Қазіргі таңда азаматтар жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қоғамдық қабылдауға қатысуды қалыпты үрдіске айналдырды. Осы орайда, олардың тарапынан туындаған түйткілді мәселелерді тиімді шешу мақсатында аудан әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға қатысқан тұрғындар жол құрылыс жұмыстарын жүргізу, жер телімінің санатын және нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үй салуға тиесілі жер телімін алу секілді мәселелер қозғалды. Жеке қабылдау барысында Көлкент ауылдық округі тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі бойынша аудан басщысы жыл соңына қамту жұмыстары қарастырылатынын жеткізді. Бұдан бөлек, тағы бір тұрғын Көлкент ауыл округіндегі Ғ.Мұратбаев, Ел Тұтқа, Жантақсай, Пахтазарибдар, Айшуақ және Рүстемов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша өтінішін білдірді. Бұл бойынша тиісті бөлім тарапынан сметалық құжаттама әзірленіп, аталған жолдардың құрылыс жұмыстарына «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен қажетті қаржы қаралғанын, жол құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға өтпелі екенін жеткізді. Ал, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімінің санаты мен нысаналы мақсатын өзгертіп, оның орнына заманауи түйіршіктелген резеңке үгінділерін өндіру зауытының құрылысын жүргізу үшін Түркістан облысының жер қатынастары басқармасына жүгінуі қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Қарасу ауылдық округінде тұрғын үй салу үшін жер телімін сұраған тұрғынға қазіргі таңда бос жер телімдері қарастырылмағанын заң шеңберінде түсіндірді. Жеке қабылдауда көтерілген сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.
Кездесуде аудан әкімі Арман Сәбитов: «Халық үніне құлақ асатын мемлеке» немесе «Естуші мемлекет» – бұл тұжырымдаманы 2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтқан болатын. «Азаматтардың, халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, барлығымзға ортақ міндет». Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаясси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», делінген жолдауда. Иә,осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасады деген сенімдеміз. «Естуші мемлекетте»- ең басты орында халықтың мүддесі тұрады, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өз ара қарым-қатынас механизмі қалыптасқан болуы тиіс, халықтың мемлекеттің қабылдаған шешімдеріне еш кедергісіз қатысуға мүмкіндігі болуы және осы шешімдерді қабылдарда өз пікірлерін де ашық жеткізе алуы тиіс. Естуші мемлекет тұжырымдамасында мемлекеттік органдардың ең басты тапсырмасы- ол азаматтардың сұраныстарын қанағаттарындыра білуі керек. Естуші мемлекеттің мақсаты – ол азаматтардың өтініш-тілектерін жинап, қарастыру ғана емес, сол өтініштердегі мәселелерді шешу үшін азаматтардың өзін іске тарту және болашақта сол олқылықтардың болмауы үшін шаралар қолдану. Бұл тұжырымдама тек елдің астанасы не болмаса ірі қалалар аясында ғана емес еліміздің түкпір-түкпірін қамтиды. Яғни шалғай ауылдардағы әкімдер болсын, мемлекеттік органдардың өкілдері болсын бұдан шет қалмайды. “Біз цифрлармен, фактілермен, іс – әрекеттермен сендіре отырып, азаматтардың сынына және сындарлы ұсыныстарына жедел ден қоя отырып, олардың сенімін қалпына келтіруіміз керек”, – деп атап өткен еді Президентіміз. Осы «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» – тұжырымдамасын жүзеге асыру мемлекеттік органдар үшін дәл қазіргі кезде қатты қиындықтар тудырмайды деген сенімдеміз. Өйткені қазіргі уақытта, барлығымыз дерлік ғаламторды қолданамыз, әлеуметтік желілерді кең көлемде пайдаланымыз. Мемлекеттік органдар, тіпті сол мемлекеттік органдардың өкілдері, басшылары әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, тіркеліп халық пен ашық диалог құруға ешкімде кедергі келтірмейді. «Халықпен тиімді кері байланыс орнату» – керектігін Президент өз жолдауында да тілге тиек еткен болатын. «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» – делінген Жолдауда. Халық үніне құлақ асатын билік туралы айтылған жерде азаматтық қоғамды дамыту деген сөздер бар. Азаматтық қоғамның белсенді өкілі ретіндегі пікірім, егер билік қоғам үніне құлақ саламын десе, алдымен диалогқа ашық болуы керек. Диалог деп тіпті бүгінде әлемді жаулаған әлеуметтік желі алаңын да айтуға болады. Әлбетте қазірде Үкіметтен бастап, түрлі министрліктердің, комитеттер мен құзырлы органдардың, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдері мен басқарма, бөлімдердің яғни, бір сөзбен айтқанда қолында билігі бар кез-келген мекеменің сайттары, әлеуметтік желіде парақшалары бар. Ол арқылы билік өкілдері қоғамдағы барлық жағдайдан хабардар болып отырады және кері байланыс бар. Нәтижесінде халықпен ашық диалог орнатуға мүмкіндік зор. Сондай-ақ ақпараттық саясатта қазіргі жаңа медианың дамуы елдегі жағдайдың қандай екенін боямасыз көруге мүмкіндік береді. Жалпы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» немесе «Еститін мемлекет» – тұжырымдамасы туралы 2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан болатын. «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» – делінген басты құжатта. Осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасады деген сенімдеміз”, – деді аудан басшысы Арман Сәбитұлы.