Өмірдің мәні – cалауатты өмір сүру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» керек дегендей, қоғамның және жеке тұлғаның денсаулығы дұрыс сақталуы ісәрекеттердің эстетикалық, адамгершілік, өз еркін тәрбиелеуі, нәпсісін тыюы сияқты құндылықтарды жас ұрпақтың бойында қалыптастыру мен денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен нығаюына бағытталған бағдарламаларды насихаттауда “Жастар ресурстық орталығы” мамандары ат салысты. Аудан тұрғындары мен қонақтарына жаман әдеттерге тәуелділік жайында, энергетикалық сусындардың зияны туралы жазылған ақпараттық брошюралар таратылды, Энергетикалық сусындарды белгіленген мөлшерлемеге сай тұтыну қатаң талап етіледі. Максималды мөлшер – күніне 2 құты. Одан асыру – қан қысымының немесе қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл улағыш сұйықтықты жасөспірімдер көп ішсе, олар түрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке ұласады. Адам денсаулығының 53%ы өзінің өмір сүру салтына байланысты болса, денсаулыққа дұрыс қарау – әр адамның міндеті екенін естен шығармауымыз керек! Адам денсаулығы жақсы болғанда ғана бақытты.
Мемлекетшілдік деген не? Мемлекетшіл азамат қандай болуы керек? Бұл сауалдарға жауап табу оңай емес. Тіпті, бұл сауалға жауап беретін азаматтардың ойпікірлері де бір арнаға тоғыспайтыны анық. Біреу мемлекетшілдікті ұлттық идеологиямен, ұлттық тарихпен, ұлттық санасезіммен, ұлттық патриотизммен байланыстырады. Тағы бір топ бар. Олардың ойынша, мемлекетшілдік билікті қолдаумен өлшенеді. Асылында, бірінші топтың түсінігі ойға қонымды, санаға сіңімді. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев өткен жылы қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Маңғыстау өңіріне барды. Сонда мынадай бір ойымен бөліскені есте. «Мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығы – елімізді өркендетудің басты кепілі. Онсыз тұрақтылық та, даму да болмайды». Дәстүр сабақтастығын жоғалтпай, жас ұрпақта мемлекетшілдік сананы қалыптастыра алсақ, ұтқанымыз. Ал ұлттық болмысымыздан жаңылып, аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы сабақтастықты әлсіретсек, жастардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін түсіну қабілетін төмендетіп, бүгінге дейін сақталған ұлттық құндылықтарымызды жоғалтсақ, ұтылғанымыз. Мемлекетшілдік – ұлттық мүддені қорғау, өз халқыңның, еліңнің келешегін ойлау, яғни ұлттық мемлекет құру және оны мәңгі сақтап қалуға тырысу. Мұндай қадамға қандай азаматтар барады? Қолында билігі бар кез келген «лауазым иесіне» қолдау көрсетіп, биліктің жұмысын ешнәрсеге қарамастан көз жұма қолдайтын «мемлекетшіл» топ өкілдері ме? Әлде халықты бірлікке, ынтымаққа шақырып, әділеттілік жолында аянбай тер төгетін, ел алдындағы, жұрт алдындағы, мемлекет алдындағы борышын кіршіксіз ақ ниетпен өтеуге әзір өз халқын, өз ұлтын риясыз сүйетін, қадір тұтатын азаматтар ма? Бабалардан қалған ұлттық мұрамызды ұлықтап, жеріміз бен байлығымызды келер ұрпаққа дұрыс дәріптеу – бүгінгі буынның мемлекет алдындағы азаматтық борышы. Бұл борышты адал орындау үшін мемлекетшілдік деген түсінікті қазақтың келешегін, ұлттық болмысын шын бағалаумен байланыстыру қажет секілді. Сол кезде ғана шынайы мемлекетшілдік идеяға бет бұруға мүмкіндік туады. Ал мемлекеттің негізгі тірегі қай кезеңде де, қай ғасырда да, қай дәуірде де ұлттық мүдде болуы тиіс. Бүгінгі қоғамда мемлекетшілдік ұғымына қатысты мынадай бір қалыптасқан пікір бар. Биліктің кез келген бағытын қолдап, қарапайым халықтың ойпікірін кейінге ысырып қоятын шенеуніктерді мемлекетшіл деп бағалап жатады. Неге? Өйткені мемлекетшілдік туралы ой толғағанда ең алдымен мемлекеттік қызметтегі азаматтар еске түседі. Рас, мемлекетшілдіктің бірденбір үлгісі солар болуы тиіс. Алайда қазына қаржысын жымқырып, одан қала берді ысырапшылдыққа жол беріп жүрген мемлекеттік қызметкерлерді мемлекетшіл деуге ауыз бармайды. Бүгінде әр ел азаматының бойында мемлекетшілдік сананы қалыптастыру аса маңызды. Бірақ бір нәрсені терең түсініп алғанымыз абзал. Біз ежелден мемлекеттігіміз қалыптасқан елміз. Біздің бүгінгі міндет – идеологиялық тұрғыдан мемлекетшілдік сананы қалыптастыру. Ал мемлекетшілдік сана – идеологияның қайнар көзі. Соны сіңіріп, бойына дарыта білгендерді мемлекетшіл азамат деп айтуға болады. Мемлекетшіл болу үшін ең алдымен ұлтшыл болу керек. Бір айта кететін нәрсе, мемлекетшілдік сананы қалыптастыруды бала кезден бастаған абзал. Мемлекеттің ертеңгі тұлғасы мектептен қалыптасады. Демек, бұл ретте мектеп мұғалімінің жауапкершілігі артады. Яғни, балада мемлекетшілдік сана қалыптассын десек, ұстаз мемлекетшіл болуы тиіс. Одан әрірек барғанда, атаананың әр ісінен мемлекетшілдік әрекет көрініс таппаса, оны бала бойына сіңіру мүмкін емес. Заң ғылымдарының кандидаты Шыңғыс Ергөбектің «Қазақтың ұлы данасы Абайдың өзі – мемлекетшіл, ұлтшыл тұлға. Неліктен? Өйткені қазақтың қамын ойлап, ұлтты модернизациялау керектігін уақытында түсінген адам. Бірақ Абайдың пікірлерінің көбі өз кезіндегі саяси биліктің жүзеге асырып отырған саясатына қарсы болды емес пе? Яғни, саяси сын мемлекетшіл адамдардың бойынан шығады. Себебі мемлекетшіл адам өз елінің болашағына немқұрайлы қарай алмайды» деп жазғаны бар еді. Расында да, мемлекетшіл адам ұлтының, туған халқының барына сүйсініп, жоғына күйінетін азамат болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда өзін «мемлекетшілмін» деу артық.
