Шақпақ ауылының тұрғыны Ержүрек Бәйтенов «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 2,5 млн теңге несие алған. Аталған сомаға Жамбыл облысынан 50 бас уақ мал сатып әкелген. Қазіргі таңда алған уақ малдарын тұрғын үйінің ауласындағы жайда ұстап, бордақылаумен айналысуда.
Президент «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек. Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек. Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал.
Қазір жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн.
Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек. Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз. Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн.Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс», деді.
«Ауыл аманаты» жобасы — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешу мақсатында жүзеге асады. Жоба арқылы ауыл азаматтары кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала отырып, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік алады. Несие немесе микронесиенің мерзімі — 5 жыл болса, мал және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғары соммасы қолданыстағы заңнама бойынша анықталады. Айта кетейік, жобаға қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары толық ақпаратты аудандық «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына» жүгініп, нақтылай алады. Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар мен аудан, қала басшылары, жоба жүзеге асқан ауыл округ әкімдері қатысты. Мәжілісті жүргізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасының облыс үшін маңызы жоғары екенін жеткізді.
– Өзіңізге белгілі, Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада ерекше орын алады. Климаттық жағдайы, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңір болып есептеледі. Облыста 1 миллионнан астам тұрғынның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы облыс халықының табысын арттыруға оңды нәтижесін берді. Бүгінгі таңда бағдарлама есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, 3413 жаңа жұмыс орны құрылды, 75 кооператив ашылды, – деді Дархан Сатыбалды.
ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысындағы оң тәжірибелер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Жауапты басқармалар мен ауылдық округ әкімдеріне жобаны талапқа сай жүзеге асыруды тапсырды. Тек мал шаруашылығы ғана емес, өзге де салаларға басымдық беру керектігін айтты.
– Мемлекет басшысы өз қызметіне кіріскен кезде ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. 80 пайыздан астам тұрғыны ауылдарда тұратын Түркістан облысы үшін бұл бастаманың маңызы зор. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге көшіп кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауылдағы тұрғындар өнімдерді өзі өндіру арқылы табысын молайтып қана қоймай, елімізді отандық өніммен қамтуға үлес қосады. Біз тұрғындардың кәсіппен шұғылданып, табыс табуына көмектесуге міндеттіміз. Бүгінгі кездесудің мақсаты – осы жобаның жүзеге асыру барысын талқылау және тәжірибе алмасу. Өзара кеңесіп, үздік тәжірибелерді бөлісу. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бірқатар жобамен таныстық, ізденіс, даму бар. Әр облыстың ғана емес, әу ауданның, әр ауылдың даму жоспары болуы тиіс. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда да жаңашылдық, ізденістер қажет, – деді Ералы Тоғжанов.
Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасын жоғары деңгейде жүзеге асырған Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылдық округінің тәжірибесі көпшілікке баяндалса, ақтөбелік кооперативтің жетістіктері де үлгі ретінде ұсынылды. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы, ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпалын тигізді. 2023 жылы Республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, негізгі 6 бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3256 жоба қаржыландырылған. Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылды, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. 64,2 мың бас мал басы сатып алынып, 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 16,4 га алқапқа 328 жылыжайлар салынған. Осы жобалар есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Осы көрсеткіштер негізге алынып, «Ауыл аманаты» бойынша Түркістан өңіріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. Себебі, нақты іс, қозғалыс, ең бастысы, ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық бар. Бұл бағытта жұмыс қарқыны бәсеңдемейді.
«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге көшіп кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауылдағы тұрғындар өнімдерді өзі өндіру арқылы табысын молайтып қана қоймай, елімізді отандық өніммен қамтуға үлес қосады.
