Заман ағымына қарай алаяқтықтыңда түрлері көбейіп кетті. Солардың бірі Қаржы пирамидалары. Бұндай алаяқтарға көбінесе тез әрі оңай байығысы келетін сонымен бірге сенгіш адамдар құрбан болады. Адамдардың осындай алаяқтардың құрлымына түсіп қалмау үшін Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ “Қаржы пирамидасы және алаяқтықтың алдын алу” тақырыбында аудан орталығында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты. Қаржы пирамидаларының белгілері, алаяқтық түрлері, сақтану жолдары және алаяқтық әшкере болған жағдайда қандай шара қолданылатыны жөнінде мағлұмат берілді.
Қаржылық пирамида дегенiмiз (кейде оны инвестициялық пирамида деп те атайды) – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебiнен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдiсi. Яғни, пирамиданың бiрiншi қатысушыларына табыс кейiнгi қатысушылардың салымы есебiнен төленедi. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды. Қаржы пирамидасының белгiлерi қандай? Пирамидадағылар жаңа қатысушы тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кiрiстiлiгiн, мансаптық сатыда жылдам көтерiлу туралы уәде бередi. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлi тренингтер жүргiзедi. Соңғы уақытта олар интернетте белсендi жұмыс iстеп жатыр. Өздерiнiң қаржылық пирамида екенiн бүркемелеудiң жаңа әдiстерiн де ойлап тапқан. Мысалы, олар өздерiн онлайн ойындар деп атайды, онда ағаш отырғызу және өсiру қажет немесе жануарларды сатып алу, оларды өсiру және кейiннен сату, өзара көмек кассасы, ақша тумбочкалары және тағы сол сияқты. Алайда, бiрiншi кезеңде нақты ақша сомасын салуды, ал, екiншi кезеңде жаңа қатысушыларды шақыруға құрылған әдiстердi ұсынады. Яғни, қаржылық пирамида жүйесiмен жұмыс iстейдi.
Қаржылық пирамидаға қарсы заң бар. 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметiне қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметiне басшылық жасаған адам қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 217-бабы бойынша мүлкi тәркiленiп, 3 жылдан 12 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, оның қызметiн жарнамалаған адамға әкiмшiлiк жаза да қарастырылған. Ол – жеке тұлғаға – 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 600 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi айыппұл. Қорытындылап айтқанда, халықтың мұндай пирамидаларға алданып қалуының басты себептерi қаржылық-кредиттiк заңнама саласындағы бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi, ақшаны ұстау мәдениетiнiң төмендiгi, сондай-ақ азаматтардың ақша жинауы және инвестициялауынан болып табылады. Айта кетейiк, бүгiнгi таңда қаржылық пирамидалар заңсыз деп танылып, дүние жүзiнiң 39 елiнде тыйым салынған. ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi халыққа абай болуды ескертедi.
Қаржы пирамидасы – бұл азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Таңғаларлық жайт, қаржы пирамидасына қосылу әдетте азаматтардың өз еркімен және құқықтық сүйемелдеусіз іске асады. Осылайша, ешкім салынған қаражаттың қайтарып берілуіне кепілдеме бермейді. Қаржы пирамидасын құру және оны басқаруға ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қаржы пирамидасының ең басты белгісі – уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс. Жоғары табысты қамтамасыз ету уәдесі тек бір рет ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары. Екінші белгісі: компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар тауарлық, несиелік, туристтік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшыларға барлық төлемдер жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді.Үшінші белгісі: мұндай жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған әрі ҚР заңнамасына сәйкес келмейді. Қаржы пирамидасы — бұл инвесторлар компанияның пайдасынан емес, жаңа инвесторлардың салымдарынан кіріс алатын схема. Пирамида қалай жұмыс істейтінін қарастрайық. Ең жоғарғы жағында — оның ұйымдастырушысы. Ол салымшыларды шақыртып, оларға жоғары табыс табатынына уәде береді. Қатысушылар пирамидаға салған ақша оның қалтасына түседі. Салымшылар басқа қатысушыларды шақырып, пирамида өседі. Жаңа инвесторлардың салымдары бір саты жоғары тұрған адамдар үшін табысқа айналады. Бірақ егер инвесторлар келуді тоқтатса, пирамида құлайды.
