• Latest
Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген референдумға шардаралықтар белсене қатысты

Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген референдумға шардаралықтар белсене қатысты

08/10/2024
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

10/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

10/07/2025

Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың талап тілектерін тыңдады

10/07/2025
Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

10/07/2025
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

09/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

09/07/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, July 12, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген референдумға шардаралықтар белсене қатысты

08/10/2024
in Қоғам
0
Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген референдумға шардаралықтар белсене қатысты
495
SHARES
1.4k
VIEWS

Бүгін сағат таңғы 07:00-ден бастап, Шардара ауданы бойынша барлық референдум учаскелері ашылып, жұмысты бастады. Айта кетсек, Шардара ауданы бойынша 33 референдум учаскесі құрылған. Онда 43 675 дауыс беруші тіркелген. Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық сайлау учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар орнатылған.
Референдум жайында Мемлекет басшысы өз ойын айтты:
«Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын.Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін.
Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді. Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек. Алдымызда экономиканы шынайы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Жоғары өнімді ауыл шаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесін дамыту, барлық салада цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін шаралар қабылдау қажет. Еліміздің орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуға тиіс. Тек сонда ғана өзін-өзі қамтамасыз ететін орта тап пен тиімді экономика қалыптастыра аламыз. Бұндай экономика кірісті әділетті бөлуге, сапалы жұмыс орнын ашуға, тұрмыс сапасын тұрақты арттыруға және барлық азаматтардың толыққанды жетілуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз. Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн. Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс.
Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым. Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды. Мен елімізді дамытудың осы және басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерді қыркүйек айында өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтамын. Қастерлі Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін және қоғамдық келісімді нығайту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл реформалар құр атақ-абырой үшін қолға алынған жоқ. Мұның бәрін Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін жасап жатырмыз. Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар. Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өткізіледі. Осылайша, азаматтардың мемлекет ісіне атсалысу мүмкіндігі арта түседі. Шын мәнінде, еліміздің тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда.
Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз. Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет. Құрғақ уәде мен бос сөз ешқайда апармайды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс бәрінен маңызды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерімді саламын. Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді. Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Осы жолда бірлігіміз әрдайым бекем болсын», – деді.
