Төлеби ауданының тұрғыны, еңбек ардагері А.Сүгірәлиев энергия тапшылығын шешуді бүгін қолға алмасақ, болашақта энергетика саласында аса күрделі проблемаларға тап болатынымызды, АЭС салудың тиімділігі мен артықшылықтары және халық арасындағы “АЭС салу қауіпті” деген жансақ пікір екенін, АЭС салынатын болса, ол ең соңғы озық үлгідегі технологияға негізделіп салынатындығын түсіндірді.