Республика Президенті өз Жолдауында атап өткендей, 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Ал бұл оқиға неғұрлым жақын болса, елдің көкейінде соғұрлым көп сұрақтар туындайды.
Қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет еткендіктен энергия көздерін зерттеу бүгінде маңызды бола түсуде. Ғылымның дамуымен қатар су электр станциялары мен жылу электр станцияларының, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі электрэнергиясын өндіруде күннен-күнге артыпкеледі. Оларға күн, жел, биоотын, геотермалдық энергия сияқты негізгі қайта қалпына келетін энергия көздері жатады. Қайта қалпына келетін энергия көздері қоршаған орта үшін экологиялық таза болып саналады. Алайда, бұлтты ауа-райында және жел жоқ кезде мұндай энергия өндірісі мүлдем мүмкін болмай қалады. Жылу электр станцияларындаэнергия көмір немесе газ есебінен өндіріледі. Мұндай энергия өндірісінің шикізат бағасы күн сайын өсіп келеді. Ал, атом электр станциясы(АЭС) отын ретінде өте аз мөлшерде урандыпайдаланып, өте көп мөлшерде энергия өндіреді. ХХ ғасырдың ортасында уран мен плутонийдің ядроларын бөлу арқылы аз шығындалып көп энергия алу мүмкіндігі пайдаболды. Яғни, ядролық реакторда уран ядроларын ыдырату арқылы жүргізілетін ядролық реакция нәтижесінде электрэнергиясын өндіру үшін пайдаланылатын көпмөлшерде жылу бөлінеді. Көптеген елдердеатом электр станциялары өнеркәсіптік және тұтынушылық мақсатта қолданылатын электрэнергиясымен қамтамасыз ететін негізгікөздердің бірі болып табылады. Бастапқыда баламалы энергия көзі болып есептелгенядролық энергия тез арада әлемдегі жетекшіэнергия көздерінің біріне айналып үлгерді.
Жандар Бекбергенұлы – «Созақ жастары» ҚБ төрағасы