Қаржы пирамидаларының танымал болуының себебі неде? Бірнеше себеп бар: Біріншіден, олар тез және оңай ақша табуды ұсынады. Ұйымдастырушылар үлкен табыс аласыз деп айтады — бұл барлық инвесторларды қызықтырады. Екіншіден, көптеген адамдар қаржы пирамидасына қатысып жатқанын түсінбейді. Пирамидалар көбінесе инвестициялық компаниялар ретінде жұмыс жасайды, ал олардың қызметкерлері клиенттерді шатастыру үшін күрделі терминдерді қолданады.
Үшіншіден, бұл жақта психологиялық фактор да үлкен рөл атқарады. Адамдар сенгісі келетін нәрсеге сенеді. Әсіресе пирамидада адамдар табысқа тез шығуға болады деп сенеді. Мұндай схеманың табыс көзі ашық болатын нақты инвестицияға ешқандай қатысы жоқ. Мысалы, егер сіз ақшаны банкке пайызбен салсаңыз, қаржы ұйымы бұл ақшаны кіріс алу үшін пайдаланады: кредит береді, қор биржасынан бағалы қағаздарды сатып алады. Нәтижесінде бәрі пайда көреді: банк даму үшін ақша тартады, ал салымшы өз салымдарынан пайда алады. Пирамида тек оның мүшелерінің жарналарымен жұмыс істейді: мұндай компанияларда әдетте нақты бизнес немесе табыс әкелетін активтер болмайды. Сондықтан пирамиданы ұйымдастыру бұл заң бойынша қылмыс болып табылады және алаяқтыққа жатады.
«Рога и копыта» компаниясы барлық адамдарға белгілі бір инновациялық жобадан ақша табуды ұсынады және айына 100% жоғары табысты уәде етеді. Схема өте қарапайым: Компанияның негізін қалаушы үш инвесторды тартады. Әр инвестор 1 млн ₸ инвестиция салып, бір ай ішінде тағы үш қатысушыны әкелуге міндетті болады. Компания балансында 3 млн ₸ жиналды. Компанияға 9 жаңа мүше келді. Әрқайсысы 1 млн ₸ салды. Енді баланста 12 млн ₸ бар. Ұйымдастырушы алғашқы үш қатысушыға уәде етілген пайызбен салынған 2 млн ₸-ні қайтарады. Төлемдерден кейін компанияда 6 млн ₸ қалады. Бір айда екінші деңгейдегі 9 инвестор тағы 3 қатысушыны, яғни барлығы 27 адамды тартты. Олар да 1 млн ₸-ден салды.
Енді компания екінші деңгейдегі адамдарға уәде етілген пайыздар мен бастапқы жарнаны төлей алады: Баланста 15 млн ₸ қалады, оларды келесі салымшыларға төлеуге болады. Мұндай компания көбінесе жарнамалар мен таныстар арқылы жаңа салымшыларды шақырту схемасына сүйенеді: пайда тапқан инвесторлар достарына бір айда өз капиталын екі есеге арттырғанын айтады. Нәтижесінде «Рога и копыта» компаниясына көп адамдар ақша салады. Бір қарағанда, схема жұмыс істейтін сияқты болып көрінеді. Бірақ пирамида жаңа салымшылардан түсетін қаражат компанияның салымшыларға төлеуге тиісті ақша сомасынан бірнеше есе көп болған кезде ғана әрекет етеді. Жаңа салымшылардың жарналары пайыздарды төлеу шығындарынан кем болатын сәт келген кезде, пирамида құлап, адамдардың көбісі өз ақшаларын жоғалтады. Пирамида бәрібір құлдырайды, дегенмен кейбіреулер содан пайда табады. Бұл адамдардың қатарына: Ұйымдастырушылар, яғни пирамиданың басында тұратын, жаңа инвесторларды тартып, ақша қозғалысын бақылайтын адамдар не болса да пайда көреді. Пирамидаға ең басында қосылған қатысушылар табыс алып үлгереді. Пирамидаға оның дәл құлауына дейін кірген кейбір адамдар өз ақшасын шығарып алуға үлгереді. Табыс аламын деп ойламаңыздар. Пирамиданың құлдырау уақытын болжау мүмкін емес. Сондықтан олардан әрқашан аулақ болу қажет.