Мемлекетті сүю үшін ең бірінші өзінің ана тілін сүюі керек. Өзінің халқын сүюі керек. Еткен еңбегінің бәрі мемлекеттің болашағына бағытталуы тиіс. Жалпы алғанда, мемлекетшілдік мемлекеттің мүддесін қорғаумен сипатталады. Өз жеке басыңның күйін күйттеу емес, елдің, мемлекеттің жағдайын ойлау. Қай кезде болмасын сол мемлекеттің мүддесін қорғауды ойлап тұруы қажет. Сонда ғана азаматтардың мемлекетшілдігін бағалай аламыз. Түптеп келгенде, мемлекетшілдік дегеніміз ұлттық идеямен қабысып жатыр. Онсыз ешқандай азамат мемлекетшіл бола алмайды. Ата-бабадан қалған мұраның қадіріне жетпеген азамат мемлекеттің мүддесін қайдан ойласын?! Сондықтан мемлекетшіл азамат ең алдымен, ұлттық құндылықтарды бағалауы қажет. Ал ұлттық құндылықтардың негізі отаншылдықта. Ұлтын сүйген, халқын сүйген, тілін сүйген азамат мемлекеттің дамуы жолында да қалтқысыз қызмет атқарады.
Адам мемлекетшіл болуы үшін сол елдің жерін, елін, топырағын, халқын сүйе білуі керек. Сол сүйіспеншілік болса, ол адам өзінің мемлекетін сүйеді де, «осы ел – менің елім, менің жерім, менің мемлекетім» деп қабылдайды. Өз жеке басының мүддесін жоғары қоймай, қоғамның мүддесін жоғары қойған адамды мемлекетшіл деп санаймын. Оның барлығы немен келеді? Адам бойында қалай қалыптасады? Алдымен ол өзіңнің отбасыңдағы тәрбиеден бастау алады. Оның бәрі ана сүті арқылы бойыңа дарып, тәрбие арқылы қалыптасады. Егер қазақтың тілін, әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрін білмесе, оның қазақ мемлекетіне қандай сүйіспеншілігі болады? Мұндай азаматтар ешқашан да мемлекетшіл бола алмайды. Мемлекетшіл болу үшін осы елдің, мемлекеттің, топырақтың иесі де, киесі де қазақ болғандықтан, қазақтың тілін, әдетін, ғұрпын, салтын біліп, қазақи рухта, қазақи мінезде, қазақи кісілікте болу керек. Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп айтып кеткен. Олай болса, мемлекетшіл азамат қазақи болмыста болуы тиіс. Тілді білген адам ғана ұлттың жанын түсінеді, ұғады. Мемлекетшіл адам жауапкершілікті ерекше сезіне білуі керек. Мына қоғамның барлық жауапкершілігі менде деген сезім болуы керек. Көз тоймаушылық, жемқорлық қоғамды бүлдіреді. Біздің елдегі қазіргі ең қиын жағдай – жемқорлықтың жайлап кеткендігі. Мұндай қадамға барып, мемлекеттің қазынасын, халықтың қаржысын жымқырып жүргендерде мемлекетшілдік рух қайдан болсын?! Әрине, қазақ елі көштен қалсын демеймін. Бірақ өзіміздің ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан ұлттық болмысымызды жоғалтпауымыз керек.
Мемлекет пен азамат арасында екі түрлі міндет пен борыш болады. Ол – әлеуметтік, саяси, экономикалық, жеке бастық міндеттер. Яғни, мемлекет қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге азаматтың да мемлекет алдындағы өз борышы бар. Ол – мемлекетті қорғау, заңдарды бұзбау. Мемлекет рухани құндылықтардың сақтаушысы да болуы тиіс. Идеологиялық құрылымдар (газет-журнал, теледидар) арқылы жұртшылықтың отаншылдық рухын белгілі бір деңгейде сақтап тұрады. Қазақта мемлекетшілдік идеясы ертеден болған. Қазақстан жерінде бірнеше мемлекеттік құрылымдар болған. Бірақ олар өлкелік, тайпалық болған. Ал енді ХV ғасырда Керей мен Жәнібек хандар тұсында нағыз ұлттық сипаттағы мемлекетке айналды. Ал КСРО-да сен мемлекетшіл ұлтсың. Яғни, КСРО-ға шабуыл жасалса, сен жаныңды беруің керек. Ал қазір біздің мемлекетіміз өзімізді қорғайды, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтайды. Тиісінше азаматтарымыз да мемлекеттің мүддесін ойлап, елдің ілгері басуына біріге атсалысу керек деп ойлаймыз