Бүгін қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік шараға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов және мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Айтулы шара Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқаумен басталды. ҚР Конституция күні биыл 29-шы рет аталып өтуде. Салтанатты жиында Жандос Қалмырзаұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады.«Келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі – саяси тұрақтылық, бір шаңырақ астындағы бірлік. Сондықтан бүгінгі берекемізді бекем еткен осындай қастерлі де асыл құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа аманат ете білейік. Жылдан жылға Тәуелсіздігіміз, береке – бірлігіміз нығая берсін.», — деді қала әкімі. Сондай-ақ, шара аясында өз міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар сала мамандары қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңы қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Олар көрермен назарына рухты әндер шырқап, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстанның ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 99 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап).
Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар).
1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл. ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 жылы желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палата — Сенат, төменгі палата — Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық сот
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Өзгертулер мен түзетулер
1998 жыл
Конституцияның 19 бабына түзету енгізілді. Президенттікке кандидаттың жас шегі 40-қа дейін көтеріліп, 65 жасқа дейінгі шектеу алынып тасталды. Президент бес жыл емес, жеті жыл мерзімге сайланады деген өзгеріс енді. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77-ге дейін артты.
2007 жыл. Қазақстанның елордасы Астана қаласы деп түзетілді. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленді. Президент енді жеті жыл емес, бес жыл мерзімге сайланатын болды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанда кемiнде 15 жыл емес, соңғы 15 жыл бойы тұруы керектігі айқындалды. Бiр адам қатарынан екi реттен артық президент болып сайланбайтыны, бірақ бұл шектеу ҚР Тұңғыш Президентіне қолданылмайтыны жазылды. Республика Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады деген тармақ алынып тасталды.
2011 жыл. 41-бап “Президенттің кезектен тыс сайлауы президент шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі” деген тармақпен толықтырылды.
2017 жыл. Президенттің бірқатар өкілеттігі биліктің басқа тармақтарына берілді. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол берілетіні жазылды.
2019 жыл. 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. 20 наурызда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, уақытша президент болды. Сол күні ол ел астанасына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынып, парламент жедел түрде Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдады.
2022 жылғы 8 маусым. 5 маусымда өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Соның ішінде:
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді
Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға және Президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына тыйым салынды Мемлекеттік хатшы лауазымы жойылып, орнына мемлекеттік кеңесші лауазымы құрылды. Конституциялық сот қайта құрылды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып құрылды. Өлім жазасына тыйым салынды. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады. Мәжіліс депутаттары 107-ден 98-ге қысқарды. Сенаттағы президенттік квота қысқарды, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылды
Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді. Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталды.
2022 жылғы 17 қыркүйек. Қазақстанның елордасына бұрынғы Астана атауы қайтарылуына байланысты өзгерістер енгізілді.
Конституция, Ата Заң (латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді. 1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
Конституционализм – [французша Constitutionalisme, латынша Constitutio – заң] – a) бастапқыда – саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;
ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді; б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы “құқықтық мемлекет” ұғымы болып табылады.
Конституциялық кеңес – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституциясының үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі ретінде Конституциялық Кеңес өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси және басқадай себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процесінде, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне бірікпейді.
Конституциялық сот – бір-қатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғарғы соттардан әзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мысалы Ресейде) ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде (мысалы Германияда, Италияда, Румынияда, Болгарияда, Моңғолияда) сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табыла¬ды. Конституциялық Соттың мүшелеріне парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде Конституциялық Сот мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды. Конституциялық бақылау жасаумен қатар Конституциялық Соттың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б. Құқығы бар. Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 жылы 6 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды. “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен Конституциялық Сот құрамы 11 адамнан жасақталды. Тиісті заңға және 1993 жыл¬ғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Конституциялық Сот республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылады. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігігі қам¬тамасыз ету міндеті жүктелді және оның зандар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп корсетілді. “Қазақстан Республикасы Конституциялық соты туралы” Заңда анықталғандай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Министрлер Кабинеті мүшелерінің Жоғарғы сот пен Жоғарғы төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б. жатты. 1995 жылы конституцияға сәйкес Конституциялық Соттың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды.