Қаржы пирамидаларының түрлері:
Біз – қаржы пирамидасының классикалық мысалын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде олардың түрлері көп. Мысалы: бір деңгейлі. Мұнда да салымшылар жаңа қатысушылардың жарналарынан пайда табады. Бірақ адамдарды ұйымдастырушының өзі іздейді. Сондықтан барлық қатысушылар тең болады. Көп деңгейлі. Мұндай компанияларда қатысушылардың өздері жаңа адамдарды өздерінің достары, туыстары, ата-аналары арасында іздеп алып келеді. Пирамидалардың бұл түрінде иерархия бар: әр қатысушы белгілі бір деңгейде болады және өзінен төмен орналасқан салымшылардың жарналарынан табыс алады. Деңгей неғұрлым жоғары болса, табыс соғұрлым көп болады. Матрицалық — бұл жаңа және ең күрделі схема. Мұнда матрицада қатысушылардың белгілі бір саны болуы тиіс. Әрбір қатысушы бастапқы жарна жасап, матрицаның толтырылуын күтеді. Матрица толтырылғаннан кейін барлық қатысушылар бонустар алып, келесі деңгейге өтеді. Көбінесе пирамидалар жоғары кірісті инвестициялық жоба болып көрінеді. Олар бағалы қағаздарды сатып алуды, криптовалютаға, жылжымайтын мүлікке немесе жоғары кірісті бизнеске инвестиция салуды ұсынады. Бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді.Танымал қаржы пирамидалары: Қаржы пирамидаларының басшылары өте алғыр болып келеді. Олардың кейбіреулерін атап өтейік. Чарльз Понци — бірінші пирамиданың негізін қалаушы. 20 ғасырдың басында ол инвесторларға 45 күн ішінде 50% табыс әкелемін деп уәде беріп, пошта купондарын айырбастау компаниясын бастады. Бірақ іс жүзінде ол алғашқы қатысушыларға табыс төлеу үшін жаңа қатысушыларды іздеумен айналысты. Нәтижесінде пирамида құлап, ол сотталып, түрмеге түсті.
Бернард Мэдофф — әйгілі американдық қаржыгер, өзінің инвестициялық компаниясын 1960 жылы бастады. Уақыт өте келе ол Уолл-стриттегі ең құрметті адамдардың біріне айналды. Мэдофф клиенттерге тұрақты әрі жоғары кірістер ұсынып, оған мыңдаған инвесторлар, соның ішінде қайырымдылық қорлары, корпорациялар және атақты адамдар жүгінген болатын. Ал, ол болса, Понци схемасын қолданып, басқа инвесторлар салған ақшадан дивидендтерді төлеп отырған. 2008 жылы пирамида құлап, Мэдофф 150 жылға бас бостандығынан айырылды. «МММ» — 1994 жылы Сергей Мавроди негізін қалаған Ресей мен ТМД елдеріндегі ең танымал қаржы пирамидасы. Компания ай сайынғы кіріс 1000% болады деп жаңа салымшыларды шақырды.