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада ерекше орын алады. Сондықтан да бұл өңірде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар ауқымды. Климаттық жағдайы, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңір болып есептеледі. Облыста 1 миллионнан астам тұрғынның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы облыс халықының табысын арттыруға оңды нәтижесін беруде. Бүгінгі таңда бағдарлама есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, 3413 жаңа жұмыс орны құрылды, 75 кооператив ашылды.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы, ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпалын тигізді. 2023 жылы республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, негізгі 6 бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3256 жоба қаржыландырылған. Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылды, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. 64,2 мың бас мал басы сатып алынып, 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 16,4 га алқапқа 328 жылыжайлар салынған. Осы жобалар есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
Осы көрсеткіштер негізге алынып, «Ауыл аманаты» бойынша Түркістан өңіріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. Себебі, нақты іс, қозғалыс, ең бастысы, ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық бар. Болашақта осы жоба бойынша қаржы бөлу көлемі ұлғайса бұл бағыттағы жұмыс қарқыны арта түсетін болады. Ал, ол өз кезегінде өңірдің экономикалық қуаттылығының артуына септік етеді. Тиісінше қуатты өңір ел дамуының драйверіне айналмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және халық арасында кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының 6-бағыты аясында несиелендіру тәртібі бойынша жиын өтті. Жиынға әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Ырыс» МҚҰ және «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының өкілдері және облыс кәсіпкерлері қатысты.
Жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әзірленген 50 бизнес жобаны таныстырды. Қолғап пен шұлық шығару, шеге, ұнтақ және химиялық сұйықтықтарды, құрылыс материалдарын жасау, плитка өндірісі, жиһаз, ағаш бұйымдары, жартылай дайын тағамдар шығару бойынша кәсіп иелері өз бизнестеріне қолдау көрсетуді сұрайды. Шығыны мен пайдасы зерделенген таныстырған басқарма басшысы, бұдан бөлек бірқатар потенциалды жоба пысықталып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, кездесуде кәсіп иелері кедергі келтіретін өзекті мәселелерді ортаға салып, жер және инфрақұрылым туралы сөз қозғады. Кәсіпкерлердің жобаларымен жеке-жеке танысқан облыс әкімінің орынбасары қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
«Іс бастаймын десеңіздер, ешқандай қарсылық білдірмейміз. Керісінше, істеймін деген азаматқа қолдау көрсетеміз. «Ауыл аманаты» бағдарламасына халықты тарту керек. Мүмкіншілік көп. Мемлекет ұсынған қолдауды тиімді пайдаланып, жұмыс істеу керек. Тек ауыл шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, басқа да кәсіпке бейімделген жөн. Көтерген мәселелеріңізді заң аясында қарап, оңтайлы шешуге күш саламыз. Бірлесіп жұмыс атқарайық», – деді Нұралхан Көшеров.
Жиын соңында кезекті отырыс уақыты белгіленіп, көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыс нәтижесін саралау келісілді. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға таныстырылған 50 бизнес жобаны қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қазақстан халқының 38 пайызы ауылда тұрақтаған. Қазақ халқы үшін ауыл қасиетті мекен саналады. «Ауыл – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған мекен» деген сөз содан шыққан. Алайда философиялық ойдан бөлек, ауыл халқының потенциалын, ауылдың потенциалын пайдалану, оны экономикалық активке айналдыру және елдегі урбанизация процесін реттеу ауылға тікелей байланысты. Мемлекеттің ауылды дамытуға қатысты жобаларының іске асырылуына да бұл мәселелер реттеліп отырмақ.