Биылғы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елдегі энергетика саласындағы проблемаларды шешіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан еді. Оның сөзінше, энергиямен жабдықтау жүйесінің жұмысын жолға қою қажет. «Себебі біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістерге тап болдық. Оған мысал ретінде жақында елдің оңтүстігіндегі электр қуатының өшірілуін айтуға болады. Біз шекаралас мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. Сондықтан да елдің энергетикалық қауіпсіздігі проблемасын шұғыл шешу керек»,-деді Президент.
Сонымен қоса ол салаға жауапты тұлғалардың атом станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап беруден дипломатиялық түрде бас тартатынын түсінбейтінін атап өтті. Керісінше, олар барлық сауалға жауап беріп, халық арасында дұрыс түсінік қалыптасуына ықпал етуі керек деп баса айтты. «Бізде инвестицияны былай қойғанда, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құлдыратып аламыз, аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан да бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Оның маңызын кәсіби тұрғыдан түсіндіру керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы тұста, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар іс-шара қолға алынғанын атап өту керек. Мәселен, елдегі электр энергиясы тапшылығын жою үшін 2021 жылы қарашада Жамбыл ГРЭС-тің үшінші блогы, ал 2022 жылы қаңтарда төртінші энергия блогы іске қосылған еді. Бұл ГРЭС жүктемесін 330 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алайда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, электр энергиясының тапшылығы тек арта бермек. Себебі экономиканың дамуы энергия шығындарын көбірек талап етеді. Егер жағдайды сол қалпында қалдырсақ, онда апаттар жиілеп, адамдар электр жарығынсыз қалып, экономиканың дамуы тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан да министр электр энергиясын алудың балама көзін тауып, күн санап артып келе жатқан қажеттіліктерді өтеу жөнінде ойлану керек екенін атап өткен болатын.
АЭС салуға қарсылық – білімнің аздығынан ба? Қоғам пікірі АЭС-тің қауіпсіздігі хақында екіге бөлініп отыр. Сарапшы мамандардың сөзіне сенсек, бұл жөнінде толықтай түсіндіріп беретін материалдар аз. Мысалы, энергетика саласының сарапшысы Жақып Хайрушев та адамдардың АЭС салуға қарсылығы ақпараттық жұмыстардың, сонымен қоса білімнің аздығынан екенін атап өтті. «Халықтың бейбіт атомды пайдаланудан, атом электр станцияларын салудан және ядролық жарылыстардан қорқуы білімнің жетіспеуімен байланысты. Себебі басқа елдер атом энергиясын сәтті пайдаланып отыр, яғни тәжірибе бар. Атом энергетикасы соңғы бірнеше онжылдықта әлемде энергия өндірудің ең перспективалы түрлерінің бірі болып қала берді», – деді спикер. Оның сөзінше, зауыт жұмысының ең қауіпті кезеңі деп жанармай құю сәтін айтуға болады. Осы кезде реактор ашылады және радиоактивті қалдықтардың ауаға таралу қаупі үлкен болмаса да, бар. Дегенмен маманның айтуынша, бұл жиі емес, орта есеппен жылына бір рет қана жасалады. Бұл жағдайда шығарындылар өте аз болады.
АЭС-тің қолданылуы: Әлемдік тәжірибе. 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша, әлемде қуаты 391 ГВт болатын 439 реактор жұмыс істейді. Атом электр станцияларын 32 мемлекет пайдаланады. Оның басым көпшілігі Еуропада, Солтүстік Америкада, Қиыр Шығыс Азияда және бұрынғы КСРО территориясында орналасқан. Қазіргі уақытта 19 елде электр қуаты 55 ГВт болатын 52 реактор салынып жатыр. Бұл ретте Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Бангладеш және Түркия алғашқы атом электр станцияларын салуда. Энергетика саласының сарапшысы Жақып Хайрушевтің сөзінше, атом электр станциялары жұмыс істейтін елдерде ешқашан халық тарапынан шағым болған емес. «Себебі адамдар да атом электр станциясының жұмысы тоқтатылса, олардың өмірі қазіргідей жайлы болмайтынын жақсы түсінеді. Әдетте атом электр станциялары жұмыс істейтін жерде баға да тұрақты, энергиямен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Ал біз болсақ, осындай ортағасырлық мәселелерді әлі талқылап жатырмыз», – деді маман.