Ата Заң – халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы Конституцияның асқақ рухы мен маңызын, тарихын жақсы білуі тиіс. Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын жетік білуіміздің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.
Мемлекеттің басты байлығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тәуелсіз елімізде адамдардың өсіп-өркендеуіне, өмір сүруіне, білім алып, демалуына, сөз бен шығармашылық еркіндігі, жеке басының бостандығы, ар-ожданының қол сұғылмауына, сот алдында құқықтарының тең болуына барынша кепілдіктер берілген. Конституция-біздің басты құндылықтарымызды, Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті.
Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейді әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады.
Тәуелсіз еліміздің бір бөлшегі саналатын Байзақ ауданында 100 мыңнан астам халық, 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, ауылдарымыз көркейіп, ұлтаралық татулығымыз нығая түсуде. Еліміздің үкілеген үміті – жастарымыз өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосуда. Кәсіпкерлік өркен жайып, егін және мал шаруашылығы дамуда. Осы жетістіктеріміздің барлығының негізгі діңгегі Ата Заңымызда жатқаны рас.
Дүние жүзіндегі елдердің барлығында мемлекеттік басқару тетігі Конституция негізінде және соның аясында жұмыс істейді. Бұл кез келген құқықтық мемлекеттің басты өмірлік нормасы болып табылады.
Халқымыз – мемлекеттің ең басты байлығы болса, Ата Заңымыз-айбынымыз. Ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, референдумда қабылданды. Бұл өзгерістер мемлекетіміздің дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді деп сенеміз.Ата Заң қабылданған күн бүкілхалықтық мерекеге айналған. Айтулы мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамның осал топтарына көмектер көрсетіледі. Ел тірегіне айналған Ата Заңымыздың айбыны әркез асқақтай берсін!
Бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңы атып, егемен ел болдық. Тәуелсіз мемлекетке айналдық. Конституция еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени, рухани ахуалы мен халық игілігі үшін қарқынды дамуына қажетті жағдайларды айқындап берді. Негізгі Заңда қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, оның өмір құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Ата Заңның мақсаты – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын Қазақстан Республикасының ең жоғары құндылықтарын қамтамасыз ету және қорғау. Конституция – Қазақстан халқын біріктіруші үлкен күш. Өйткені, дәл осы Ата заңның алғашқы сөйлемінде: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып», – деген сөздер мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық екенін көрсетеді.Құқықтар мен бостандықтарды абсолютті деп тану олардың республика азаматтығына қатыстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбір адамға таралуын білдіреді. Конституция «Қазақстан Республикасының азаматы», «әрқайсысы», «барлығы», «шетелдіктер» және «азаматтығы жоқ адамдар» терминдерін қолдана отырып, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін саралайды. Бұл ретте Конституцияның мәтінінде «әрқайсысы» және «барлығы» туралы айтылса, онда республика азаматтары да, республика азаматтығына ие емес адамдар да айтылатынын түсіну керек.
Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда еліміздің бас өкілетті органы – Жоғарғы Кеңеспен қабылданды. 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан құралған. Негізгі заң Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, еліміздің демократиялық, парламенттік республика екенін айшықтады. Қазіргі Конституция 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның тарихына еніп, мемлекеттік мерекеге айналды. 1995 жылдан бастап Қазақстан азаматтары жыл сайын 30 тамызда Қазақстан Конституциясы күнін атап өтеді.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум барысында азаматтардың 89,14% Конституцияны қабылдауға дауыс беріп, Ата заңымыз шын мәнінде «Халықтық Конституция» деген атқа ие болды. Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
Айта кету керек, Конституция – қоғам мен мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған бағыт-мақсаттарын және оларға жету жолдарын айқындайтын құжат. Оның әлеуеті жылдар, онжылдықтар ғана емес, тіпті ғасырлар талаптарына жауап беруге қауқарлы. Қажетті экономикалық, саяси, мәдени және басқа да жағдайлардың пісіп-жетілуіне байланысты конституциялық нормалардың мазмұны заң шығармашылық және құқық қолдану сипатындағы қосымша шаралармен күшейтіліп отыруға тиіс.