Елімізде 6300-ге жуық ауыл бар. Бірінде халық саны жүзе жетпесе, енді біріндегі халық саны елу мыңнан асып жығылады. Ауыл халқының ауылды тұрақтап, ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндігіне ие болуы мемлекет үшін маңызды. Ол ауыл халқының жүйесіз қалаға көшуін, қаладағы жұмыс және баспаса тапшылығын тоқтата алатын еді. Ол үшін ауыл халқының кәсіп ашуына, қожалығын дамытуына жағдай жасалып, арнайы бағдарламалар арқылы мүмкіндік берілуі қажет. Мемлекет осы мақсатты реттеу үшін «Ауыл аманаты» атты бағдарлама қабылдады. Бағдарламаның басты мақсаты ауылдық аймақтағы тұрғындарға арзан ttпайызбен несие беру, шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер ашу болып саналады. Несие жұмыссыздарға, зейнетке шығып үлгермей жұмыстан қысқартылғандарға, тауар шығаруды өз бетімен ұйымдастыра білгендерге, отбасылық қаржы төленбейтін кәсіпті ұйымдастыра алғандарға, отбасылық кәсіп ретінде азық-түлік өндіріп, оны сатуды ұйымдастыру тізбегін құра білгендерге, жеке кәсіпкерлікті енді бастаған азаматтарға және қожалықтарға және тағы басқа категориядағы жандарға беріледі. Микронесиелер 5 жылға беріледі, ал мау шаруашылығы саласындағы жандарға 7 жылға беріледі.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінген еді. Аталмыш қаржы аясында 17 мың шағын несие беру жоспары орындалды. Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді және мыңдаған ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтамасыз етілуіне, өз кәсіптерін дамыту мүмкіндігін алуына жағдай жасады. Барлық бөлінген қаражат қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыс әкімдіктеріне беріліп, игерілді. Айта кетейік, қаражат ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктері және облыс әкімдіктері арасында жасалған үш жақты несиелік келісімге сәйкес аударылып келеді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын 2024 жылы іске асыру үшін 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде 2024 жылы көзделген қаражат – 100 млрд теңгені құрайды. Ал 2025 жылы – 50 млрд теңге болса, 2026 жылы – 50 млрд теңгені құрайды.Бағдарламаны іске асыру тетігін жетілдіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несиелеудің негізгі шарттары мен тәртібін реттейтін қағидалардың жобасын әзірлеп, аяқтады. Жалпы алғанда, негізгі шарттар күшіне енгенімен бірдей болып қалады, бірақ бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімі анықталды. Екіншіден, әрбір ауылдық округке несие берудің басым бағыттарын анықтау талаптары бар. Бұл ретте, мал шаруашылығы саласында бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50 пайызынан аспайтын лимит белгіленді. Әр ауылдық округтың ауыл шаруашылығының дамуы табиғат жағдайына, географиясына байланысты әр түрлі болып келеді. Кей ауылдық аймақ балық шаруашылығымен, енді бірі егін шаруашылығымен айналысса, басқа бірі омарта арқылы бал шаруашылығымен, тағы бірі бау-бақша өнімдерін өсірумен, көкөніс сатумен, тері жинаумен, құс шаруашылығымен, күріш егумен, мақта өсірумен және басқамен айналысады. Осыған байланысты әр ауылдық округтің айналысатын икемділігіне қарай да басым бағыттар анықталып, берілуде.
Үшіншіден, жобаларды таңдаудың негізгі критерийлері анықталды. Бұл шара шағын несиелеу жобаларын сапалы іріктеуге мүмкіндік береді, бұл қаражаттың қайтарымдылығын арттырады. Бұрын берілетін несиелерді жобаның өзін ақтауына қарамай беретін сәттер де кездессе, ендігі таңда оған бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл бөлінген қаражатты ақтау үшін де, қаражатты несиеге алған кәсіпкердің табысқа шығуы үшін де маңызды. Сол себепті де жаңа критерийлер енгізіліп отыр.