Қаржы пирамидасы – бұл азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Таңғаларлық жайт, қаржы пирамидасына қосылу әдетте азаматтардың өз еркімен және құқықтық сүйемелдеусіз іске асады. Осылайша, ешкім салынған қаражаттың қайтарып берілуіне кепілдеме бермейді. Қаржы пирамидасын құру және оны басқаруға ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қаржы пирамидасының ең басты белгісі – уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс. Жоғары табысты қамтамасыз ету уәдесі тек бір рет ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары.Екінші белгісі: компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар тауарлық, несиелік, туристтік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшыларға барлық төлемдер жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді.
Үшінші белгісі: мұндай жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған әрі ҚР заңнамасына сәйкес келмейді. Қаржы пирамидасының белгiлерi қандай? Пирамидадағылар жаңа қатысушы тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кiрiстiлiгiн, мансаптық сатыда жылдам көтерiлу туралы уәде бередi. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлi тренингтер жүргiзедi. Соңғы уақытта олар интернетте белсендi жұмыс iстеп жатыр. Өздерiнiң қаржылық пирамида екенiн бүркемелеудiң жаңа әдiстерiн де ойлап тапқан. Мысалы, олар өздерiн онлайн ойындар деп атайды, онда ағаш отырғызу және өсiру қажет немесе жануарларды сатып алу, оларды өсiру және кейiннен сату, өзара көмек кассасы, ақша тумбочкалары және тағы сол сияқты. Алайда, бiрiншi кезеңде нақты ақша сомасын салуды, ал, екiншi кезеңде жаңа қатысушыларды шақыруға құрылған әдiстердi ұсынады. Яғни, қаржылық пирамида жүйесiмен жұмыс iстейдi.
Қаржы пирамидаларының классикалық схемалары
Қазіргі уақыттағы қаржы пирамидалары (инвестициялық пирамидалар) қатысушылардың табыс табуының жалғыз әдісін пайдаланып келеді, ол – пирамиданың жаңа мүшелерінің ақшалай қаражатын тарту. Табысқа қол жеткізудің мұндай қағидаты қаржы пирамидасы мен нақты қаржы жобасының арасындағы түбегейлі ерекшелікті көрсетеді. Пирамиданың алғашқы қатысушыларына дивидендтер кейінгі қатысушылардың салымдары есебінен төленеді. Әдетте барынша сендіру үшін пирамидалар жалған құжаттарды, күмәнді цифрлық есептер, диаграммалар мен схемаларды пайдаланады, сондай-ақ алдау немесе қомақты табыс табатыны туралы уәде беру арқылы жарнама ретінде қоғамда белгілі адамды тартады.
Қазіргі уақытта алаяқтар мен қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың жетік білімі бар, олар ІТ-технологиялар бойынша білікті мамандар, адамдардың эмоцияларымен айла-шарғы жасай алатын жақсы психологтар мен сөзге шешен адамдар болып табылады. Бүгінгі күні қаржы пирамидаларын құруда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады. Бірақ аталған компаниялардың қызметін желілік маркетингпен шатастырмау керек. Желілік маркетингте де тартылған адамдар үшін белгілі бір пайыздар төлейді, бірақ оның негізінде өнім болады, соны сатқаны үшін дистрибьютерлік желінің қатысушылары нақты табыс табады, ал қаржы пирамидасының негізін салымшылардың ақшасы құрайды.
