АЭС салу бүгінде қоғамда өзекті тақырыптардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев “2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы” Жарлыққа қол қойды. Ендігі көптің көкейіндегі сауал. АЭС салу қандай қажеттіліктен туды. Мұның елімізге қандай пайдасы бар.
Алдағы уақытта экономикамызды екі есе ұлғайтамыз деген Үкіметтің кешенді жоспары бар. Бүгінде үкімет біраз өндіріс ашуға жұмыс істеп жатыр. Осындай кезде электр энергиясының бұдан да көбірек көлемі керек екені анық. Егер энергия көзі болмаса, бұл үлкен проблемаға алып келетіні сөзсіз. Сол себепті цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні, өндірісті дамытуға қосымша энергия көздері керек. Мұны тұрақты түрде шешудің бірден бір жолы – Қазақстанда атом электр станциясын салу. Бұл бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Ал АЭС салуға Қазақстанда барлық қажеттіліктер бар. Мәселен, АЭС -ке қажетті уран өндірісі бойынша еліміз әлемдегі жетекші елдердің бірі. Қазақстан 2009 жылдан бері дүниежүзіндегі жалпы өндірістің 40 пайызға жуығын өндіріп келеді.
Елімізде 900 мың тоннадан астам уран барланған, бұл көптеген жылдар бойы атом электр станциясыны пайдаланудың ұзақ мерзімді қорын қамтамасыз етеді.
Бүгінде Үкіметтің көрімтексіз энергетикаға көшу бағдары, сондай-ақ елімізде шикізат пен өнідірістік базаның болуы еліміздегі атом энергетикасын дамыту үшін барлық алғышарттарды жасайды.
Абылайхан Баймахан – «Нұрлы әлем» қоғамдық бірлестігі төрағасы