«Ауыл аманаты» жобасы ауылдарды сақтап қалу ғана емес, сонымен бірге оны мықты экономикалық драйверге айналдыру міндеттерін де іске асырады. Жобаның саяси міндеттері де жоқ емес. Ол ауыл халқының үздіксіз. Жүйесіз негізде қалаға шоғырлануын тежеуіж міндетін де атқарады. Өйткені мемлекет қалада жұмыс орындарын, баспанамен қамтамасыз етуді жылдам қарқында іске асыра алмайды, сәйкесінше жүйесіз, ретсіз урбанизация қала мен мемлекет үшін үнемі сын-қатерге толы. «Ауыл аманаты» жобасының аясында ауыл шаруашылық саласын дамыту міндеттері де алға қойылды. Әлем бойынша тоғызыншы орынды иемденетін Қазақстан ауылды дамытуға, сол арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру және мұнай мен газға тәуелді болудан ақырындап алшақтау саясатымен де сәйкес келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығы бар болғаны экономикамызда 5 пайыздық үлеске ие, бұл өте аз көрсеткіш саналады. Міне, осы көрсеткішті арттыру мақсатында түрлі бағдарламалар қабылдануда, соның бірі «Ауыл аманаты» бағдарламасы болып саналады. Ауылды дамыту, халыққа жұмыс беру, кәсіпкерлікті өркендету, экономикаға үлес қосу міндеттерін қатар алған жобаның дамуы мен барысы екі жылда жақсы көрсеткіштермен сипатталуда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы қазақылық қаймағы бұзылмаған ауыл халқының әлеуметтік жағдайына да оң әсер етуде.
«Ауыл аманаты» жобасы – «Қазақстан Республикасының ауылды дамыту жөнінде 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында іске қосылған. Тиісті бұйрыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 26 қарашада қол қойды. Бағдарлама бойынша 2029 жылға дейін ауылдарда 350 мың жаңа жұмыс орнын ашып, 1 миллион ауыл тұрғынын жұмыспен қамту жоспарланған. Сол мақсатта мемлекеттік бюджеттен бір триллион теңге көлемінде қомақты қаражат бөлінді. Мамандар бұл бағдарламаны ауылды дамытудың жаңа драйвері деп атап жүр. Ресми статистика бойынша ауылдарда 7,7 миллион адам тұрады. Бұл – халықтың жалпы санының 41 пайызы. Қазір ауыл жəне қала тұрғындары табысының айырмашылығы 38 пайыз болып отыр. Бұл өте үлкен парық. Сол үшін ауыл жұртының табысын қала халқымен теңестіру мақсатында жұмыстар атқарудың маңызды зор.
«Ауыл аманаты» жобасы ауылдарды дамытуға серпін беруге тиіс. Өйткені жобаға қатысу үшін қойылатын талаптар жеңіл, бюрократиялық кедергілер көп емес. Оның үстіне берілген несиенің жылдық сыйақы мөлшері 2,5 пайыздан аспайды. Шағын несие мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Бұл бағдарлама аясында ауылдық елді мекендер мен шағын қала тұрғындары ең көп болғанда 2,5 мың АЕК (8,6 миллион теңге) ала алады. Ал шағын жəне орта шаруа (фермерлік) қожалықтары немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері 8 мың АЕК-ке (27,6 миллион теңге) дейін несие рəсімдей алады.
ҚР парламенті мəжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов 2,5 пайыздық мөлшерлемемен қазірге дейін 80 миллиард теңге көлемінде 12,7 мың шағын несие берілгенін айтты. «Ауыл аманаты» – президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба. Онда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартудың нақты əрі түсінікті тетіктері қарастырылған. Ең бастысы, қаражаты толық шешілген. Бір жылдың ішінде жобаның тиімділігін көріп отырмыз. Барлық мемлекеттік органдар мен əкімдіктер, біз депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыруға тиіспіз» деді мəжіліс спикері.
Бірақ жақсы бағдарлама жасау бір бөлек, оны жақсы жүзеге асыру бір бөлек əңгіме. Ауыл жұрты бұл жобадан хабардар ма, олар бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алып, жұмыс бастап жатыр ма деген сұрақ туындайды. Бізге жеткен ақпарат бойынша мемлекеттік органдар бағдарламаны халыққа түсіндіру бағытында қолдан келгенше жұмыс істеп жатыр. Арнайы құрылған мобильді топ өңірлерді аралап, елді мекен тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырып жүр. Олар ең шалғай деген ауылдарды да ескерусіз қалдырған жоқ. Түсіндіру жұмысы өз нəтижесін берген сияқты. Алыс ауылдардағы азаматтар да «Ауыл аманаты» жобасы аясында кəсіп ашып жатыр. Мысалы, Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Сəрсенкүл Аралбаева осы бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, шағын кəсібін дөңгелетіп отырғанын естідік. Кəсіпкер шұлық шығаратын шағын цех ашыпты. «Ақсуат» брендімен шығып жатқан шұлықтар Қызылорда халқының игілігіне жарап тұр. Біз кəсіпкерге хабарласып, өндірісі өркендеп келе жатқанын білдік.