Қазақстандағы қаржы пирамидаларының кеңінен тараған схемалары
Букмекерлік кеңселер арқылы қойылатын ставкалар: бұл белгілі бір оқиғалардың, көбінесе спорттық ойындардың нәтижелеріне, оның ішінде онлайн режимінде қойылатын ставкаларды қабылдайтын ұйымдар. Олар ойындардың аяқталу ықтималдығын бағалайды және әрбір ықтимал нәтижеге өз коэффициенттерін қояды. Бұл ұйымдардың қызметі «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңымен реттеледі. Заманауи қаржы пирамидалары букмекерлік кеңселердің атын бүркемеленулері мүмкін, олар клиенттерді «міндетті түрде» жеңіске жеткізетін ставкалар қоюға шақырады. Егер ресми букмекерде өз қызметін жүзеге асыруға үнемі лицензиясы болып, ставкаларды жүзеге асыру кезінде ставкаларды растау туралы кассалық немесе электрондық чек және купон беретін болса, алаяқ ұйымдардың ресми лицензиясы болмайды және олар көп жағдайда мессенджерлер арқылы «жалған» чектер жібереді.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сонымен қатар әртүрлі «серіктестік бағдарламаларды» пайдаланады, олар бағдарламаға қатысушыларға спорттық іс-шаралардың нәтижелерінен емес, нақты сіз ертіп әкеліп, ставка жасаған адамдардың санына байланысты жоғары кіріс көзін ұсынады. Мәселен, сіз белгілі бір соманы салуыңыз және олар үшін белгілі бір дивидендтер алатын кем дегенде екі белсенді клиентті қосымша тартуыңыз қажет. Нәтижесінде пирамида жаңа «инвесторлардың» ақшасы есебінен белсенді дами түседі.
Инвестициялар және күмәнді жобалар: бұл 2024 жылдағы пирамиданың өзекті түрі. Оның схемасы мынадай – Желіде олар сізге жоғары кірісті онлайн-жобаға инвестиция салуды ұсынады. Оның жай схемадан айырмашылығы – сізге жаңа қатысушыларды тарту міндет емес. Сізге тек белгілі бір соманы салуды сұрайды және жоба іске қосылғаннан кейін аса жоғары кіріске кенелуге уәде береді. Алайда, мұндай пирамиданы ұйымдастырушылар қомақты сома жинағаннан кейін жобаларын жабады да жоғалып кетеді. Біраз уақыт өткеннен кейін көпшілікке жаңа жобаны жарнамалауды бастайды және аталған схема қайталана береді.
Қаржы пирамидалары жұмыс істеуінің бес сатысы
I-кезең – пайда болу (құру) сатысы. Мынадай белгілерін атап өтеміз: жоғары кірістілікке және салынған қаражаттың жылдам қайтуына (бірнеше айда), ең төмен тәуекелдерді жария етуге уәде бере отырып, қатысушыларды белсенді түрде тарту. Мұндай схемаларда пирамидаға кіру үшін ашық немесе жасырын нысандағы ақы төлеу және нарықтық деңгейден жоғары кепілдік берілген төлемдерге уәде бере отырып белсенді жарнамалық науқан жүргізу. Компания ресми түрде тіркелмеген және қызметі нақты айқындалмаған. Ақша төлемдерін қабылдау қаржылық іздің тіркелуінсіз жүзеге асырылады, қасақана мақсаттармен қаржылық тізбектің үзілуі орын алады, қаржылай қаражатты алушы шарт жасалған адамнан өзгеше болады;
нақтылайтын және растайтын ақпаратсыз жобаның бірегейлігі туралы мәлімдеу; түрлі инвесторларды жаппай тарту; «фьючерстер», «P2P», «трейдинг», «опциондар» сияқты арнайы қаржылық терминологияны түсініктеме бермей және қажеттіліксіз пайдалану, оны кәсіби емес инвесторлар түсіне алмайды және түсінгісі де келмейді; желілік маркетинг қағидаттарын пайдалана отырып схемалар құру; инвестицияларды сақтандыру туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдеме; компанияда қолжетімді офистің, жарғының, құрылтай құжаттарының, компания сайтының болмауы, шетелдік юрисдикциядағы хостингте сайтты орналастыру.
