқылы діни экстремизмнің қоғамға еніп-таралуына тосқауыл қойылмауы сыртқы факторларға жатады.
Айталық, көрші Қытайда зорлық-зомбылық, тонау, кісі өлтіру сипатындағы шетелдік фильмдер мүлде көрсетілмейді. Ал ішкі факторларды негізінен беске бөліп қарастырған жөн, олар:
Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер;
Психологиялық факторларға баладағы психопотологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы және т.б. жатады. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде туындайтын, баланың оқудағы үлгермеуіне байланысты факторлар. Мұндай балалар, көбінесе, мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтын балалар.Бұдан басқа, ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіздігі де кері әсер етеді. Жеткілікті болғанның өзінде, көбіне тәрбиенің дұрыс берілмеуі де бар.
Жастар табиғатынан еліктегіш болып келеді.
Өз тілін, ділін, тарихы мен мәдениетін білмейтін бала қалай ұлттың ұлы бола алады? Салт-дәстүрді дұрыс түсінбесе ше? Жастардың бұл жерде қандай кінәсі бар? Оған, біріншіден, атасы мен апасы, әкесі мен шешесі, өскен ортасы кінәлі. Көп жағдайда ата-аналар мектепті кінәлауға бейім тұрады. Ұстаз балаға адам бол деп ұрысса да кінәлі болып отыр. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтік теңсіздік, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, халықтың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б. Көп балалы, жартылай отбасы мен толықтай отбасы арасындағы әлеуметтік теңсіздік те баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне әсер ететіні белгілі. Өркениетті мемлекетте оқушыларға бірыңғай киім (форма) кигізеді. Өйткені, онда әр түрлі деңгейдегі отбасының балалары оқиды. Бірақ, олар білім алып отырған ортада, психологиясы қалыптасу кезеңінде бір-бірінен өзгеше болмауы қажет. Яғни, әлеуметтік теңсіздік көп жағдайларға себеп болады.
Қазіргі таңда өмірге көз – қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.
Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық.
Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір бесінші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жзасауы жиі кездесіп жатады .
Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көп немесе топтасып жасайды. Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыс жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтың қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзакылык. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде аса катығездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмаған кылмыскердін мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халыктың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп кетуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қогамның қысымы деген турақты ой калыптасуда.
Әрине бұның барлығы үлкендер арасындағы қылмыстардың көбеюіне себепші, алайда өмір деңгейінің төмендеуі жасөспірімдерге үлкен әсер етеді, себебі жастар қоғамның осал тұсы болып табылады. Бұл осалдық жастардың ерекшеліктерінде (психикасының қатаймауы, құндылықтар жөніндегі ойдың қалыптаспауы) ал үлкен адамдар оларға қарсы тұра алады. Заңды жолмен өздерінің талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан жастар ақша жасау және өздеріне керек заттарды, өз күшіне қарай алуға тырысады, бірақ көбінесе қылмыстық жолмен жасалады. Кәмелетке толмағандар рэкет, заңсыз бизнеспен айналысу да жиі кездеседі. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі.
Қазіргі Қазақстанда жастар өзара өте күшті конкуренцияға түсуде, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мүліктік, саяси көзқарастары бір- біріне қарама – қайшы келеді. Бүгінгі жастар ортасында әлеуметтік топтар арасында қарама қарсылық бар, яғни, бір топ жастар өзін қорғауда біреулерге арқа сүйейді, олардың ішінде билік органдары да бар. Ал екінші топ ондай көмекке ие бола алмайды. Сондықтан олар қыспаққа түседі.
Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек. Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады деген сенімдемін.