«Мұндай бағдарлама бар екенін ауыл əкімдері үй аралап, халықты жиналысқа шақырып жүргенде естідік. Əкіммен кездесуде кəсіпкерлікті қолдауға арналған 2,5 пайыздық жеңілдікті несие жайлы толық ақпарат алдық. Мұндай мүмкіндікті қалайда пайдалануға бел буып, отбасымызбен ақылдастық. Əу баста мал сатып алып, ауыл шаруашылығымен айналысуды жоспарлағанбыз. Бірақ жобаны таныстырған қызметкерлер мал өнімі емес, өндіріс орнын ашқандарыңыз жөн деп, жол сілтеді. Сонымен, ақылдаса отырып, шұлық шығарамыз деп шешім қабылдадық. Өзім бұрын-соңды ешқандай тігін кəсібін оқыған емеспін, мұндай кəсіппен айналысқан жоқпыз. Бұған дейін басқа қаладан азық-түлік əкеліп, көтерме бағамен тарататынбыз. Бірақ болашақта тігін цехы сияқты отбасылық кəсіп ашсақ деген арманымыз бар еді. Мына жоба іздегенге сұраған болып, сол арманымызға қанат бітірді», – дейді Сəрсенкүл Аралбаева. Кəсіпкер ханым жобаға қатысу үшін қажетті құжаттарды жинау жəне оны ұтып алу еш қиындық тудырмағанын айтады. Ол мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін таныс-тамыр керек деген қауесетті жоққа шығарды.
«Бағдарлама талабы қиын емес. Жеке куəлік, үй құжаты сияқты күнделікті «қағаздарыңыз» дайын болса болды, ешқандай қиындығы жоқ. Мысалы, біз сұраған құжаттарды 2-3 минутта дайындап өткіздік. Жеке кəсіпкерлік болса тіпті жақсы екен, біз де ол да бар болатын. Құжат өткізген соң комиссия келіп тексерді, үш ай ішінде 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алдық.
Менің ойымша, өте тиімді бағдарлама екен. Шарттары да жеңіл. Кепілге қоятын үй жəне өндіріске қажетті қойма керек екен. Бізде жеке үй бар, ауладағы шағын тұрғын үйді қойма ретінде көрсеттік. Тамыр-таныс деген мүлде болған жоқ. Ауылда жиналыс болды, сол кезде барып тіркелдік. Кейін өздері хабарласып, кəсіп ашатын тұрғындар керек екенін айтып шақырды. Сол кезде барып, жобамызды көрсетіп, қорғадық. Сондай-ақ алған несиені қайтаруға 5 жыл уақыт берді. Алғашқы 1,5 жыл қарызды қайтармауға болады. Бірақ біз 6 ай ғана демалыс сұрадық, 6 айдан кейін несиені өтей бастаймыз», – дейді кəсіпкер. Сəрсенкүл Аралбаева тəуекел етіп, қолға алған жұмысы жүйеге түсе бастағанын айтып отыр. Сəтін салса, алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруға ниетті.