II-кезең – өркендеу сатысы. Пирамида үшін мыналар тән:
түрлі бонустық бағдарламалар мен корпоративтік іс-шаралар арқылы ойластырылған және негізді болып көрінетін қызмет негізінде жаңа қатысушыларды барынша көп және жылдам тарту. Оған заңды бизнесте де пайдаланылатын желілік маркетинг тәсілдері ықпал етеді. қатысушыларға пайыздық төлемдер жаңа салымшылардың ақшасы есебінен жүзеге асырылады және ол сату көлеміне немесе кәсіпкерліктің өзге де нәтижелеріне байланысты емес. Акциялардың өзіндік баға белгілеуі (акциялардың бағасын ұйым нарықтық құнға байланыстырмай белгілейді) және сату мен сатып алуға тұрақты өсіп отыратын екі жақты баға белгілеу;
салымшылар қаражатының қамтамасыз етілмеуі және қайтаруға кепілдік беру сенімін еш жерде тіркелмеген құжатпен қалыптастыру. Шарт көбінесе болмайды немесе азаматтық құқық нормала бұзылады, ақша қаражаты түбіртектерсіз немесе басқа растайтын құжаттарсыз қабылданады; салымшылардың ақшалай қаражаты инвестицияланған жобалар туралы ақпараттың болмауы.
III кезең – маңызды кезең. Мұнда:
ақша қаражатын қайтармау тәуекелін арттыру. Уәде берілмеген кірістерді төлеу мүмкіндігі төмендейді, ал қаржылық міндеттемелер арта түседі, салымшыларда тәуекелді күту арта түседі. Ұйымдастырушылар тәуекелдер мен жағымсыз жаңалықтарды елемейді немесе оларды жақсы деп қабылдайды, қауіпті сигналдарды елемейді, төленген кірістерді қайта инвестициялауды ұсынады; әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, сайттардағы жеке кабинеттерде технологияларды пайдалана отырып, қаржы компаниясының қызметін белсенді жарнамалау, оқыту семинарларын өткізу; компанияның қаржылық жағдайы түсініксіз (сайтта құжаттар жоқ, инвесторлар үшін ақпаратты ашатын бөлім жоқ). Бұл белгілер қаржы пирамидасының болуы мүмкін екенін көрсетуі мүмкін, бірақ қызмет тарихы жоқ көптеген жаңа ұйымдар ұқсас жағдайда болуы мүмкін.
IV кезең – қаржы пирамидасын бұзу.
жағымсыз ақпарат түсуінің өсуі және салымшылар арасында дүрбелеңнің туындауы, салынған қаражатты қайтаруға жаппай талап қою, ұйымның банкроттығы. Бұл күйзеліс жағдайындағы кез келген қаржы ұйымына тән;
меншікті активтері, компаниядан және қашып кеткен ұйымдастырушылардан ресми ақпарат болмаған жағдайда, салынған қаражаттың кем дегенде бір бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік болмайды, қылмыстық істер мен сот талаптары қозғалады;
V кезең – қаржы пирамидасының жандануы (ребрендингі). салымшылардың бұрынғы ортақтығын, бұрынғы аңызды қолдану; пирамиданы жандандыру, жаңа салымды көбейте түсу және салынған қаражатты қайтару үмітін ынталандыру; бұрынғы міндеттемелерді қабылдау.
Аталған белгілердің кәсіпкерлік қызмет үшін де тән болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты қаржы пирамидасының барлық белгілері негізгі және қосымша болып жіктеледі. Негізгі белгілері ретінде қаржы пирамидасын айқындайтын маңызды сипаттарды түсінеміз, оларсыз схеманы осы ұйым түріне жатқызу күмән тудырады. Қосымша белгілері ретінде қаржы пирамидасына және кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде қаржы нарығында тән болатын сипаттарды түсінеміз. Бұл сипаттары қаржы пирамидасының белгілерінің бар екендігі туралы белгі беруі мүмкін, бірақ бір жақты қаржы пирамидасы ретінде түсіндіріле алмайды.
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлікті тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ белгілі бір лауазымдар бойынша қызмет ету немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз. Сізді қаржы пирамидасына тартқан жағдайда, абай болыңыз. Оны мына белгілері арқылы танып-білуге болады
Кіріс жарнасын енгізуді ұсынады; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген халықтың ақшалай салымдарын тартуға арналған лицензия немесе бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болмайды. Пирамидалардан сақтанайық