Атом электр станцияларының құрылысы істен шыққан электр қуатын ауыстырудың неғұрлым перспективалы шешімі болып табылады. Күнделікті қажеттілігімізде электр энергиясына тәуелділік артып келеді. Ең бастысы, атом электр станциясы – алып нысан, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішінде бірінші АЭС-ті салу бойынша 17 мемлекет қатарында Қазақстан шешім қабылдау сатысында тұр. Ал өз шешімін қабылдаған 10 мемлекет инфрақұрылымын салуда келісімшартқа қол қойып, жақын арада бірінші атом электр стансасының құрылысын бастамақшы екен. Мамандардың зерттеуінше бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін СО2 қалдықтардың алдын алса, 1 кг уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады екен.
Нұрлан Үркімбаев, энергетик. Отырар ауданы