Конституцияда бекітілген құқықтық нормалар 1998 жылы саяси жүйенің жаңғыртылуы жолындағы маңызды бір қадам болып есептелетін жаңа түзетулердің енгізілуіне мүмкіндік берді. 1998 жылы 7 қазанда бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыды. Конституцияға өзгерістер енгізу 2007 жылы да жалғасты. Президенттің бұл шешімі 2007 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында оқылып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Конституциялық құрылымды құлатуға үндейтін кереғар діни бағыттағы 24-ке жуық экстремистік не террористік діни бағыттағы ұйымдардың еліміздің жоғары соты шешімімен тыйым салынған. «Заң – адам өмірін реттейтін институт», – дейтін болсақ онда, осындай кереғар діни экстремистік не террористік бағыттағы кез-келген ұйымдарға ата-заңымызда көзделген баптар негізінде дер кезінде шектеу қою Президентіміз Қ.К.Тоқаев үндеген: «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстандағы» заңның үстемдігі, еліміздің әрбір азаматының өмірі мен діни сенім бостандығын сақтап қалуды реттейтін құрал екендігі баршаға мәлім.
Ата Заң – халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы Конституцияның асқақ рухы мен маңызын, тарихын жақсы білуі тиіс. Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын жетік білуіміздің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.
Мемлекеттің басты байлығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тәуелсіз елімізде адамдардың өсіп-өркендеуіне, өмір сүруіне, білім алып, демалуына, сөз бен шығармашылық еркіндігі, жеке басының бостандығы, ар-ожданының қол сұғылмауына, сот алдында құқықтарының тең болуына барынша кепілдіктер берілген. Конституция-біздің басты құндылықтарымызды, Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейді әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады. Тәуелсіз еліміздің бір бөлшегі саналатын Байзақ ауданында 100 мыңнан астам халық, 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, ауылдарымыз көркейіп, ұлтаралық татулығымыз нығая түсуде. Еліміздің үкілеген үміті – жастарымыз өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосуда. Кәсіпкерлік өркен жайып, егін және мал шаруашылығы дамуда. Осы жетістіктеріміздің барлығының негізгі діңгегі Ата Заңымызда жатқаны рас.
Дүние жүзіндегі елдердің барлығында мемлекеттік басқару тетігі Конституция негізінде және соның аясында жұмыс істейді. Бұл кез келген құқықтық мемлекеттің басты өмірлік нормасы болып табылады.
Халқымыз – мемлекеттің ең басты байлығы болса, Ата Заңымыз-айбынымыз. Ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, референдумда қабылданды. Бұл өзгерістер мемлекетіміздің дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді деп сенеміз.
Кез келген өркениетті мемлекеттің өз конституциясы болады. Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы көп жағдайда сол конституциясының, яғни негізгі заңның дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң — мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси – экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.Өткен жиырма жылдан бері меммлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер-демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі — Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдің бастауы болып табылатын құжат енді ғана жиырма жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауықымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осынндай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Негізгі заң тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттің құрылысының іргелі қағидаттарын бекітіп, демократиялық институттардың дамуына мықты қуат берді. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу республика қызметінің түбегейлі принциптері болып бекітілді. Ата заңымыз бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі — халық болып табылады.
Адам құқығы – конституциялық құқықтың маңызды институты. Адам құқықтарын қорғау механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету табылады. Құқықтық реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді. Мемлекетте демократияның басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Сондықтан да, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық актілер жатады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мəселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарым қатынаста болатындығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы – демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі. Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы саласындағы жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқығын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды.
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат — Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Өркенді дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болыр қабылдаған Ата заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституциямызда Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы жазылған бапта Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және сақтау көрсетілген. Қазақстан қоғамының ұзақ жылдарға арналған өркенді дамуының бағытын нық айқындап берген Конституцияға біздің айтар алығысымыз мол.