Дегенмен кейбір елдер атом электр станцияларынан бірте-бірте бас тартып жатыр. Сарапшының айтуынша, олар мұны өз технологияларының ескіруіне байланысты қауіпсіздік мақсатында жасап отыр. «Ядролық жобаларын жапқан елдер ядролық апаттан қорықпайды, бірақ олар өздерінің реакторларының қорғаныс деңгейі төмен болғандықтан ғана бас тартуда. Яғни, олар өткен ғасырдың 70-жылдарында орнатылған және қазірдің өзінде ескірген реакторлардың қауіпсіздігі мен қорғаныс шараларының азаюы себепті жауып жатыр»,-деді Жақып Хайрушев.
Қазақстанда АЭС құрылысы қай сатыда? Ал Қазақстанға келсек, елімізде АЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда атом электр станциясын салу үшін технологиялар зерттеліп, зерделеніп жатыр. ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ТМД электр энергетикалық кеңесінің отырысында «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясы келіссөздер жүргізіп, шетелдік тәжірибе қаралып жатқанын айтқан болатын. Мәселен, Қазақстан өкілдері Оңтүстік Кореяда болған. Вице-министрдің айтуынша, корей тарапы жоба құрылысына қатысуға, сонымен қоса реакторды жеткізетін кез келген компаниямен бірлесе жұмыс істеуге дайын. Бұдан бөлек осыған дейін Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастық аясында шағын модульдік реакторлар бойынша FIRST бағдарламасына қатысатыны жөнінде хабарланған болатын. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық қауіпсіздік бюросының өкілдерімен кездесті. Оның барысында Америка тарапы FIRST – «Шағын модульдік реакторлар технологияларын жауапты пайдалануға арналған базалық инфрақұрылым» бағдарламасына қатысуды ұсынды. Аталған бағдарлама әлемде енгізіліп жатқан АЭС-ке арналған озық ядролық технологиялармен және жаңа инновациялармен танысуға мүмкіндік бермек.
Оған қоса жақында өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның «Аккую» АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырғанын атап өткен жөн. Бұдан біз елімізде АЭС-ті қандай технологиямен және қай компания салатыны әлі белгісіз екенін байқаймыз. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, елімізде АЭС салуға 6 шетелдік компания ниет білдірген. Нақты қандай компаниялар және қай мемлекеттен екенін төмендегі инфографикадан көруге болады.
АЭС салу үшін қанша қаражат жұмсалады? «Самұрық-Қазына» АҚ-нің еншілес кәсіпорны «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда АЭС-тің екі реакторының құрылысына 10-12 млрд доллар жұмсалуы мүмкін. «Алдын ала есептеулерге сәйкес, елімізде әрқайсысының қуаты 1,4 мың МВт болатын екі реакторлы АЭС салынуы керек. Болжам бойынша, оның құрылысына 10-12 млрд доллар қажет»,-делінген мәліметте.
Сонымен қатар аталған мекеменің хабарлауынша, АЭС-ті пайдалану мерзімін 60 жылдан 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылатын болады. Сондай-ақ АЭС құрылысын несие беру арқылы немесе коммерциялық жоба аясында салу ұсынылмақ. «Біз 3 немесе 3+ буынына сәйкес келетін реакторларды салуды қарастырып отырмыз, өйткені олар -қауіпсіз. Бұл бағытта біздің талаптарға сай келетін Ресей, Корея, Франция және Қытай компанияларының реакторлары бар. Ал шағын және орта қуатты ректорларды АҚШ-тың General Electric-Hitachi және NuScale компанияларынан алу бойынша коммерциялық жұмыстар пысықталып жатыр»,-делінген ақпаратта. Мамандардың айтуынша, АЭС-ті салуға шамамен 6 жыл уақыт жұмсалады. Алайда ұсынысты қоғамдық талқылаудан өткізуге, қажетті құжаттар дайындауға да уақыт керек. Жалпы бұл процесс 10 жыл мерзімді қамтитын болады.
Қазақстан үшін АЭС неліктен маңызды? ҚР Энергетика министрінің айтуынша, берілген параметрлер бойынша атом электр станциясын салу Қазақстан үшін электр энергиясын тұтынуға өсіп келе жатқан қажеттіліктерді, экономиканы дамыту үшін энергия шығындарын жабу және көмір отынынан бас тартуға байланысты энергетикалық тұрақтылықты сақтау үшін қажет. Сонымен қатар ведомство басшысы өз сұхбаттарының бірінде газды энергия өндіруге отын ретінде пайдаланудың неліктен мүмкін болмайтынын түсіндірген еді. «Газдың отынды алмастыратынын бәріміз білеміз, Еуропалық Одақ елдері де төмен көміртекті экономикалық даму үшін газды уақытша отын ретінде пайдаланып отыр. Алайда еліміздегі барлық станция газға ауыстырылса да, елімізді энергиямен қамтамасыз етуге газ жетпейді», – деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.
Бұдан бөлек министр қазіргі уақытта белсенді түрде дамып келе жатқан жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан 2030 жылға қарай электр қуатын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия үлесін 15 %-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Дегенмен Қазақстанға ЖЭК-тің жаппай дамуымен қатар еліміздің бүкіл энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін резервтік станциялар қажет. Ол мұндай станциялар, әрине, көп көңіл бөлуді қажет ететінін атап өтіп, салынатын орны мен технологияларды таңдауда мұқият болу керек екенін еске салып өтті. Қорыта келе, мамандар айтқандай, халық арасында энергияның балама көздері, әсіресе АЭС-тің маңызы мен мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет екенін байқап отырмыз. Сол себепті энергетика саласының сарапшылары болашақта энергия тапшылығын болдырмас үшін қазірден бастап қамдану қажет екенін баса айтады.

Previous Post

Түркістан оқушыларға қаржы пирамидалары бойынша мәлімет берілді

Next Post

Президент Жолдауына сәйкес, Шардарада ауыл шаруашылығы техникалары 35 пайызға жаңарған

Related Posts

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Алишер Сатвалдиев және “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауданға...

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында қаладағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кезекті оқу...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында адам саудасының алдын-алу бойынша іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, күн...

Next Post
Президент Жолдауына сәйкес, Шардарада ауыл шаруашылығы техникалары 35 пайызға жаңарған

Президент Жолдауына сәйкес, Шардарада ауыл шаруашылығы техникалары 35 пайызға жаңарған

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,599)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In