«Былтыр тамыз айында құжат өткіздік. 5 қарашада жеңілдетілген несие ақшасы қолымызға тиді. Қаржыны алған бетте жан-жаққа жүгіріп, қажетті құрылғыларды іздедік. Қытайдан құрылғы алдыруға сол жақтағы қазақтар көмектесті. Олар Қытайдан ең жаңа үлгідегі станок пен сапасы жақсы жіптерді салып жіберді. Ал Өзбекстандағы қандастарымыз сапалы жіп пен шұлық шығаруды үйрететін шеберлерді жіберді. Бағасы қымбатқа түссе де, таза мақтадан жасалған жіп сатып алып, сапаға көп көңіл бөлуді ойлап отырмыз. Жергілікті тұрғындар да қолдан келген көмегін аяған жоқ. Қызылордада бұрын-соңды мұндай өндіріс орны болмағандықтан, жергілікті халық қызығып, өзімізде шыққан өнімді аламыз деп қолдау танытып отыр.
Қажетті құрал-жабықтарды алып, дайындық жүргізуге үш айға жуық уақыт кетті. Биыл ақпанның басында шеберіміз келіп, ресми жұмыс бастап кеттік. Қазір күніне 200-300 дана шұлық шығарып жатырмыз. Бұл санмен өз өңірімізді де қамдай алмайтынымыз анық. Сол үшін алда өндіріс көлемін арттырамыз. Əрі жалғыз шұлықпен шектелмей, өзге өнімдер шығаруға тырысамыз. Қазір Құдайға шүкір, саудамыз жаман емес. Базардың жанынан жалға орын алып, өз бағамызбен сатып жатырмыз. Көтерме бағамен берсек, үстіне ақша қосылып, қымбат болып кетеді. Сол үшін халыққа арзан бағамен ұсынып отырмыз.
Осы жұмыстың бəріне мемлекеттен алған 5 миллион теңге жетпейтіні анық. Қажетті техника бар, жіп бар, жол шығыны бар, шеберлерге жалақы төлейміз. Жетпеген соманы өз қалтамыздан қостық. Бірақ «Ауыл аманаты» жобасы жақсы қолдау, ынталандыру болды. Осы жоба аясында жеңілдетілген несие алып, кəсіп бастауға ниетті тұрғындар аз емес. Мысалы, біз жобамызды қорғауға барғанда, күніне оннан аса адам қорғауға келіп жатқанын көрдік. 10 мың адам тұратын шағын Ақсуат ауылдық округінің өзінен жылыжай ашуға, көрпе-жастық шығаруға, торт пісіретін цех ашуға несие алған азаматтар бар», – дейді кəсіпкер.
«Ауыл аманаты» жобасы тиімділігін көрсетіп жатқанын айттық. Бірақ кішігірім кемшілігі де жоқ емес. Бұл туралы мəжіліс депутаты Мақсат Толықбай айтты.
«2,5 пайызбен несие алып, кəсіп ашқысы келетіндер көп. Бірақ бұл жерде проблема шаш-етектен. Мысалы, Алматы облысына биыл 17,6 млрд теңге бөлініп отыр, бірақ бұл ақшаны беруді күзге дейін созамыз. Бөлінген ақша күзге дейін есепшотта жатады. Өйткені құжат жинап, өтінішті қарайтын маман өте аз. Қазір бар мамандар жұмысты тез істеуге үлгермейді. Ал екінші мəселе, жеке кəсіпкерге ең көп болғанда 8,6 миллион теңге беріледі. Бұл сомаға су жаңа техника алу мүмкін емес. Шаруа ескі техника алайын десе жоба талабы бойынша 2015 жылдан бұрын шыққан өнімді алуға болмайды. Бұл да азаматтарға кедергі болып отыр. Сондай-ақ мал сатып алғысы келетін Алматы облысындағы ауыл тұрғындарына бірқатар талап қойылған. Малды Dinara-Ranch, «Адал» сияқты шаруа қожалықтарынан алуды талап етіп отыр. Бірақ бұл шаруа қожалықтарында малдың бағасы қымбат. Мысалы, жұрт Dinara-Ranch-тан бір сиыр алғанша, базардан екі сиыр алғысы келеді. Сол үшін халықта еркіндік болу керек, ақша бердік екен деп мұндай шектеу қойып тастаған дұрыс емес. Халықта таңдау болуы қажет», – дейді депутат.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.Бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі.